Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары



Дата25.02.2016
өлшемі97.01 Kb.
#18526
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылырдың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибе, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс, дифференциалау әдісі.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеев кестесі, интерактивті тақта, буклет, үлестірме тапсырмалар.

Реактивтер: СаО, ғаныш СаSO4, 2H2O, HCL, BaCL2 еріткіштері, CACL2, лакмус, су.

Құрал жабдықтар: Спиртшам, ұстағыш, кәрден табақша, стақан, сүзгі қағаз, сіріңке қорабы, қарындаш өзегі, зеотханалық қасық, араластырғыш.

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

І. Үйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылырды топ деңгейлерін ескеріп үш топқа (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық) бөлу, екі партада біріктірілген үстелдерге жағалай отырғызылады, әр топтың алдына қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылды.


ІІ. Үй тапсырмасы «Бинго» ойыны барысымен сұралады:




  1. Кендер деп нені айтады?

Жауабы: Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.

  1. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?

Жауабы: Қ.И.Сәтбаев

  1. Жемірілу (коррозия) деген не ?

Жауабы: Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.

  1. Жұмсақ металл?

Жауабы: Литий

  1. Электролиттіу диссоцияя теориясын ашқан ғалым?

Жауабы: С.Аррениус

  1. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?

Жауабы: Силикаттар

  1. Сұйық металл?

Жауабы: Сынап

  1. Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе өткізеді?

Жауабы: 500 есе

  1. Ең қиын балқитын металл?

Жауабы: Вольфрам

  1. Қанның құрамында кездесетін металл?

Жауабы: Темір

  1. Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендіріек металдармен тотықсыздандыру әдісі?

Жауабы? Металлотермия

  1. Шынының формуласы қандай?

Жауабы: Na2O, CaO, 6SiO2 (тақтаға жазу)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

1-бөлім Қайталау-оқу анасы

2-бөлім Білгенге-маржан

3-бөлім Ізденген жетер мұратқа

Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар тапсырылады.
1 – бөлім. Қайталау – оқу анасы.

I топ тапсырмасы:

8 сыныптағы «Д.И.Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан алған теориялық білімдеріңізге сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңіздер. (Периодтық жүйе пайдаланылады)

II топ тапсырмасы:

Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын мына рекция теңдеулерін аяқтаңыздар.


  1. Са+Cl2

  2. Са+S

  3. Са+Н2

  4. Ca+O2

  5. Ca+HCl

  6. Ca+H2O

III топ тапсырмасы:

Тотығу дәрежесі №2-ге тең, 8 гр металл сумен реакцияласқанда 4,48л сутегі (қ.ж.) бөлінді. Металдың Аr анықтап, оны атаңыз.

Шығарылуы: Ме + 2Н О → Ме(ОН) + Н

8/4,48=х/22,4

х =40 г (Са)

Жауабы: Аr = 40 г (Са)

Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салды, ары қарай мұғалім толықтырды.

2 – бөлім. Білгенге – маржан.

Мұғалім тірек-хабарларын пайдалана отырып кальцийдің адам ағзасы үшін маңызы, кальцийдің табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, қосылыстары жайлы әңгімелейді.

Құрамы: Кальций

1808 ж ағылшын ғалымы.

Г.Дэви ашты

IV период Са40

II топ негізгі топша

2е 8е 8е 2е

Маңызы:

Адам ағзасы – 1кг



Орта есеппен күніне – 0,5 гр

Са2+ ----------------- қан ұю

Са3(РО4)2 -------- сүйек,тіс,бауыр,бүйрек,жүрек

Тағамдар --------- сүт, сүзбе, сыр, жұмыртқа














Әктас қалай пайда болды?

Бор-мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Олардың әктентүзелген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас-риф және шеңберлі жартас- атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзелген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген. Ақтау жотасы осылай пайда болған. (Маңғыстау картасынан Ақтау жотасы көрсетіледі).

Ұлутас неоген дәуірінде түзелген. Әсіресе ұлутасқа үстірт бай. Мәрмәр керісінше, әктастың жер қойнауына батып, тереңдегі магма ошағына жақындап, жоғары температурамен қысымның әсерінен, жымдасуынан пайда болған.

Ақтаудағы ақ ұлутас үйлер

Ұлутас шоқылар

Ақтау.Теңіз жағасындағы ғимараттар
Табиғаттағы айналымы.


Калиций карбонатының гидрокорбанатқа және керісінше айналу реакциясы.

Жаңбыр және басқа табиғи сулар ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмірқышқылын түзеді:

Н2О + СО2 → Н2 СО3

Са(НСО)3 → Н2 СО3 ↓ + Н2О + СО2↑

Маңғыстау жері карсты үңгірге бай. Карсты үңгірді жергілікті жерде «кеуек», «ойық» деп атайды. (Булы ойық, Өтебай ойығы) 1915 жылы З.Гейле деген зерттеуші Жыңғылды, Ұры кеуек үңгірлерін зерттеп жазған. Қазір 30-дан аса үңгірлер белгілі. Ірісі Үстіртте. Өлі қолтық, Қарашек, Тұзбайыр, Сағындық, Қарамая, Борлы-мүйіс, Жыланды, Үшауыз, т.б. Үңгір жер асты мешіттерінің салынуына (сәулет, тарих ескерткіштері- Шақпақ Ата, Шопан-Ата, Бекет-Ата, Қараман-Ата ықпал еткен.

Үңгірлердің танымдық, туристік маңызы зор.

ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау.

Үш топқа тапсырма берілді.

1 топ: Оқушылық деңгей.


2-тапсырма:

Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?


3- тапсырма. Зертханалық тәжірибе.

Ғанышты (гипст) қалыпқа құю.

Ғанышқа сұйықтау етіп су қосып, ыдысқа салып, тегістеп, біраз уақыт қойыңыздар. Кепкеннен кейін қалыптан алып, беріктігіне назар аударыңыздар.

2 топ: Эвристикалық деңгей.


2-тапсырма.

Мыны айналуларды жүзеге асырыңыздар:

СаО → Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → Ca(ClO)2
3-тапсырма

Кәрден тостағаншаға 2-3 г кальций оксидін салып, үстіне су құйыңыздар. Кальций оксид суды сіңіріп алады, содан соң ісініп, үгілгеш ұнтаққа айналады. Содан кейін тостағаншаға суды көбірек құйсаңыз, ерітінді алынады. Осы ерітіндінің қандай екенін анықтап реакция теңдеуін жазыңыздар.

3 топ: Шығармашылық деңгей
2-тапсырма

Реакциялардың иондық теңдеулерін құрыңыздар:

1. Са(ОН)2 → СаСО3

2. СаСО3 → Са(НСО3)2

3. Са(НСО3)2 → СаСО3
3-тапсырма Зертханалық тәжірибе

Кальций тұздарын ажырата білу, қарап тану. Ол үшін қарындаш өзегін тұз қышқылына, содан тексергелі отырған металл тұзының ерітіндісіне батырыңыздар. Кейін оны спирт шамының жалынында қыздырыңыздар. Кальций тұзының жалыны кірпіш түсті, ал барий тұзының жалыны жасыл түсті болады.



Ү. Үй тапсырмасын сұрау.
3 бөлім. Ізденген жетер мұратқа.
Үйге тапсырманы дифференциалдап беру.

1 топқа: Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу, тірек хабарларды пайдалана отырып, реакция теңдеулерін жаза білу

2 топқа: Оқулықтағы №10, №11 жаттығу (128-бет)

3 топқа: Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:

«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.
Бағалау бетшесі


Оқушылық деңгей



Аты - жөні

1

2

3

4

қорытынды

баға


1.

Адайханова Г.
















2.

Әбдегов Д.
















3.

Байпақова Г.
















4.

Болатбаева А.
















5.

Досекен А.
















6.

Батырбаев Б.

















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет