Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор тарихы №1-сабақ. Бөлім



бет2/3
Дата14.01.2023
өлшемі0.73 Mb.
#468397
түріСабақ
1   2   3
ҚМЖ7

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

(Ұ). Ширату «Суреттер сөйлейді»




Оқушылар суреттер бойынша өз ойларын айтып,тақырыпты болжайды.




суретер

Жаңа сабаққа кіріспе Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
35 мин.

Тыңдалым алды
1-тапсырма (Ұ) «Еркін микрофон» әдісі
Сұрақтар қою арқылы сабақты ашып толық түсіндіреді.
1.Ғаламтор туралы не білесің?
2.Ғаламторды пайдалану не үшін қажет?
3.Ғаламторда отыру- сенің уақытыңның зая кетіп жатырғаны емес пе?

Сыныптастырының пікірін толықтырады.


Өз ойымен бөліседі.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады




Оқулық, жұмыс дәптерлері
АКТ




Тыңдалым кезеңі
2-тапсырма
Бейнебаяндағы мәліметті тыңдағаннан кейін сұрақтарға жауап бер. «Ғаламтор тарихы»
Бізге ғаламтор әрқашан болған сияқты көрінеді. Достармен ғаламтор арқылы сөйлесе алмайтын, электрондық пошта арқылы хат жібере алмайтын уақыттың болғанын көзге елестетудің өзі қиын. Бірақ, мұндай уақыттың болғаны рас. Алдымен ғаламтор дегеннің не екенін біліп алайық. 
Ғаламтор тарихы өте қызық. Бұл - әлемдік кеңістік. Ол әлемдегі компьютерлер желісін жалғап тұр. Ал, ең алғашқы веб-сайт 25 жыл бұрын пайда болған. Ең қызығы ғаламтордың иесі жоқ. Ол ешкімге тәуелді емес. 
Ғаламторды кім не үшін ойлап тапқан ? 
1957 жылы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі қашықтықта орналасқан екі компьютерді бір-бірімен байланыстыру амалын іздеген. Зерттеудің негізін қалаған доктор Джозеф Ликлайдер. Бірақ, Ликлайдерге бұрын-соңды болмаған байланыс құралын жасап шығару оңайға соқпаған. Ол көп және ұзақ еңбек етті.Нәтижесінде алғаш рет үлкен қашықтықтағы екі компьютер бір-бірімен 1969 жылы 29 қазанда байланысқа шықты. Бұл оқиға АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орын алды. Міне, осылай ғаламтор желісі қолданысқа енді. 
Сендер білесіңдер ме? 1971 жылы ғаламтор тұтынушыларының саны небәрі жиырма үш-ақ болған екен. Ғаламторды қолдануға ыңғайлы еткен Тимоти Джон Бернерс-Ли деген ғалым екен. 1984 жылы ғаламтор пайдаланушының саны әлем бойынша бар-жоғы 1000 адам ғана болса, 5 жылдан кейін бұл көрсеткіш жүз мыңға жеткен екен. Ал қазіргі таңда ғаламторды әлемде ондаған миллион адам пайдаланып отыр.
1.Ғаламтор тарихы туралы не білесің?
2.Қазіргі таңда ғаламторы қанша адам қолданады?
3.мәтіндегі нақты фактіні анықтаңыз
4.Көзқарастар туралы айтыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет