6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу
1-тапсырма.Жақшадағы сөздер ішінен берілген созге үлгіде көрсетілгендей сәйкес келетінін табыңыз.
1.Үлгі: Зейін-шоғырлану.
Қиял:(қызығушылық, заттылық, жаңа бейне, әсерлік,қабілет)
2.Үлгі: Әрекеттілік-ойын.
Қиял:(қабылдау, шығармашылық, естің тұрақталуы, ырықсыз зейін).
2-тапсырма
1-тәжрибе.Қиял дамуын зерттеуге арналған әдістеме.
Мақсаты;Сөз түрінде қолданылатын шығармашылық қиялерекшелігін зерттеу.
Нұсқау:Студеттер әңгіменің басынтыңдайды да, соңын өз бетімен аяқтайды.
«Қаранғы бола бастады. Жаңбыр дамылсыз жауып тұр.Автобус аялдамасында екі қыз ақырын әңгімелесіп тұр. Бір кезде...»
Әнгімені аяқтауға он минут беріледі.
2-тәжрибе.Берілген сөздерді пайдалана отырып, логикалық әнгіме құрастырыңыз:кілт, қалпақ, қайық, күзетші, бөлме, жол, жаңбыр.
Қорытынды:
Бұл әдісте қиялдың даму дәрежесі төмендегі шамалар бойынша бағаланады:
Әңгімені ойлан жылдамдығы.
Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі.
Әңгіме мазмұнының шытырмандығы, күтпеген оқиғалардың болуы.
Әңгімеде кездесетін бейнені түрлендіру.
Әңгімеде кездесетін бейненің сенімділігі, әсерлілігі.
3-тапсырма. Төмендегі сынып оқушыларының қиял ерекшелігін зерттеу әдістемесі.
Мақсаты:Оқушылардың қиял деңгейін анықтау.
Орындалуы:Әнгіме құруға 1 минут, оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды:
Бұл әдістемеде бала қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1.Әңгімені ойлану жылдамдығы.
2.Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі.
3.Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру.
4.Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы.
5.Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі,әсерлілігі.
Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1не 2 ұпай қойылады;
Достарыңызбен бөлісу: |