Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын оқып келуге беремін.
Күні: 28.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейсов өмірі мен шығармашылығы
(1924 жылы туған)
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген Т.Ахтанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының қысқаша мазмұнын сұраймын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ә.Нұрпейсов 1924 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. 1942 – 1945 жылдар ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1962 – 1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған.
Әдебиет әлеміне Әбдіжәміл майданнан кейін келді. Сұр шинелі иығынан түспей жатып жазылған тұңғыш туындысы – «Курляндия» («Күткен күн», 1949) жас офицер әлі көз алдында тұрған соғыстың азапты ауыр жолынан өтіп, қалың елді қайғы-қасіретке тұншықтырған тажалды жеңген адам рухын бейнеледі.
А.П.Чеховтың «Алтыншы палатасы», «Ит жетектеген әйел», «Бақытсыздық», М.Горькийдің әңгімелер жинағы, Назым Хикметтің «Соқыр патшасын» аударды.
«Қан мен тер» трилогиясы қаламгер есімін кеңінен танытты. Кейінгі жылдары «Соңғы парыз» атты кітабы жарық көрді.
«Қан мен тер» трилогиясының басты кейіпкерлері үстем тап өкілдері Қаратаз, Тәңірберген, Федоровтар мен Еламан, Кәлен, Мөңке, Райлар арасындағы кекті тартыс – үш тағанның негізгі сюжеттік арқауы. Еламанның Федоровты өлтіруі – бірінші кітаптың әрі шарықтау шегі, әрі келешекте тартыстың алды – үстем таптың уақытша белең алып кетуіне байланысты коллизияның сәл саябырлауы.
Ерлер бейнесі, негізінен, әлеуметтік арнада ашылатын болса, әйелдер шаңырақ айналасында табиғи қалпымен көрінеді. Ақкемпір мен Қаракемпір, Әлиза мен Ақбала, Айғанша мен Бөбек, Қарақатын мен Кенжекей – запыранды заман құрбаны.
Үш томды көктеп өтіп, негізгі идея-мақсатты айқындайтын қаһарман, әрине, - Еламан. Федоровтың өмірін үзген, сүйменді көтерткен – іш күйдірген кек еді. Ұстамды жігіт көпе-көрнеу қорлыққа шыдамай шарт сынды. Көзсіз ерлік аяқты шынжырлатып,сонау Сібірден бір-ақ шығартты – ел көрді, жер көрді, оңы мен солын танытты.
Достарыңызбен бөлісу: |