Математика пән мұғалімі Аширова К.А
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығартып. Теңдеуді теңбе - тең түрлендіріп, ықшамдай білуге үйрету
Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу. Тақырып бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге үйрету.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады
1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар «Қыз қуу»)
2. Алгоритмдік деңгей (Есептер «Теңге ілу»)
3. Эвристикалық деңгей (Ойын Көкпар. Қол күрес.)
4. Шығармашылық деңгей ( Бәйге)
5. Сергіту сәті 6.Қорытынды, сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім
Сабақтың түрін таңдау үшін сөзжұмбақ шешіп «Қайталау» сөзін шығару.
|
1.Қ
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
А
|
|
|
|
|
|
3.
|
Й
|
|
|
|
|
|
4.Т
|
|
|
|
5.
|
А
|
|
|
|
6.
|
|
|
Л
|
|
|
|
7.
|
|
А
|
|
|
8.
|
|
|
У
|
| Сұрақтар:
-
Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасындағы өлшем. (қарыс)
-
Нәрселерді санау үшін қолданылатын сан. (натурал)
-
Қазіргі кезде жаңа сипат алып, теледидардан көріп жүрген ауыз әдебиетінің түрі. (айтыс)
-
Оқушылардың білімін тексеру түрі. (тест)
-
Ешкі төлі. (лақ)
-
Бір жағы шектелген түзудің бөлігі. (сәуле)
-
Ең сүйікті жан. (ана) 8. Арифметикалық амал. (қосу) Сонымен бүгінгі сабағымыздың түрі бекіту, қайталау сабағы.
І саты «Міндетті оқушылық» саты (Ауызша сұрақтар) «Қыз қуу»
1.Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айтамыз?
2. Қандай теңдеулер міндес теңдеулер деп аталады?
3.Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4.Егер а=0, бір айнымалыс бар теңдеудің түбірі қалай болады?
ІІ саты «Алгоритмдік саты» «Теңге ілу»
«А» -тобы 1. 3,4x – 4 = 4,8 – x
«В» -тобы 8у – 3(2у -3)=7у -2(5у =8)
«С» -тобы 123456789 =100 сандарының ортасына арифметикалық таңба қойып, жұз санын шығарыңдар (123-45 -67+89=100)
ІІІ саты Көкпар. Бұл сайыста әр топ сөзжұмбақ шешеді.
IV. Қол күрес.
V. Бәйге Топ басшыларына теңдеуді шешуге есептер беріледі
VI. Сергіту сәті
-
Бір –бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім біледі (8)
2. Тоғызтораудағы кездесу. Талас өзенінің төменгі бойындағы көк майсалы жерге түс - түстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың торабы «Тоғызторау» деп аталады. Әйтеуіру бір жылдары сондағы құдық басына тоғыз аңшы келіпі бір - бірімен түгел қол берісіп амандасып шығады. «Бәріміз қанша рет қол алыстық?» - дейді сондағы жолаушылардың бірі. (36)
VIІ. Сабақты бекіту
Ойнайық та, ойлайық Қандай сұрақ болса да Болса да шешпей оны қоймайық деп: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қалай шешеміз ?
VIІ. Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді
Үйге: №841, №853 есептерді шығару
Достарыңызбен бөлісу: |