Пән атауы: математика
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш.Ең кіші ортақ еселік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ең үлкен ортақ бөлгіш туралы , өзара жай сандар туралы алған білімдерін пысықтау. Ең кіші ортақ еселігін таба білуі, берілген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып , олардың ең үлкен ортақ бөлгішін, ең кіші ортақ еселігін таба білу білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.Патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: жарыс ойын түрде есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу , түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.Құралдарын түгендеу. Сыныптың әзірлігін байқау.
2.Үй жұмысын тексеру
1.Қандай сан берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішідеп аталады.
2.Өзара жай сандар деп қандай сандарды атайды? Мысал келтіріңдер.
3.Екі санның ең үлкен ортақ бөлгіші қалай табылады?
4.Берілген сандар олардың ішіндегі ең кішісіне бөлінетін болса, олардың ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?
5.Қандай сан берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі деп аталады?
3.ЕҮОБ және ЕКОЕ («Математикалық кеме» ойыны)
Ойынның жүру барысы
1.Кім жүйрік (Деңгейлік есептер)
Оқулықпен жұмыс
№335 А
№334 В
ЕҮОБ(48, 28)-?
ЕҮОБ(42, 72)-?
ЕҮОБ(36, 63)-?
№336 В
ЕҮОБ(12, 15)-?
ЕҮОБ(60, 75)-?
ЕҮОБ(78, 117)-?
№337 В
Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың ЕКОЕ табыңдар:
1) және
2) және
3) және
№338 С
1)ЕКОЕ(180, 300)
2) ЕКОЕ(42, 60 және 70)
3) ЕКОЕ(18, 63 және 35)
№339 В
Маржан дүңгіршектен бағасы 80тг лотерия билеттерін немесе 60тг маркаларды сатып алуы керек. Сатушының қайтаратын ақшасы болмаған жағдайда Маржан үйінен кем дегенде неше теңге ақша алып шығуы керек?
№343 С
Азайғыштың азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақшасыртына шығарып жазыңдар:
1) 42x-30y 2) 56x-24y 3) 60m-36n
4) 75m-15n 5) 95a-35b 6) 88a-55b
2.Сөзжасам (Сұрақ жауап)
а) Сөзжұмбақты шешейік. Елбасының отыратын резиденциясы
Р. ЕКОЕ (5; 3; 15) =15 А . ЕҮОБ (50: 12) =2 Д . ЕҮОБ(24,30)=6
Қ. ЕКОЕ(20,14) = 2*2*7*5 =140 О. ЕКОЕ (40, 28)=280
-
2
|
140
|
280
|
15
|
6
|
2
|
А
|
Қ
|
О
|
Р
|
Д
|
А
|
ә) Тарихи мәлімет (Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)
Сандарды тауып, жай , құрама сан , жұп , тақ сандарды анықтаңыздар.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
в) Тапқырлар
1) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды (жай сандар деп атайды)
2)Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар (құрама сандар деп аталады)
3)Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады
4)Егіз сандар деп (айырмасы 2-ге тең екі жай сан)
5)Кемел сан дегеніміз қандай сан? Мысал келтір
(өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды. Мысалы: 6)
6)Тұжырым дұрыс па?
Жай сандардың тек екі бөлгіші бар.
Құрама санның бір бөлгіші бар.
Ең кіші екі таңбалы жай сан – бұл 11
Ең үлкен құрама сан – бұл 99.
Кейбір құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге болмайды.
96 саны –жай сан.
8 және 10 өзара жай сандар.
1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні.
4.Сабақты қорытындылау (My Test)
Жауабы: 1.Д 2.Д 3.Д 4.В 5.А
5.Үйге тапсырма беру
Кесте толтыру
№325 (өз беттерінше санды өзгерту)
Сабақты қорытындылау.
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңе сенеміз» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.
Сынып оқушыларының және жеке балалардың жұмыс сапасын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |