Сабақтың тақырыбы: Біз қандай халықпыз? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/3
Дата06.03.2024
өлшемі111.55 Kb.
#494523
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Қазақ тілі

1-бөлім: Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Нұрсапанов Ерасыл

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Біз қандай халықпыз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жасады



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесемін, түгендеймін. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтыртамын.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.



Мұғаліммен амандасып, жағымды тілектер білдіреді.






Тоқыма жіп



Сабақтың ортасы
26 мин

1-тапсырма
Топтық жұмыс
1-топ:
1.Мәтінді түсініп оқыңыз. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық түрін анықтаңыз.
2-топ:
2.Қазақ халқына тән ерекшеліктерді тауып, диаграммаға жаз.
3-топ:
«Попкорн» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер.
3.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қазақтар қалай өмір сүрген?
2) Қалай ойлайсың, қазақтың жаны, рухы, мінезі қандай?
3) «Бүкіл жер шарына тарыдай шашылып кеткен ұлт» дегенде, автор нені меңзеп тұр?
4) «Өз тағдырына сын көзбен қарау» дегенді қалай түсінесің? Ол не үшін керек?



Мәтінді түсініп оқиды. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық түрін анықтайды.

Қазақ халқына тән ерекшелік


терді тауып, диаграммаға жазады.

«Попкорн» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.





Дескриптор


- мақаланың құрылымын анықтайды,
3балл
-рәсімделуін анықтайды,
2 балл
-жанрын ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет