Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Зат есім түбірлерінің құрамы (құрылысы)



бет27/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Зат есім түбірлерінің құрамы (құрылысы)
Құрылымы жағынан зат есімдер жалаң (дара) да, күрделі де болып келеді. Жалаң зат есімдер түбір зат есімдер және туынды зат есімдер болып екіге бөлінеді.
Түбір зат есімдер деп тиісті түбір мен жұрнаққа (морфемаларға) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір сөз (морфема) ретінде қолданылатын заттық атауларды айтамыз. Мысалы: бас, ат, от, іс, құлақ.
Туынды зат есімдер деп түбір мен жұрнаққа бөлшектенетін яғни түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Мысалы: басшы, атшы, оттық, іскер, құлақшын т.б.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да көп түбір морфемалардан құралған зат есімдер қазақ тілінде төрт түрлі: 1. Біріккен зат есімдер: итқонақ, кәріқыз, сарысу, Жетісай, Түлкібас, Шымкент.
2. Қосарланған зат есімдер: ыдыс-аяқ, үрім-бұтақ, ілік-шатыс, дәм-тұз, түр-түсі, тамыр-таныс, жүн-жұрқа, қыл-қыбыр т.б.
3. Тіркескен (құрама) зат есімдер: Тұтас алғанда мұндай зат есімдер жеке сөздер тәрізді белгілі бір ғана мағынаның көрсеткіші ретінде айтылады: аяқ киім, тау теке, ақ тікен, күн тәртібі, ауыл шаруашылығы.
4. Қысқарған зат есімдер: ҚазПИ, ҚазТАГ, партком, пединститут, комсорг, см, м, га, т, кв т.б.
Зат есімдердің жасалу жолдары
Басқа сөз таптары сияқты зат есімдерде тілімізде сөз тудыру тәсілдерінің жәрдемі арқылы жасалады. Олар: 1. Лексикалық тәсіл (сөз байыту) арқылы жасалған зат есімдерге өзге тілден енген сөздерді (зат есімдерді) қоспағанда байырғы немесе бастапқы (өнім, құн, мүше, қысым, айналым, күрес т.б.) мағынасы кеңею, не тарылуы арқылы, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге, бұрын айтылғандай, түбір сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқарылып құрылуы арқылы, лексикалану негізін де академияның «Қазақ тілінің грамматикасы», (І-бөлім, морфология, 1967, 48-бет) атты кітапта (еңбекте) зат есімдердің қысқартылып жасалуын синтаксистік тәсілге жатқызбайды, пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
3. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен және басқа сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы жасалған туынды зат есімдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет