Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыш взводы мен ротасын ұйымдастыру және ұрыс қимылдарының негіздері



Дата01.07.2016
өлшемі35.34 Kb.
#169770
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыш взводы мен ротасын ұйымдастыру және ұрыс қимылдарының негіздері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тактика ілімі туралы түсінік беру,Ұрыс және оның түрлері туралы түсіндіру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –7 мин.

  • Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жалпы әскери жарғы талаптарының негізгі бағыттарын айтыңдар.

  • Әскери қызметшілерді шынықтыру тәсілдері туралы айтыңдар.

  • Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау қандай жолдармен жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Тактика –ұрыс туралы ілім.Ол Қарулы Күштердегі барлық әскер түрлерінің бөлімшелері мен бөлімдерін ұрысқа дайындау мен ұйымдастыру және жүргізудің теориясымен тактикасын қамтиды.

Тактиканы дұрыс таңдап алудағы мақсат - ұрыста жеңіске жету.Тактика өнері жетілген сайын және жауынгерлер ,бөлімдер мен бөлімшелертактикалық тәсілдер мен әрекеттерді неғұрлым көп игерген сайын ,жеңу мүмкіндігі де соғұрлым мол.

Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

Мотоатқыш взводының құрамында взвод командирі,взвод сержанты және үш мотоатқыш бөлімшесі болады.Сондай-ақ взводта жаяу әскер ұрыс машинасы –ЖҰМ,Макаров тапаншалары,Калашников қол пулеметі мен автоматтары,танкіге қарсы қол гранатаатқыштары,танкіге қарсы және жарықшақты қол гранаталары болады.Мотоатқыш ротасы үш мотоатқыш взводынан құралады.Ротада атқыш-зенитшілер болуы мүмкін.

Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақ пен ұрыс техникасына ие бола бола отырып,қарсыластың ұрыс техникасын және атыс құралдарын,адам күшін бірден жоюға қабілетті. Олар жоғарғы қарқынмен шабуылдап және ауа райы,жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан қорғаныс ұрысын қажырлы түрде жүргізе алады.

Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның түрлері

Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлеріінің,бөлімшелері мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы.Ол жеңіске жетудің бірден бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау , сондай-ақ маңызды аудандарды басы палу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай ұрыстың мынадай түрлері болады:шабуыл,қорғаныс, бетпе-бет ұрыс.

Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі.Ол қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады.Шабуылдың мәні-қарсыласты қолда бар құралдың көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылыжәне алынған нәтижені тиімді пайдалана отырып,қарсылас орналасқан жерге сұғына ену,адамдарды,қару-жарақтарды, ұрыс техникасын қолға түсіру және қарсылас аумағын басы палу.

Қорғаныс – қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып,оның шабуылын тойтару,маңызды аудандарды бермей ұстап тұру,сол арқылы әскерлердің қарсы шабуылға шығуына жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі.Қорғаныс ең алдымен,қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қайтару,жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен сипатталады.

Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түйіскен жағдайда немесеонымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Бетпе-бет ұрыс- шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады.Ол екі тараптың да алдыеа қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады.

Бетпе бет ұрыс- шеру жасайтын әскерлерге тән.Сондай-ақ ол ұрыс барысында:шабуылда – шабуылдаушы қарсыластың қарсы шабуылынтойтару кезінде пайда болуы мүмкін.Бетпе бет ұрыс кезіндегі әскерелердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік қашықтықта шабуыл жасау;оның ұрыстық ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу;тыл және қапталдан соққы беру;қарсыласты бөлшектеп талқандау.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  • Тактика дегеніміз не?

  • Мотоатқыш взводының құрамын ата.

  • Қару –жарақтарын ата?

  • Ұрыс дегеніміз не?

  • Ұрыстың түрлерін ата?

  • Шабуыл дегеніміз не?

  • Қорғаныс дегеніміз не?

  • Бетпе-бет ұрыс дегеніміз не?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет