Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті
Сабақтың мақсаты: а) қазақ балалар әдебиетінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,бүктемелер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
60-90 жылдары қазақ әдебиетінде балаларға арналған әңгіме,повестер сан жағынан ғана көбейіп қоймай,бала таным,сезіміне жақындығымен де ерекшеленді.
М.Ғұмар «Құпия дәптер», «Алыстан келген қонақ», С.Сарғасқаев «Сұлутөрдің балалары», Т.Нұрмағанбетов «Қош бол,ата»,С.Асылбеков «Рабиғаның махаббаты», Н.Серғалиев «Қарақыз», Н.Дәутаев «Ақ көгершін», Н.Мұраталиев «Жасылкөлдің құпия тұрғыны» М.Қабанбаевтың «Арыстан мен виолончель», «Сурет салғым келмейді» шығармалары балалар өмірінің әр қырын,бал дәуреннің тәтті,ащы тұстарын көркем бейнелейді.
Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармалар дегенде ауызға алдымен ілігері балалар әдебиетінің классигі – Б.Соқпақбаев.Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», «Менің атым Қожа» повестері әдебиетке жаңа бейне,тың ізденіс,серпіліс әкелді.Қазақ баласының әр кезеңдердегі ішкі жан дүниесі,көңілтолқынысы,мөлдір балалықты ерте есейткен қоғам,орта арасындағы қатынастар оқушыны бейжай қалдыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |