Негізгі бөлім:
30 минут
|
Жаңа сабақ. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырыпты меңгеруге көмектесетін тапсырмаларды орындату.
Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. Мұндай жағдайда ережені формуламен жазған дейміз.
Тік төртбұрыш және квадрат периметрінің формуласы
Периметр – жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
a
b
Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің екі еселенген қосындысына тең.
мұндағы P – тік төртбұрыштың периметрі, a – ұзындығы, b – ені.
Квадрат – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
– квадраттың периметрінің формуласы.
1-мысал. , тіктөртбұрыштың периметрін тап.
2-мысал. , квадраттың периметрін тап.
Тік төртбұрыштың ауданының формуласы
Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.
Квадраттың ауданы оның қабырғасының квадратына тең:
3-мысал. , тіктөртбұрыштың ауданын тап.
4-мысал. , квадраттың ауданын тап.
Жолдың формуласы
Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең.
мұндағы S – жүрген жол, v – жылдамдық, t – қозғалыс уақыты.
Жолдың формуласынан: белгісіз көбейткішті табу ережесі бойынша.
5-мысал. 60 км/сағ жылдамдықпен жүрген автобустың 3 сағатта қанша жол жүреді?
№1-Тапсырма. Жеке жұмыс. «Тақтаны тексер» әдісі. Оқушылар тақтада берілген есептердің ішінен дұрыс шығарылғанын тауып, соған сәйкестендірілген әріптен сөз құрауы қажет.
Дұрыс жауап: 1), 3), 5). ОҚУ
№2-Тапсырма. Топтық жұмыс. https://wordwall.net/ru/resource/61006953 сайтын пайдаланып есептерді топпен шығарту. Үш топқа күрделі үш есеп.
Аңшы иті қоянды 16 м/с жылдамдықпен қуды. Қоян одан 12 м/с жылдамдықпен қашты. Ит қоянға 13 секундта қуып жетті. Алғашқыда қоян иттен қандай қашықтықта болды? (52 метр)
Тік төртбұрыш пішінді суқоймасының ұзындығы 45 м, ені 38 м. Оның жиегінен 2 м қашықтықта қоршау жүргізілді. Қоршаудың ұзындығы неше метр? (182 м)
Квадраттың периметрі тік төртбұрыштың периметріне тең. Квадраттың ауданы Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен екі есе ұзын. Тік төртбұыштың ауданын табыңдар. (18 см)
№3-Тапсырма. Жұптық жұмыс. «Пошта» әдісі. Оқушылар екі есеп құрастырып, бір-бірінің тобымен алмастырады және бір-бірінің есебін тексереді.
Үлгі,
|
ДескрипторДұрыс жауапқа – 3 б
Жартылай дұрыс жауапқа – 1 б
Дескриптор
Толық есепке – 4 б
Жартылай есепке – 3 б
Дескриптор
2 есепті де шығарған жұп – 3 б
1 есепті шығарған жұп – 2 б
|
Оқулық
Презентация
Интерактивті тақта
Тақта
|