5-алгебра
Сабақтың тақырыбы: §7.6.Бұрыштардың түрлері.Үшбұрышты сызғыш.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бұрыштың түрлері мен үшбұрышты сызғыш.туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Тік бұрышты ,сүйір бұрышты,доғал бұрышты сала және оларды есептей білуге тәрбиелеу.
3.Тәрбиелік: Анықтамалар мен транспортирді қолданып есептер шығара білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үшбұрышты сызғыш
Е-кітапхана №
Оқытудың әдісі: Түсіндіру,практикалық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
г) үй-жұмысын тексеру. §7.5.Бұрыш.Бұрыштың градустық өлшемі.Транспортир.№1393 №1395
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тік бұрыштың градустық өлшемі 900-қа тең.
-
Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады.
-
Тік бұрыштан үлкен , бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады.
-
Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі 1800-қа тең.
-
Толық бұрыштың градустық өлшемі 3600 – қа тең.
ІІІ.Есептер шығару
Сабақты бекіту кезеңі:
-
Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
-
Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?
-
Қандай бұрышты доғал бұрыш деп атаймыз?
-
Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
Бағалау.Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: §7.6.Бұрыштардың түрлері.Үшбұрышты сызғыш.№1398-2 №1400-2 №1404-2 №1406-2
Достарыңызбен бөлісу: |