ІШКІ ЭНЕРГИЯ
ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Физика пәнінің оқытушысы
Оспанова Айнұр Өмірзаққызы
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ішкі энергия жайында жалпы мағлұматтар бере отырып, білім білік дағдысын қалыптастыру. Сабақ барысында студенттерді ұқыптылыққа, шапшаңдыққа адамгершілікке баулу;
Күтілетін нәтиже:
Студенттер ішкі энергия жайында жалпы мағлұматтар жинайды, білім білік дағдысы қалыптасады және ұқыптылыққа бейімделіп, жылдам шешім қабылдай алатын болады.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, ойын элементтерін қолдану
Қажетті құралдар: бейнебаян көрсету, слайдтар, электронды оқулық,
Бағалау: жұппен және жеке жасаған жұмыстарын формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Салеметсіздерме колледж студенттері.
Бүгінгі сабақта ішкі энергия жайлы толық мағлұматтар алатын боламыз
.
|
Салемдесу. Студенттерді түгелдеу, жұпқа өз қалауларымен бөлу әдісін жүргізу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту
|
Студенттер жұпқа бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады
|
ІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.
Үй тапсырмасына шолу жасап, қорытындылау
Газдар
Қасиеттері
Қолданылуы
Тақырыпты топтау.
ГАЗДЫҢ БЕРЕТІН ҚЫСЫМЫ
ГАЗДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОПТАСТЫРУ
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Жаңа тақырыпты бөлімге бөлу арқылы түсіндіру және студенттермен жұмыс жасау
а) жылулық құбылыстар және оларды зерттеудің екі әдісі
ә) дененің ішкі энергиясы
б) ішкі энергияны есептеу
в) бейне баян көрсету
г) студенттердің жұмысы
Барысы:
Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестерді жылулық құбылыстар деп аталады.
Физика тарихында жылулық құбылыстарды бір –біріне қайшы келмейтін, бірін –бірі толықтырып отыратын термодинамикалық және мкт тұрғысынан зерттеу қалыптасты.
Ежелгі Грек философтары жылуды көзге елемейтіндей түрде көрсетуге тырысты. Міне жылудың тегі және дененің құрылымы жайлы алғашқы көзқарастар пайда болды. 1619 жылы Г.Галилей жылудың тегін түсіндіруге тырысты.
Оның ойынша жылу дегеніміз – барлық денелерге еркін кіре алатын және одан шыға алатын зат.
ХІХ ғасырдың аяғына термодинамика деп алатын ғылым қалыптасты.
Термодинамика дегеніміз – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалық түрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі.
Молекулалы – кинетикалық теория дегеніміз- жылулық құбылыстарды зат атомдар мен молекулалардан тұрады және олардың қозғалысы Ньютон механикасының заңдарына бағынады дейтін болжамның негізінде зерттейтін физиканың бөлімі.
Ішкі энергия дегеніміз – молекулалардың ілгерілемелі және айнымалы қозғалыстарының кинетикалық энергиясы, олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энериясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмелі қозғалысының энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы.
/бейнебаян көрсетіледі/
Мына сұрақтар арқылы дененің ішкі энергиясының өрнегін өзіміз жазайық:
-
Дененің ұсақ бөлшектері, /N- денедегі микробөлшектердің саны/
-
Жүгіріп келе жатқан баланың қандай энергиясы артады? /Wk – кинетикалық энерги
-
Лифтімен жоғары көтерілген дене қандай энергияға ие болады? /Wp –потенциалдық энергия/
Демек : U= (Wk +Wp) N
Кестені толтыр
Көп атомды газдың ішкі энергися дегеніміз ...
|
|
|
Көп атомды газдың ішкі энергиясын есептеу формуласы
|
ІV. Қорытындылау.
«Дамино» ойыны
-
Ішкі энергия дегеніміз – молекулалардың ілгерілемелі және айнымалы қозғалыстарының кинетикалық энергиясы, олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энериясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмелі қозғалысының энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы.
-
Молекулалы – кинетикалық теорияда дененің ішінде өтіп жатқан барлық процестер оны түзетін атомдар мен молекулалардың іс –әрекетімен түсіндіріледі. Барлық макроскоптық денелердің механикалық энерияларымен қатар, денелердің ішкі күйіне тәуелді болатын энергиясыда бар.
V.Бағалау.
Сабақта бесенділік танытып отырған студенттерді бағалау.
ҮI. Үй тапсырмасы.
§5.1-Тақырыпты оқып келу.
Галилейдің жылу тегін түсіндіруі жайындағы еңбектерін ізденіп келу
Достарыңызбен бөлісу: |