Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба



Дата10.06.2016
өлшемі100.79 Kb.
#126314
түріСабақ


Астана қаласы №53 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

Смаилова Шолпан Кумарбековна

Әдебиет 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба

Мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтың өмір жолы туралы оқушылардың түсініктерін толықтыру;

Өлеңнің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ақыл-ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру. 3.Оқушыларды адамгершілік пен азаматтыққа тәрбиелеу.

Ұлы адам өмірін үлгі тұта білуге үйрету.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: баяндау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, топтау, ой қозғау ,жұптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер,слайд, мақал- мәтелдер,үнтаспа.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

-Әжей Аянға не үшін алма берді?

-Арман неге қысылды деп ойлайсың?

-Сенің досың Арман сияқты болса не дейсің?

-Әдеп дегенді қалай түсінесің?

Арман мен Аянға мінездеме беру.

«Мен әдепті баламын» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту.

«Әдеп» тақырыбына мақал-мәтелдер айту, м/ы :

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» т.б мақалдың мәнін ашқызу.



Сергіту сәті.

III.Жаңа сабақ

Ой шақыру. Бұл топтама кім туралы деп ойлайсыңдар?



Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Әкесі Құнанбай қатал, ел басқарған адам болған.

Абай анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесін көріп , жас кезінен оқуға зерек ,ақылды болып өседі.

Әкесі Құнанбай Абайды он жасында ауылдағы Ғабитқан моллаға оқытады.Одан соң Семейдегі Ахмет Риза медрессесіне оқуға береді.Абай өзіне біткен талабы арқасында, парсының тағы басқа шығыс халықтарының тілін үйреніп, өз бетінше білім алып, тілдерді зерттей бастайды.

Оқулықпен жұмыс:

-Олай болса, балалар, біз бүгін Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу,өлеңнің мағынасын , тақырыбын, идеясын ашу .

-Ақын бұл өлеңді жазудағы мақсаты не?



Сөздік жұмысын жүргізу.

Ғылым- табиғат пен қоғамның даму заңдары бойынша анықталған білім жүйесі

Ғалым- оқымысты, ғұлама.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңді мәнерлеп, түсініп , дауыстап оқыту.



Ой қозғау

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» мақалының мағынасына тағы бір рет тоқталсақ,

Жақсыдан үйрен «Бес асыл іс»
Талап






Терең ой


Адам
Еңбек



Қанағат Рақым

Жаманнан жирен «Бес дұшпан»



Өсек



Мал шашпақ


Адам
Өтірік



Мақтаншақ Еріншек


Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар:


  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде не туралы айтылған?

Абай атамыз артына қандай өсиет қалдырды?

  1. Өзің үлкендерден кімге ұқсағың келеді?

Кімді өзіңе үлгі тұтасың?

Өз бойыңда қандай әдепті қасиеттер бар?

Ол қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек?

III. Ғалым болу үшін не істеу керек?


IV . Сабақты қорыту:

Балалар, Абай атамыз ақын ғана емес , сазгер де болған. Оның «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндері бар.

Қазір осы өлеңдерден үзінді тыңдайық. «Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің бір шумағын оқушылар хормен орындайды

Жаңа сабақты бекітіп, ой жинақталады.

-Абай ата кім?

-Абай ата қандай өсиет қалдырып кетті?

/Оқушылар жауаптары/

V.Үйге тапсырма беру:Өлеңді жатқа айту.

VI. Бағалау. Оқушылар білімдерін бағалау.

Астана қаласы №53 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

Смаилова Шолпан Кумарбековна
Әліппе.1 cынып

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Әә дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту,сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2.Сөздік қорларын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,таза,әдемі жазуға,дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,іздену әдісі,түсіндіру,топтастыру.

Көрнекілігі:аңдар суреті,қима әріптер,интерактивті тақта.

Жаңа технологиялар:дамыта оқыту технологиясының элементтері

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

(1 слайд)

-Қазір қай сабақ?

-Сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастайық.

-Балалар,сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні (2слайд)

-Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп отыр.

-Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен,үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

-Балалар,түлкіге көмектесейік.

-Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық.(3 слайд)

ІІ.Өткенді қайталау

Аң патшасы арыстанның тапсырмасы.(4 слайд)

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

Өткен әріптерге байланысты өлең,жұмбақ,мақал айту.

«Менің есімім» ойыны.

Ойынның шарты.өз аттарынан басталатын әріпке бірнеше сөз айту.

-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (І әрпі)

-І әрпі қандай дыбыс?(Дауысты ,жіңішке)

Өткен сабақты қорытындылай келе «Қай үйшікте қай әріп тұрады?»

Ойыны ойнатылады. ( дауысты,дауыссыз екенін ажырату)

Кеме сөзін құрау. (5 слайд)

ІІІ.Жаңа сабақ.

«Қорбаңбай аю» тапсырмасы.(6слайд)

Таныстырар әріппен,

Мынау кітап-әліппең.

«Әліппең» деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә әрпі)

-Қане,бәріміз бірге айтайықшы.

-Ә не естіліп тұр? (дыбыс)

«Кім тапқыр?»ойыны (7 слайд)

Бұрап қойған сағаттай,айғайлайды таң атпай.(Әтеш)

-Кім айтады әтеш қалай шақырады?

Буынға бөлу. Ә-теш,1-2-ші буынды ата.

-Біздің сыныпта есімдері Ә әрпінен басталатын оқушылар бар ма?

-Әдемі,Әділет.



Сергіту сәті. (Көжектерім тұршы)

Бұғы тапсырмасы: (9 слайд)

1.Бағандағы сөздерді оқыту.

2. «Әже» мәтінін оқыту.

А)Кезекпен оқыту

Ә)Тізбектей оқыту

«Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Дәптермен жұмыс.Ә әрпінің элементтерін жазып көрсету.

Арқар тапсырмасы: (10 слайд)

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық.

Ең алдымен ауада жазып көрсету.

«Буынды жалғастыр» ойыны. (11 слайд)

Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.



ІҮ.сабақты қорытындылау.

Қоян тапсырмасы: (12 слайд)

-Мына екі қоян әріптерді бөлісе алмай тұр.

-Қане,балалар,біз екі қоянға әріптерді бөліп алуға көмектесейік.

Венн диаграммасы.

Дауысты дыбыс


Ұқсастығы:екеуі де дауысты дыбыс

Айырмашылығы:жуан,жіңішке айтылуында.

Ү.Оқушыларды мадақтау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар жұлдызша алады.

-Рақмет,балалар.Аңдар сендердің білімдеріңе риза болып,түлкіні үйіне жіберді.



Астана қаласы №53 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

Смаилова Шолпан Кумарбековна

Математика 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

8 саны оны шығуы,сандар қатарындағы орны туралы түсініктерді,8 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қабілетін,ойлау деңгейін арттыру.

Ұқыптылыққа,саналылыққа,тапқырлықққа,шапшаңдықққа баулу.

Түрі:жаңа ұғым беру.

Типі:аралас сабақ

Көрнекілігі:сандар,суреттер.таратпа қағаз.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын аудару

Өткенді пысықтау.

А)Психологиялық дайындық.

-Балалар,біздің математика сабағындағы ұранымыз қандай?

Хормен:Есеп білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан

-Ендеше,балалар,өткен сабақтарымыз бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.

А)7-ге дейін тура және кері санау

Ә)тақтадағы сандар бойынша тура санату

0,1,2,3,4,5,6,7 тура санату,кері санату.

Бір аптада жеті күн,

Тап әр күннің тетігін.

Жеті ішекті жетіген,

Соны тарт деп өтінем.

Көкте жеті қарақшы,

Жұртты өзіңе қаратшы.

Түскен карта бетіне,

Жеті су мен Жетікөл.

Өзгелерге күлме сен,

Жеті атаңды білмесең!

Б)-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпппен таныстық?

-Салыстыру.

-Нені салыстыру?

1.Өрнек пен санды

2.Өрнектерді салыстыру.

