Сабақтың тақырыбы: Экономикалық мазмұндағы есептер Сабақтың мақсаты



Дата30.01.2020
өлшемі37.37 Kb.
#447900
түріСабақ
0000d3ea-a50a2541

    Бұл бет үшін навигация:
  • Шешуі
Қалыптан тыс математика 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық мазмұндағы есептер
Сабақтың мақсаты:

  • Дамытушылық: Экономикалық мазмұндағы есептерді деңгейлеп шығарту негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Экономикалық мазмұндағы есептерді деңгейлеп шығарту негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: Қызмет көрсету орындарында оқушыларға экономикалық және этикалық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Тәрбиелік: Қызмет көрсету орындарында оқушыларға экономикалық және этикалық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

  • Білімділік: Процент тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау. Білімділік: Процент тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау. 


I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Тақырып түсіндіру.
Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарып, білімімді тереңдей түстім.

Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды . Экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте кез-келген адамның жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор.

Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.

1. Параллелепипед тәрізді ұзындығы 12 метр, ені 2 метр, тереңдігі 3 метр жер қазылған. Бір машинаға 9 м3 топырақ сияды десек, барлық топырақты тасуға осындай қанша машина қажет?

Шешуі:

V = a·b·c=12·3·2=72 м3

72/9=8 жауабы: 8 машина қажет.

2. Совхозда екі түйе фермасы бар. Бірінші фермада жылдық сауым 1200000 л, ал екінші фермада бірінші фермадағыдан 100 түйе көп болса да, одан 750000 литр аз болды. Бірінші фермада бір түйеден жылдық сауым, екінші фермадағыдан 1000 литрге артық болды.а) Әр фермада неше түйе бар?ә) Әр фермада бір түйеден алатын орташа жылдық сауымды анықтандар.б) Егер бір түйені күтуге (жұмысшы айлығы, басқа шығындарды есептегенде) бір жылда 60000 теңге жұмсаса, әр фермадағы 1 литр сүттің өзіндік құнын (сүтті өткізуге кететін шығынды есептемегенде) анықтандар



Шешуі:

1.әр фермадағы түйе саны.

1-фермада – х түйе.

2- фермада (х+100) түйе



2. Жылды сауым.

1- фермада 1200000 литр

2- фермада 1200000-750000=450000 л.

3. Бір түйенің жылдық сауымы

1-фермада

2-фермада теңдеу кұрастырамыз

1200000х + 120000000=450000х +1000х2 +100000х

1000х2-650000х-120000000 = 0

а) х2-650х+4·120000 = 0

D= 422500 + 4· 120000 = 902500

Х1=800

Х2= -150

1-фермада 800 түйе

2-фермада 900 түйе болады.

ә) әр фермадағы бір түйеден алатын орташа жылдық сауым:

1-фермада 1200000:800 =1500 л

2-фермадағы 450000:900 = 500 л

б) Бір түйеге бір жылда 60000 теңге жұмсалса, бір фермада 800 түйеге 48000000 теңге, ал екінші фермадағы 900 түйеге- 54000000 теңге жұмсалады. Барлық шығынды барлық шығарылған өнім санына бөлсек, бір өнімнің өзіндік құны шығады.

1-фермада теңге

2-фермада теңге

3. Сүттің стандартты майлылығы 3,2 %. «Қайсар» фермерлік шаруашылығында күн сайын майлылығы 3,65 % 100 кг сүт сауылады. Сүтті стандартты майлылыққа келтіру үшін не істеу керек?



Шешуі:

Сүттің майлылығын келтірудің екі жол бар:



  1. аз мөлшерде су құю керек

  2. көк сүтті қосу керек

Егер сүтке су қоссақ, онда сүттің тығыздығы кемиді де, белоктың құрамы азаяды, яғни сүттің сапасы төмендейді. Бұл жолды қолданбаймыз.

Сүттің майлылығын кеміту үшін, оған көк сүт қосамыз. Біз енді нақты есепке келдік: «Майлылығы 3,2 болатын сүт алу үшін, майлылығы 3,65 % 100 кг сүтке майлылығы 0,05 % қанша сүт қосу керек?»

Көк сүттің массасын х кг деп аламыз. Бұл сүтте 0,0005·х кг майлылығы бар. Есеп шарты бойынша 100 кг сүтте 3,65 кг май бар десек, онда (100-х)кг сүтте массасы 3,65+0,0005х болатын майлылық бар.

Осыдан мынандай теңдеу аламыз:



,







Бұдан х14 (кг)

4. Тігін шеберханасында екі бригада жұмыс жасайды. Бірінші бригада 640 көйлек, ал екіншіде осы мерзім ішінде одан 12,5 артық тігуі тиіс еді. Біріншісі әр күнде екіншіден 10 көйлек артық тігіп, тапсырманы белгіленген мерзімнен 4 күн бұрын орындаған. Егер екінші бригадаға тапсырманы орындау екінші бригадаға тапсырманы орындау үшін және 4 күн керек болса, бұл бригада әр күнде неше көйлек тіккен?

Шешуі:

1-ші бригада 640 көйлек

2-ші бригада 12,5 артық 640+6400,125=720

1-ші бригада бір күнде (х+10) көйлек

2-ші бригада бір күнде х көйлек

1-ші бригада (у-4) күн

2-ші бригада (у+4) күн












Жауабы: 30 көйлек.

5. Тік төртбұрыш тәрізді үлескенің дәл ортасында ағаш өсіп тұр. Ағаш пен кіші қабырғаға дейінгі қашықтық 23,8 м, үлкен қабырға дейінгі қашықтығы 16,7м. Қоршауының ұзындығын анықтаңдар.

Шешуі:

Бер: АВСD – тік төртбұрышы

КО = 23,8 м

NO = 16,7 м

Т/к

ВА = 2АК өйткені, АК = ОN





ВА = CD, ВС = АD

АД = 2АN, өйткені ОК = АN – 23,8

=2*33.4+2*47.6=162 м жауабы:162 м

V. Бағалау

VI. Қорытынды

Қалыптан тыс математика 7-сынып



Экономикалық мазмұндағы есептер

1. Параллелепипед тәрізді ұзындығы 12 метр, ені 2 метр, тереңдігі 3 метр жер қазылған. Бір машинаға 9 м3 топырақ сияды десек, барлық топырақты тасуға осындай қанша машина қажет?

2. Совхозда екі түйе фермасы бар. Бірінші фермада жылдық сауым 1200000 л, ал екінші фермада бірінші фермадағыдан 100 түйе көп болса да, одан 750000 литр аз болды. Бірінші фермада бір түйеден жылдық сауым, екінші фермадағыдан 1000 литрге артық болды.а) Әр фермада неше түйе бар?ә) Әр фермада бір түйеден алатын орташа жылдық сауымды анықтандар.б) Егер бір түйені күтуге (жұмысшы айлығы, басқа шығындарды есептегенде) бір жылда 60000 теңге жұмсаса, әр фермадағы 1 литр сүттің өзіндік құнын (сүтті өткізуге кететін шығынды есептемегенде) анықтандар

3. Сүттің стандартты майлылығы 3,2 %. «Қайсар» фермерлік шаруашылығында күн сайын майлылығы 3,65 % 100 кг сүт сауылады. Сүтті стандартты майлылыққа келтіру үшін не істеу керек?



4. Тігін шеберханасында екі бригада жұмыс жасайды. Бірінші бригада 640 көйлек, ал екіншіде осы мерзім ішінде одан 12,5 артық тігуі тиіс еді. Біріншісі әр күнде екіншіден 10 көйлек артық тігіп, тапсырманы белгіленген мерзімнен 4 күн бұрын орындаған. Егер екінші бригадаға тапсырманы орындау екінші бригадаға тапсырманы орындау үшін және 4 күн керек болса, бұл бригада әр күнде неше көйлек тіккен?

5. Тік төртбұрыш тәрізді үлескенің дәл ортасында ағаш өсіп тұр. Ағаш пен кіші қабырғаға дейінгі қашықтық 23,8 м, үлкен қабырға дейінгі қашықтығы 16,7м қоршауының ұзындығын анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет