Педагогің Аты, Тегі; Әкесінің аты (бар болған жағдайда):
|
Жеңісова А.Е.
|
Пән/Сынып:
|
7 сынып. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Күні:
|
24.01.2024
|
Бөлім:
|
Қысқаша көбейту формулалары
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
7.2.1.11 қысқаша көбейту формуласын білу және қолдану
|
Сабақтың мақсаттары:
|
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын білу
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолдану.
|
Сабақ барысы:
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйым
дастыру
|
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулалары.
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолдану.
Үй тапсырмасын тексеру. №
|
Амандасады, сабаққа
дайындалады.
Сұрақтарға жауап береді
|
|
Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.
Тақта
Бор
Кітап
Дәптер
Интерактивті тақта
Бағалау парақтары
|
10 мин
|
Жаңа сабақ
|
Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу үшін келесі тепе-теңдік қолданылады:
a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2).
Тепе-теңдікті дәлелдеу үшін көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолдан:
(a + b)(a2 – ab + b2) = a3 – a2b + ab2 + a2b – ab2 + b3 = a3 + b3.
(a2 – ab + b2) үшмүшесін айырманың толымсыз квадраты деп атайды. Бұл айырманың толық квадратынан (a2 – 2ab + b2) тек орта коэффициенті арқылы ерекшеленеді (2 сандық коэффициенті жоқ).
a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2) формуласы екі өрнектің кубтарының қосындысының формуласы деп аталады және «екі өрнектің кубтарының қосындысы осы екі өрнектің қосындысын олардың айырмасының толымсыз квадратына көбейткенге тең» деп оқылады.
⠀⠀
Екі өрнектің кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу үшін келесі тепе-теңдік қолданылады:
a3 – b3 = (a – b)(a2 + ab + b2).
Тексеру:
(a – b)(a2 + ab + b2) = a3 + a2b + ab2 – a2b – ab2 – b3 = a3 + b3.
(a2 + ab + b2) үшмүшесін қосындының толымсыз квадраты деп атайды. Бұл қосындының толық квадратынан (a2 + 2ab + b2) тек орта коэффициенті арқылы ерекшеленеді (2 сандық коэффициенті жоқ).
a3 – b3 = (a – b)(a2 + ab + b2) формуласы екі өрнектің кубтарының айырмасының формуласы деп аталады және «екі өрнектің кубтарының айырмасы осы екі өрнектің айырмасын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең» деп оқылады.
⠀⠀
|
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
1-мысал.
64x3 + y3 көпмүшесін көбейткіштерге жікте.
Шешуі. Кубтар қосындысының формуласын қолданып, көбейткіштерге жікте:
64x3 + y3 = (4x)3 + y3 = (4x + y)((4x)2 – 4x ∙ y + y2) = (4x + y)(16x2 – 4xy + y2).
⠀⠀
2-мысал. 27m3 – 8n3 көпмүшесін көбейткіштерге жікте.
Шешуі. Кубтар айырмасының формуласын қолданып, көбейткіштерге жікте:
27m3 – 8n3 = (3m)3 – (2n)3 = (3m – 2n)((3m)2 + 3m ∙ 2n + (2n)2) = (3m – 2n)(9m2 + 6mn + 4n2).
⠀⠀
|
«Бағдаршам» арқылы қалыптастыру шы бағалау
|
Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.
|
15
минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
Тапсырмалар.
1-жаттығу
Көбейткіштерге жіктеңіз.
1) ;
2) ;
3) ;
4) .
2-жаттығу
Көпмүшелерді көбейтуді орындаңыз.
1)
2)
3-жаттығу
Бос орындарды толтырыңыз.
1) ;
2) ;
3) .
4-жаттығу
Тең өрнектерді бір-бірімен байланыстырыңыз.
1)
2)
3)
Оқулықпен жұмыс. №
|
Оқушылар дескрипторға сәйкес тапсырмаларды орындайды.
Оқулықтан есептерді шығарады.
|
Дескриптор:
-Қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады
-Есептеулерде қысқаша көбейту формалаларын қолдана алады
-Дәлелдеуді жүргізе алады.
ҚБ:«Бас бармақ»
әдісі
Дескриптор:
-Кубтардың қосындысының формуласын біледі;
-Кубтардың айырмасының формуласын біледі;
- Есеп шығаруда дұрыс қолданады.
|
Презентация Слайд
Интернет ресурстары
Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс
|
|
Тапсырманы орындайды
|
Оқушының тақтадағы белсенділігіне байланысты ауызша бағалау
|
Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.
Тақта
Бор
Кітап
Дәптер
Интерактивті тақта
Бағалау парақтары
|
5 минут
|
|
Бүгінгі сабақта:
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулалары.
-екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолдану.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Рефлексия:
Үйге тапсырма.№
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Кері байланыс
|
|