Тақтада оқу.

4+3 * 4+2 4+3 * 6

5+1 *2+5 5 * 6-1(Компоненттерін атау)

ІІ.Өрнектерді салыстыру

Сан мен өрнектерді салыстыру

Неге олау жазыл,анын түсіндіргенде

4+3=7 4+2=6 дәлелдеу керек 4+3 6* 7 6

5 * 4-1 5+1 =6 2+5 = 7 4+3 = 7 7 *6

6 *7 4-1 = 3 5 * 3

Санның құрамы

-Қандай санның құрамымен таныстық?

-4,5,6,7 сандарының құрамымен.

4,5 садарының құрамын 2 бала тақтаға орындайды.

6,7 сандарының құрамын «Шығыр ойыны»арқылы пысықтап қорытындылау.

ІІІ.Жаңа сабақ

-Енді,балалар,көңілімізді тақтаға аударайық.Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Тауықты. (7 санату)

Тақпақ оқу.

-Ал,енді оған 1 тауық келіп,қосылды.Сонда неше тауық болды? (8 тауық)

Ендеше 7 санына+1 санын қоссақ 8 саны шығады.

Сандар қатарында 7 кейін қандай сан келеді?

-8 саны.


Мұғалім:Ендеше бүгінгі саба,ымыздың негізгі мақсаты 8 санының қалай шығатынын,қалай жазылатынын үйрену болатын.

(Суреттен көрсете отырып)

Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу,бас нешеу?

Жауабын кім табады?

«Сегіз қырлы бір сырлы» деген нақылдың мағынасын ашу.

Тақтаға кемені сандар қатары арқылы салу.

-Ненің суреті шықты?

Кеменің.


-Кеме қайда болады?

-Суда.


-Кемені кім жүргізеді?

-Матрос.


Мақал айту.Иттерді магнит тақтаға ілу.

Мұғалім тақтаға 8 саны цифрының жазба түрін көрсетеді.

Сегіз саны құрылған

Қос дөңгелек-шеңберден.

Үлкен шеңбер үстіне

Кіші шеңбер жанасқан.

-8 санына байланысты қандай мереке бар?

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.Суреттің сюжетін әңгімелеп,оған сәйкес есеп құрастыру.

Өрнекті шығару. 7+1 =8 8-1= 7 көбейеді,азаяды.

2-тапсырма.1)Сызғышпен өлшету.

2)8 см.неше см-ден

Тақтада көрсету.8 санынан кіші сандарды қоямыз.

Ү.Сергіту сәті.

ҮІ.Дәптермен жұмыс.

Оқулықтағы 3- тапсырма.

Екі тәрелкедегі қияр мен қызанақты салыстыру.

8*7 7*8


1 қияр артық 1 қызанақ кем

4-тапсырманы. «Жоғалған санды тап» ойыны арқылы шығару.

Өлең есептер.Ауызша есептеулер.

1.Саянда болды 8 алма.

Сайранға берді 4 алма.

Ойланып,кәне,көрейік-

Саянда қалды қанша алма? 8-4=4

2.Бәйгеге шықты жануарлар.

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5+2= 7

3.Айманда болды 5 алмұрт

Әселге берді екі алмұрт.

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт теэ ойла! 5-2=3

4.Далада жүр 3 түйе,

Қосылды тағы бір түйе,

Жалпы саны түйелердің.

Болды неше?Есепте 3+1= 4

5.Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан

Бес қиярды алғанда

Қанша болды дорбада? 8-5= 3

5-тапсырманы тақтада орындау.

4+3*5 5*7-4 3+2*1+5

5*4+3 7-4*5 1+5 *3+2

6-тапсырманы тақтаға жазғызу

Логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жаттығуды орындау.

1-суретте 3үшбұрыш,1 төртбұрыш.

2-суретте 2 үшбұрыш,1 төртбұрыш.

3-суретте 2үшбұрыш,1 төртбұрыш бар.

Ауызша есептер шығару.



ҮІ.Сабақты қорытындылап,балаларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет