Сабақтың тақырыбы: КҮЗ. Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі32.7 Kb.
#149526
түріСабақ
С.Сейфуллин атындағы

№12 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Өмірәлиева Бағила




ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Сабақтың тақырыбы: КҮЗ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары туралы түсінік беру, түсініктерін кеңейту.

  2. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзінің жұмыс істеуге ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету.

  3. Табиғатты қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, таблицалар, суреттер, кітаптар, ватман қағаз, ( М.Дулатов) портреті, т.б.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Венн диограммасы, (5 жолдон өлең ), топпен жұмыс, салыстыру кестесі, топтық тапсырма.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  3. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

  • Өлең жатқа айтқызу.

4 «Ой қозғау» I Қызығушылықты ояту.

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман тойлайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)


  • Күз мезгіліндегі айларды ата.

  • Күз – береке, күз – байлық деу себебіміз не?

  • Неге алтын күз дейміз?

  • Табиғаттағы құбылыстарды атақтар.

  • Олай болса,күз дегенде ойымызға не түседі? Топтастыру әдісімен жауап жазғызу.

Күн қызқарып

Құстар ұшып жатыр

түн ұзарады Жапырақтар

сарғаяды
Жел соғады Бидайдайды

орады,шық

түседі.

Жеміс жидектер

піседі Жаңбыр жауады,

Ауа бұлыттанады.




  1. Оқушыларды орталықтарға бөліп алып, тапсырмаларды меңгерту.

1 Оқу орталығы

2 Жазу орталығы

3 Ғылым орталығы

4 Өнер орталығы

II Мағынаны тану.

Жаңа сабақ:1)Оқушыларға жаңа тақырыпты таныту, меңгерту.

2 Күз мезгілі жайында суреттер, плакаттар арқылы аңгіме жүргізу.

3 Мәтіннің авторы М.Дулатов жайында мағлұмат беру.

Міржақып Дулатов қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері.Ол қазіргі Қостанай обылысының Торғай өңіріндегі Сарықопа деген жерде туған.Ақынның »Оян қазақ» кітабы елін еркіндікке, ғылым – білімге шақырады.Жастарды елін сүюге үндеді. Ол жалған жаламен ұсталып , айдауда жүріп қайтыс болады.



5 Оқулықпен жұмыс. II Мағынаны таныту.

1 Оқу орталығы

- Мәтінді мәнерлеп, азат жолмен оқыту.

- Түсінгенін өз сөздерімен әңгімелеу.

2 Жазу орталығы

- шыбын – шіркей, қустардың аттарын жазғызу.

-»Күз» тақырыбына шағын эссе жазғызу

3 Ғылым орталығы

- Түсініксіз сөздерді табу.

-Қате оқыған сөздерді табу.

-Сөзжұмбақтар құрату.



4 Өнер орталығы

- Мәтіндегі көрініске сурет салу.

-Әндер орындату. »Құстар қайтып барады?», »Табиғатым».

III Ой толғаныс стратегиясы.

Топпен жұмыс.

1 Оқу орталығы:Мақал – мәтелдер айту.

2 Жазу орталығы:Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

3 Ғылым орталығы:Жұмбақтар шешу.

4 Өнер орталығы:Ән орындату.

Салыстыру кестесі.

Бау Бақша

Жемістер. Көкеністер.

Алма,алша Қызанақ.

Алмұрт. Қияр, сәбіз

Банан, анар Орамжапырақ.
Айырмашылығы

Бұтақта, ағашта Жерде өседі.

өседі.

Венн диограммасы

Күз Көктем


  1. Жолды өлең стратегиясы.

Не ? –Күз

Қандай ? – алтын, сары, барқыт.

Не істейді ? – жауады, сарғаяды, кетеді.

Күз – мезгілі қандай тамаша!

Күз – молшылық, байлық.

IV Қорытынды сабақ: 1 Сұрақ-жауап әдісімен сабақты бекіту.


  • Күз мезгілі жайында не түсіндіңдер?

  • Мәтіннің авторы кім?

  • Табиғаттың бізге беретін силарын өз үлестеріңді қосыңдар.

2 Оқушылардың білімдерін, орталықтардың атқарған жұмыстарын бағалау.

3 Сабақты қорыту мақсатында »Табиғатым» әнін орындату.

V Үйге тапсырма:

1 Мәтінді түсініп оқу.



2 Мәтінге эссе жазу.

3 Мәтіннің мазмұнына сурет салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет