Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет42/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

5. Болжалдық сан есімдер.
Қазақ тіліндегі болжалдық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылысытардың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап, шашамен ғана көрсетеді. Мысалы: Алты совхозға келетін трактордың саны үш жүздей (С.М.). Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М.Ә.).
Болжалдық сан есімдер морфологиялық және синтаксистік тәсіл арқылы жасалады.
1. Морфологиялық тәсілмен жасалуына мынадай жұрнақтар қатысады:
а). –дай//дей, -тай//тей. Іште қырық-елудей кітап, ішегі жоқ бір домбыра жатыр (Ғ.С.). Жыирма жылда институтқа жеті мыңдай адам бітіреді (С.М.). –дай//дей қосымшасы кейде сан есімдерге тікелей жалғанбай, тіркесе қолданылатын сөздерге жалғанады да, болжалдық ұғым тудырады. Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз (С.М.).
ә). –ер. Қазіргі қазақ тілінде тек бірір деген бір сөзде ғана сақталып қалған көне форма.
б). –даған//деген, -таған//теген жұрнағы. Ондаған, жүздеген, мыңдаған, миллиондаған т.б.
в). Есептік сан есімге әуелі көптік жалғауы, сонан кейін септік жалғауы немесе шамасы сөзінің тіркесуі арқылы болжалдық сан есім жасалады. Мысалы: Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалыпты (Ы.А.). Төрттер шамасы т.б.
2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер.
а) Есептік сандардың қосарланып қолданылуы арқылы пайда болады. Мысалы: екі-үш күн, он-он бес шақырым, жиырма бес- отыз пайыз.
ә) Сан есімдер мен астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты, шамалы, таман, жақын, шамасында сияқты сөздердің тіркесіп айтылуы арқылы да болжалдық сан есімдер жасалады. Ондай тіркестегі сан есімдер соңғы сөздердің мағыналық сипаттарына қарай әр түрлі септік жалғау формаларын да қабылдайды. Мәселен, жиырмадан астам жылқы, отызға жуық жаңа ән, қырыққа таяу адам, жүз қаралы жылқы т.б.
6. Бөлшектік сан есімдер.
Бөлшектік сан есімдер- таза матиматикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сындық бөлшегін білдіреді. Қамыстың үштен екісі Қазақстанда. Халықтың төрттен бірі т.б.
Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің тіркесе айтылуы арқылы жасалады. Ондай тіркесетіг қосылып айтылатын грамматикалық қосымшалар үш түрлі:
1. Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы сөздердің бірінші сыңары ілік септік тұлғасында, екінші сыңары (компоненті) тәуелдік жалғаулы болып келеді. Үштің бірі, төрттің екісі, онның үші, жиырманың алтысы. Шекарадан төрттың бірі ғана өтті (З.Ш.).
2. Біріншісі- шығыс септік, екіншісі тәуелдік жалғау. Жиырмадан жетісі, екіден бірі, жүзден бірі, төрттен бірі. Еділ өзенінің бойында Совет Одағы халықтарының төрттен бірі тұрады (Хакімжанов).
3. Біріншісі шығыс септік, екіншісі атау түрінде қолданылады. Бірақ ондайда «бөлігі» сөзін қосып айту қажет болады. Екіден бір бөлігі, оннан үш бөлігі т.б.
Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік зат есімдерге жарым, жарты, ширек сияқты бөлшектік ұғымдарды білдіретін сөздер тіркестіріліп айтылады. Егістік жердің жартысы, төрт жарым, жарты сағат, ширек сан т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет