Сыныбы: 6-сынып Пәні: География Күні: 20.01.2015
Мұғалім: Даулет С. М.
Сабақтың тақырыбы: Көлдер
Сабақтың мақсаты: Көлдер туралы оқушылар түсінігін қалыптастыру. Өлке көлдері жайлы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың көлдер, олардың пайда болуы, түрлері жайлы ұғымдарын қалыптастыру.
2. Қазақстанның және дүние жүзі көлдеріне талдау жасау арқылы картамен жұмыс жасау икемділіктерін арттыру.
3. Көлдердің шаруашылықтағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
4. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
5. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Әдіс-тәсілдер: «Ыстық орындық» әдісі, «Постер» қорғау, «Галереяны шарлау» әдісі, «Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі.
Ресурстар: слайд, дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, плакат, маркер, стикер, «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті
Номенклатура: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Ыстықкөл, Ұлы көлдер ( Жоғарғы көл, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио),Танганьика, Байқал.
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Күтілетін нәтиже
|
Бағалау
|
1
|
Ұйымдастыру
|
3 мин.
| -
Оқушылармен сәлемдесу;
-
Сабақта кім жоқ екендігін сұрау;
-
Көлдердің сурет қималарын таңдау арқылы топқа бөліп, жағымды орта тудыру.
| -
Амандасады;
-
Сабақта кім жоқ екендігін айтады;
-
Топқа бөлінеді.
|
Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
|
|
2
|
Үй тапсырмасы
|
6 мин
|
«Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып, үй тапсырмасын сұрау.
-
Сұрақтарды алдын ала қағазға жазып дайындап келеді;
-
Ортаға орындық қойылады;
-
Оқушылардың аты жазылған қағаздардың бірін таңдап алып ортаға сол оқушыны шығарады;
-
Шыққан оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушының атын оқиды;
-
Осылайша жалғаса береді (тез арада жауап беруі керек, егер жауап бере алмаса басқа оқушы жауап бере алады).
Сұрақтар:
-
Өзен дегеніміз не?
-
Өзен бөліктерін «Өзен бөліктерінің көлденең қимасы» суретінен көрсет.
-
Дүние жүзіндегі ең суы мол өзенді атап, картадан көрсет.
-
Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама қай өзеннің бойында орналасқан.
-
Шоңғал дегеніміз не?
-
Өзендердің шаруашылықта пайдалануы жайлы айтып бер.
| | -
Сұрақтарға тез жауап қайтаруға дағдыланады;
-
Сабаққа ынтасы артады;
|
Бас бармақ арқылы бағалау
|
3
|
«Миға шабуыл»
|
2 мин.
|
Түрлі сұрақтар беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату.
|
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
|
|
4
|
Жаңа сабақ.
|
25 мин.
| -
Әр топқа тақырыпшаларды бөліп береді. Түсінгендерін постерге түсіреді.
І топ
-
Көлдер
-
Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған?
ІІ топ
ІІІ топ
-
Көлдердің шаруашылық маңызы
-
«Галереяны шарлау» әдісі бойынша тақтаға ілінген постерлерді әр топтағы оқушылар еркін аралап көре алады.
|
тақырыпшамен жұмыс істейді;
-
Өз ойларын кесте немесе сызба, сурет түрінде плакатқа түсіреді;
-
Бір немесе екі оқушы шығып қорғайды.
|
Ақпаратты өз бетінше оқу және ойлау; сыныптастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе білу; мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту; ақпаратпен жұмыс жасау барысында ынталы болу; белгілеу, тұжырымдау, сұрақ қою; сыныптастарын тыңдау және есту; ақпаратты қысқа да, нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай білу; таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
|
Өзін өзі бағалау; Топты бас бармақ арқылы бағалау.
|
5
|
Бекіту
|
5мин
|
«Тақырыптағы түйінді сөздер» әдісін қолдана отырып, жаңа тақырыпты бекітеді.
Сөздер банкісі Біздің тақырып
|
Оқушы сөздер банкісінде орналасқан сөздер ішінен тақырыпқа қатысты сөздерді таңдай отырып, сол сөздерге анықтама беріп, келесі сөздер банкісіне орналастырады, таңдаған сөздерін картадан көрсетеді.
|
Ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады; ақпаратты өз бетінше түсіну процесін басқара алады; картамен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
|
Мұғалім бағалауы
|
6
|
Қорытындылау
|
2мин
|
Кері байланыс
Нені түсіндім
+
|
Неден қиналдым
-
|
Сабақта не қызық болды?
|
|
|
|
|
Стикерге бүгінгі сабақ туралы ойын жазып плакатқа жабыстырады.
|
Рефлексия жасайды.
|
Кері байланыс
|
7
|
Үйге тапсырма
|
2 мин.
|
«Көлдер» тақырыбын оқу, ірі көлдерді кескін картаға түсіру, Қазақстандағы ірі көлдерге сипаттама беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |