Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Асусай орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Сулейменова Макен Қанағатқызы
Сабақтың тақырыбы:
« Математикалық сандық» ойыны
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, есте сақтау қабілетін шыңдау,
оқушылардың білімге құштарлығын арттыру; оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; оқушыларды өзара жарыстыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамытып, әрбір жеке тұлғаның дамуына шығармашылық жағдай жасау.
Түрі: Топтық сайыс сабағы
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2.Бәйге
3.Математикалық хоккей
4.Ғажайып алаңы /есептер шығару
5.Кім жылдам?
6.Минитест
Қолданылатын нақыл сөздер:
«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы»
/К.Гаусс/
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика»
/М.В.Ломоносов/
Ортада 5-6 сынып оқушыларынан құрылған Алғырлар, Тапқырлар тобы
I тур.Таныстыру /Әр команда өздерін таныстырады/
IIтур.Бәйге /Әр топ1 мин.ішінде 15 сұраққа жауап беру керек/
IIIтур. Математикалық хоккей
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден оқушы шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43· 19 -26928׃33)·(16112׃ 53 -304)
IVтур.Ғажайып алаңы
-
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
40
|
40
|
40
|
Vтур. Кім жылдам ?
1)Егер оқушылар орындыққа бір оқушыдан отырса, екі оқушыға орын жетпейді. Егер оқушылар бір орындыққа екі оқушыдан отырса екі орындық артық қалады. Ойынға неше орындық қатысты? Неше оқушы бар?
Жауабы: 8 оқушы, 6 орындық
2) Координаталық түзуді кім енгізді?
А)Ньютон В) Декарт С) Галуа
2.Жиын теориясының негізін қалаушы?
А)Ньютон В)Галуа С)Кантор
3.Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай математик енгізген ?
А) Лейбниц В)Галуа С)Кантор
Жауаптары: 1)В 2)А 3)С 4) В 5)А
VI тур.Минитест
10100 саны
А) миллион В) триллион С) гугол
2.Асхат дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
А) 2000 т В) 3070 т С) 1540 т
3. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді ?
А) Теңдік В) Әдемілік С) Музыка
4. Ең кіші жай сан
А) 0 В)1 С)2
VII.Қорытынды
Сайыста ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанды.Жүргізілген жұмыстардың қорытындысынан оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын саралап, сабақ барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақталда.
VIII. Үйге тапсырма: Қосымша есептер
Достарыңызбен бөлісу: |