Сабақтың тақырыбы «Ұлы дала ұлағаттары»



бет1/2
Дата16.02.2024
өлшемі45.1 Kb.
#492100
түріСабақ
  1   2
6к жоспар


Сабақ жоспары

Мектеп

«Рахат №1 орта мектебі»

Сыныбы

6 «К»

Пәні

Қазақ тілі

Күні

06.12.2023 ж

Бөлім

5-бөлім. Тарихи тұлғалар

Сабақтың тақырыбы

«Ұлы дала ұлағаттары»

Оқу мақсатына сәйкес бағдарламадағы оқу мақсаты

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын тілдік ерекшелігін салыстыру;
6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.



Сабақ мақсаты

-ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын тілдік ерекшелігін салыстырады;
-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі.




Сабақ барысы

Сабақ кезеңі
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Сабаққа дайынбыз ба?


«Мен таптым» ойыны
Орындалу шарты: оқушылар кезектесе отырыпы, ретпен санап шығады. 7 санына келгенде «Мен таптым» сөзін айтуы керек. 7 санын айтып қойған оқушы ойыннан шығарылады.


«Қораптағы сөз» ойыны
Оқушыларға қорап ішінде сөздер ұсынылады. Бір оқушы шығып, қораптағы сөзді алып, қалған оқушыларға оны сипаттап, сөзді табуы тиіс.
Берілген сөздер: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, ұлы дала, ұлағат.

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.


Бағалау шкаласын түсіндіру.



Мұғаліммен амандасады. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар 1-6 аралығындағы сандарды ретімен айтып, 7 санына келгенде «Мен таптым» сөзін қайталау керек.

Бір оқушы қораптан сөзді алып сипаттауы тиіс. Ал қалған оқушылар қораптан жасырылған сөзді табулары тиіс.


Сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады.



ҚБ
-Жарайсың!
-Керемет!
-Жақсы.
ҚБ
-Жарайсың!
-Жақсы!
-Жауапты толықтыру керек



Қорап
сөздер



Сабақтың ортасы



Стиль және стиль түрлерін қайталау.


1-тапсырма
Білім алушыларға ресми және ауызекі сильдегі мәтін беріледі. Оқушылар сол мәтіннің біріндегі мәтіндердің тақырыптық ерекшелігін, мазмұндық ерекшелігін, тілдік ерекшелігін салыстыра отырып ажыратып кестеге жазып шығады.

Стиль

Мазмұндық ерек.

Тақырыптық ерек.

Тілдік ерек.

Ауызекі










Ресми












2-тапсырма
«Балмұздақ арбасы» әдісі
Оқушыларға арбада әртүрлі сөздер беріледі. Оқушылар арбадағы сөздерді кездейсоқ таңдап, сөздердің эвфемизм, дисфемизм немесе көнерген сөз екенін анықтап, бағандарға бөліп жазады. Әр бағандағы 1 сөзді таңдап алып, сөйлем құрастырады.



Оқушылар стиль түрлерін еске түсіріп, қайталайды.

Оқушылар мәтінді оқып, екі мәтінді өзара салыстырады. Ауызекі және ресми стильдің мазмұндық, тақырыптық және тілдік ерекшеліктерін жазып шығады.


Оқушылар кейздейсоқ ұсынылған сөздердің көнерген сөз, эвфемизм немесе дисфемизм екенін анықтап, сөйлем құрастырып, ерекшеліктерін талдайды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет