Сабақтың тақырыбы: Ерекше жағдайдағы қорғаныс Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 мин



Дата16.06.2016
өлшемі35.62 Kb.
#138432
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Ерекше жағдайдағы қорғаныс

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Қорғанысқа көшу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?

  • Қорғаныстағы взводтың міндеті.

  • Шоғырланған атыс дегеніміз не ?

  • Атыс қаруынан тиімді ату қашықтығы қанша?

  • Атыс жүйесі қай кезде дайын болып есептелінеді?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Ерекше жағдайдағы қорғаныс

Тауда мотоатқыштар взводы тірек пунктін дербес қорғауы мүмкін,көбіне басым биіктіктерді,өткелдерді,жол тораптарын және жергілікті жердің басқа да маңызды учаскелерін қорғайды.Әдетте тірек пункті тау ылдиларында жабдықталады.Ол айнала қорғану мүмкін болатындай етіп құрылады.

Бөлімше позициялары опырылымдар мен мүжілмелер,су жайылмалары болмайтындай жерден таңдалады.Шолу мен ату қиынға соғатын учаскелерді,аралықтарды патрульдеу ұйымдастырылады,торуылдар мен миналы жарғыш бөгеттер қойылады.

Взводтың атыс жүйесі тірек пункттерінің қапталдары мен аралығында өлі кеңістік болмайтындай етіп құрылады.Осы мақсатта атыс құралдарын көпқабатты қапталдай және бойлата атуды қаматамасыз ету мақсатында олардың маневр жүргізуін ескере отырып, қыр ылдилардың алдыңғы және артқы жағына қабаттай орналастыру керек.

ЖҰМ үшін атыс позициясы қарсыласты алыстан атып түсіретіндей етіп таңдалады.Бұл кезде атыс позициясын опырылымдары көп қалған жерден таңдалмауы керек.

Тірек пунктін инженерлік жабдықтауда тау бейткейлеріндегі фортификациялық құрылыстар жартылай тереңдетілген және үйілген түрде жасалады,оған топырақ құм салынған қаптар және топырақ жабылған тас қолданылады.Инженерлік жабдықтарда қопару зарядтары кеңінен қолданылады.Оқпаналар, тасалар мен басқа да жабдықтар тұтандырғыш қоспалар мен су өтпейтіндей етіп жабдықталады.Тасаларды жасау үшін тау жоталары,үңгірлер мен басқа да табиғи паналар пайдаланылады.

Шабуылдаушы қарсыласты жою қашықтығы кіре берістен басталады.Қарсыластың шабуылын взвод гранаталарды кеңінен қолдана отырып , барлық атыс құралдарымен тойтарады.Танкілер және басқа да сауытты нысаналарды олардың қозғалысын қиындататын өрлерде жою тиімді.

Қарсыластың айналып өту топтарын взвод көршілермен өзара қимылдай отырып ату арқылы жояды.Қорғаныс тереңдігіне қарсыластың еніп кетпеуі үшінжасанды үйінділер мен мина жарғышты бөгеттерді кеңінен қолдану керек.

Қарсылас тірек пунктіне сыналап кірген кезде взвод алған позициясын нық ұстап тұрып,қарсыласты барынша көп шығынға ұшырату керек.

Шөлді аймақтарда шабуыл әрекеттері шұраттарды, елді мекендерді,су көздерін басып алу үшін жүргізіледі және барлық бағыттарда тарала дамиды.Сондықтан қорғанысқа көшу шабуыл жасауға қолайлы бағытта,өмірлік маңызы бар нысандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.Взводтың тірек пункті айнала қорғанысқа даярланады,атыс жүйесі жергілікті жер тегістігінің қолайлығын ескере отырып,қашықтық негізіндегі алдыңғы шептегі қарсылас танкілер жоятындай жағдайда ұйымдастырылады.Атысты басқаруды жақсатру үшін жасанды бағдарлар қойылады.

Оқпаналарпды,орларды,атыс позицияларын жабдықтауда олардың қырлары құмы бар қаптармен және қолда бар басқа да материалдармен нығайтылады.Сонымен бірге оқпаналарды құмның басып қалуынан қорғау шаралары да жүргізіледі.

Взводта оқ дәрілер,ауыз су, азық-түлік пен отын қорлары құрылады.машиналар мен қару жарақтарды құм мен шаңнан тазалауға айрықша мән беріледі,бұл кезде оған кезеңдік бақылау жасалады.Қару жарақ пен ұрыс техникасықұмды дауылдарда қолдануға дайын тұруы керек.

Шабуылдаушы қарсыласты жою қашықтағы кіре берістен басталады.Қарсыластың шабуылына барлық қарудан оқ ата тойтарыс беріледі.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  • Мотоатқыштар взводы тауда қандай учаскелерді қорғауы мүмкін?

  • Шолу қиын учаскелерді қалай бақылайды?

  • Өлі кеңістік дегеніміз не?

  • Шабуылдаушы қарсыласты жою қай жерден басталады?

  • Шөлді аймақтарда қандай жерлерді басып алу мақсатында ұрыс жүргізіледі?

  • Оқпаналар мен орлар қалай жабдықталады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің



ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет