Сабақтың тақырыбы: «Кеңістіктегі векторлар»



Дата17.07.2016
өлшемі123.5 Kb.
#205368
түріСабақ
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Қаракөл орта мектебі

Тағашева Гүлмира Жақсылыққызы

Математика пәні мұғалімі,

І санатты

Сабақтың тақырыбы: «Кеңістіктегі векторлар » тарауына есептер шығару.


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қасиеттерді, теоремаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
2.Дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін,өз бетінше жұмыстану дағдысын қалыптастыру,шығармашлықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Алға қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Білімді бекіту.
Техникалық –құралдар мен көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
    2) Мақсатын қою
    3) Білімін тексеру
    4) Есептер мен жаттығулар арқылы білімін тексеру.
    5) Тестілік тапсырмалар
    6) Үйге тапсырма :ІҮ тарауға қосымша есептер № 98,99
    7) Бағалау
    Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа назарларын аудару.

Сабақ «Білім биржасы»зияткерлік ойын түрінде өтеді.Ойынға 5 адамнан тұратын 2топ қатысады.Ойын 4 турдан тұрады.Сабақтың әр кезеңінде топ жетекшісінің көмегі арқылы оқушылардың жауабын есепке алып отыру.(бағалау парағын пайдалану)

1-тур. «Білім аукционы» (сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әр топ ақша қорын жинайды)



  1. Вектор деген не? Векторды қалай белгілейді?

  2. Вектордың абсолют шамасы деген не?

  3. Нөлдік вектор деген не?

  4. Қандай векторлар тең деп аталады?

  5. Векторларды қосудың «үшбұрыш ережесін» тұжырымдап беріңдер.

  6. Векторларды қосудың «параллелограмм ережесін» тұжырымдап беріңдер.

  7. Қандай векторлар коллинеар векторлар деп аталады? Қоллинеар векторлардың қасиеті.

  8. Векторлар арасындағы бұрыш қалай анықталады?

  9. Векторлардың скаляр көбейтіндісі дегенге анықтама беріңдер.

  10. Бірлік векторлар. Векторды үш оське жіктеу.

2-тур. «Таңдау- табыс»

ҰБТ есептері

20

30

40

Физика есептері

20

30

40

ҰБТ есептері:

20 : . а (-2,5,3) мен b (1,с,-1) векторлары перпендикуляр. С саны неге тең?
А) 5 B) -1 C) -2 Д)3 Е) -3

30 : 18нұсқа №9

А(-1;1;0) және в(1;-2; 2) векторларының арасындағы бұрышты есептеңіз

А) в)  с) д) е)

40 : 19 нұсқа №19

Егер  және = 10 болса, + табыңыз.

А)15 в)25 с) 19 д)37 е)5

Физика есептері :



20: 1-суретте жылдамдық V жене үдеу а векторлары көрсетілген. 2-суретте көрсетілген допқа әсер ететін барлық күштердің тең әсерлі күші қалай бағытталған?

А) 1 в)2 с)3 д )4 е)5





V

а

1-сурет 2-сурет

30: шамалары F1=3Н және F2 =4Н болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді, F1және F2 күш векторларының арасындағы бұрыш 90°- қа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз.

А) 7 Н в) 5Н с)1 Н д) Н е)  Н

40 : Массасы 1кг дене жоғарыдан 9м/с 2 үдеумен жерге түскен. Ауаның кедергісін анықтаңыз. g= 9,8 м/с 2

А) 9Н в)1Н с)0,8 Н д) 9,8 Н е)18,8 Н

3-тур Эрудиттер сайысы

Сөзжұмбақтар шешу.

Сөзжұмбақ « Бірлік»


  1. Векторға қатысты негізгі ұғым

  2. Орттар қандай векторлар

  3. Аналетикалық геометрия әдісін ең алғаш ашушылардыі бірі

  4. Екі вектордың қосындысын геометриялық жолмен анықтағанда қолданылатын ережелердің бірі

  5. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі0-ге тең болса, пайда болатын бұрыш

  6. Координаталық жазықтық кеңістікті 8 бөлікке бөледі, осы бөліктер қалай аталады?







Сөзжұмбақ «Вектор»

1.Сан мәнімен қатар бағытымен де сипатталатын шама

2.Бір түзудің не параллель түзудің бойында жататын нөлдік емес вектор

3. Ұзындығы 1-ге тең вектор

4. ОZосі қалай аталады

5. Векторды кескіндейтін кесіндінің ұзындығы

6. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі 0-ге тең болса, олар қандай векторлар?



вв

вв

вв

вв




4-тур. Сыйлықтар аукционы. «Формуланы білесің бе? »

Құрметті: білімділер!

Аукционда сіздерге төмендегідей сыйлықтар ұсынылады. Оларды алу үшін формулаларды жазу керек

№1 лот.

Екі нүктенің арақашықтығын есептеу формуласы



№2 лот

а (а12 ;а3) векторының модулін есептеу формуласы

№3 лот

а (а12 ;а3) және в(в12 ;в3) векторларының скаляр көбейтіндісін есептеу формуласы


№4 лот

а12 ;а3) және в(в12 ;в3) векторларының арасындағы бұрыштың косинусы


Қорытынды.

Бүгінгі «Білім биржасы» зияткерлік ойынында қай топ қандай ұпай жинағанын есептеп, жеңімпаз топ анықталады. Топ жетекшілері әрбір мүшесінің ұпайын есептейді.

Бағалау шкаласы: 5-30 ұпай «3»-тік

30- 80 ұпай «4»-тік



80-жоғары «5»-тік

Үйге : 4-тарауды қайталау, тест тапсырмалары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет