- қиық конустың бүйір беті ауданыныңформуласын қорытып шығару;
- қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығару;
- көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасау.
2.Бағалау критерийлері
- қиық қонустың бүйір беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
- қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
- көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды.
Үй тапсырмасын тексеру, талдау.
Өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз.
1.Қиық коустың бүйір бетінің ауданы неге тең? 2.Қиық конустың толық бетінің ауданы формуласы қалай
жазылады?
3.Қиық конустың жазбасы қандай фигуралардан тұрады?
4.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?
Оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін бағалау критерийі қандай болатындығы анықталады.
Жеке жұмыс-оқушылар қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандарын табуға есептер шығарады. Есептер шығармас бұрын, бір-бірін бағалау үшін есепті шығарудың дескрипторын бірлесіп құрады.
1. Есеп шартына сай сызбасы сызылған;
2. Нені табу керектігі анықталған;
3. Қажетті элементті табу тәсілі таңдаған;
4. Есептреу орындалған
5. Жауабы дұрыс табылған.
1. Қиық конустың остік қмасының ауданы 84 , ал табандарының радиустары 1 және 6 см. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Жауабы: 91𝜋
2. Егер қиық конустың биіктігі 3 см, ал үстіңгі және астынғы табандарының диаметрлері сәйкесінше 12 см және 20 см-ге тең болса, осы қиық конустың жасаушысын, бүйір және толық беттері аудандарын табыңыз.
Жауабы: 5см, 80𝜋, 216 𝜋
3. Конустың бүйір бетінің ауданы 80 см2. Конустың биіктігінің ортасы арқылы биіктікке перпендикуляр жазықтық жүргізілген. Пайда болған қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Жауабы: 60
4. Радиусы оснований усеченного конуса – 6 м и 14 м, а площадь полной поверхности равна 572 π м2. Найди образующую усеченного конуса.
Жауабы: 17 м
5. Қиық конустың табандарының радиустары сәйкесінше 7 см және 2 см. Егер конустың жасаушысы үлкен табаны жазықтығымен 45°бұрыш жасайтын болса, онда қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Жауабы: 45√2𝜋
6.Қиық конустың табандарының радиусы – 12 см және 6 см, ал жасаушысы 8 см. Қиық конустың толық бетінің ауданын табыңыз.
Жауабы: 324𝜋
Қиық конус