Сабақтың тақырыбы Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы



бет1/3
Дата09.01.2024
өлшемі1.22 Mb.
#488683
түріСабақ
  1   2   3
11 сынып ҚМЖ Комплекс сандар 08.01.24


Тексерілді Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: Комплекс сандар

Күні: 08.01.24

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11



Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.1.1-комплекс санның және модулінің анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар комплекс санның және модулінің анықтамаларын біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7мин

Оқушылардың сабаққа дайындығы. Топқа деңгей бойынша бөлу. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақ тақырыбын ашу пысықтауға арналған сұрақтар
Ой қозғау
Қандай сандар жиынын білесіздер?
x2 + 1 = 0 теңдеуін шешу үшін (–1) теріс санының квадрат түбірін алу керек. Бұл амалды нақты сандар жиынында орындауға болмайды.
Сондықтан i2 = –1 болатындай етіп, жаңа i санын енгізу арқылы нақты сандар жиыны кеңейтіледі. Аталмыш санды кез келген нақты санға көбейту және нақты санмен қосу комплекс сандар түсінігі пайда болуына себеп болды.
Комплекс сан деп z = x + yi түріндегі санды айтады, мұндағы xy – нақты сандар, ал i саны i2 = –1 шартын қанағаттандыратын жорамал бірлік.
x + yi өрнегін комплекс санның алгебралық түрі деп атайды.
x санын z комплекс санының нақты бөлігі деп атайды және Re(z) деп белгілейді.
y санын z комплекс санының жорамал бөлігі деп атайды және Im(z) деп белгілейді.

1-мысал. z = 3i – 5 санының нақты және жорамал бөліктерін анықта.
Шешуі.
Берілген санды алгебралық түрде жаз: z = –5 + 3i.
Re(z) = –5; Im(z) = 3.

Д
1- топ
еңгей бойынша
топтарға бөлу


Оқушыларды жігерлендіру мақсатында

деген қанатты сөзін оқушылар топпен айтамыз
Оқушылар бір біріне жылы лебіз білдіріп,сабақты бастайды
Оқушылар өткен білімдерін пысықтап сұрақтарға жауап береді


Оқушылардың белсенділіген байланысты жігерлендіруші сөздермен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет