Сабақтың тақырыбы. Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты



бет2/8
Дата09.09.2024
өлшемі87.5 Kb.
#503491
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы.

АКТ- ны пайдалану

Бағалау



Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Тренинг өткізу:
Топтасу.

Тренинг ұйымдастыру «Мен ғажаппын» атты. «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады.» деп Уильям Джеймс айтқандай, әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Мысалы: «Мен сабырлымын» деген жылы сөздермен тұлға ретінде қалыптасуың үшін өмірлік іс-әрекеттерімізді лайықты бағалай білуіміз керек.



Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады. Екінші сабақ болғандықтан алдыңғы сабақтағы топтасқан тобымен отырады. Сабақтың тақырыбы бойынша кейіпкерлер атымен топтасады.
І топ «Ұлпан» тобы,
ІІ топ «Есеней» тобы,
ІІІ топ «Артықбай» тобы.



Слайд
1
«Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім».

Тұманбай Молдағалиев




Слайд
2

«Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды» 


Тәкен Әлімқұлов




ІІ. Қызығушылықты ояту.
(3 мин)
«Еркін жазу стратегиясы» бойынша қазақтың көркемсөз зергері Ғ. М. Мүсіреповке замандастарының, ақын жазушылардың (арнау, эссе, хат өлеңдеріне) назар аударайық.



Өресі биік өнер иесі, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романында қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.

Үйге берілген тапсырма бойынша
І топ «Ұлпан» тобы. «Ұлпан бейнесі-қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі мен шыңы» тақырыбы бойынша іздену жұмыстарын жүргізу, эссе жазу.
1-оқушы:
Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы өзінің көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғары бағасын алды.Біз бүгін қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Ғ. М. Мүсірепов қалдырған мол әдеби мұра, халық қазынасы, ел мақтанышы.
2-оқушы:
Жазушы шығармашылығы жайлы сөз етсек, соңғы сомдаған Ұлпан бейнесі арқылы Ғ. Мүсірепов қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметі жайлы түсінігімізді жаңартып, байытты. Оның Ұлпаны бұрын болмаған тың характер, соңы жаңалық.
3- оқушы:
Оның бойында романтикалық сипаттарды да нанымды дарыта білген. Жазушы Ұлпанның өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін дәлелдеу үшін оны әр түрлі қаһармандық қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ қызының ісі де, сөзі де ірі қазақ қызына тән қылықпен суреттеледі. (эссе)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет