Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы



Дата12.06.2016
өлшемі52.69 Kb.
#129794
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы:. Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ядролық қарудың зақымдаушы факторларымен таныстыру.



  1. Уақыты: 45 мин.



  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

  • Азаматтық қорғаныс дегеніміз не және ол қандай міндеттерді шешеді?

  • Объектілердегі Азаматтық қорғаныс қалай ұйымдастырылады?

  • Объектілерде қандай құрамалар құрылады және олардың атқаратын міндеттері қандай?

  • АҚ негізгі міндеттерін шешу үшін не істеуі керек?

б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Шет мемлекеттер армияларының жаппай жою қаруы. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары. Ядролық жарылыстың соққы толқыны.

Қазіргі кезде шет мемлекеттер армияларының жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық және ваккумдық қарулар жатады. Олар қысқа мерзімде, кең аумақты саны көп адамдар мен хайуанаттарды зақымдауға қабілетті. Сонымен қатар ядролық қару мен ваккумдық қару ғимараттарды, құрылыстарды және басқа объектілерді қиратыуы мүмкін.

Жаппай жою қарудың (ЖЖҚ) басқа қаруға қарағанда өз ерекшеліктері болады:


  • зақымдаушы факторлардың (ЗФ) әсер етуінің көлемдігі;

  • (ЗФ) әрекетінің ұзақтығы;

  • кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі;

  • үлкен моральдық-психологиялық әсер етуі;

  • әскерлердегі жеке құрамның, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі объектілер мен жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізудің қажеттілігі.

Ядролық қару.

Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығарылатын, ішкі ядролық қуатты пайдалануда негіз әрекетті қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың қуаты тротил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезіндегі бөлініп шығарылатын қуаты.

Шет мемлекеттердегі армияларда ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу құралы – ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Содан басқа, ядролық фугастар да қолданылуы мүмкін.

Ядрлолық жарылыстар ауада, түрлі биіктікте, жер (су) үстінде және жер (су) астында жүзеге асырылады. Соған сәйкес, оларды биіктегі, ауадағы, жер (су) үстіндегі және жер (су) астындағы деп бөлуге болады.

Жарылыс болған нүкте – орталық, ал жер (су) үстіндегі оның проекциясы эпицентр деп аталады. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары: соққы толқын, жарықтық сәулелену, өткір радиация, электромагнитті импульс.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары.

Ядролық оқ-дәрі жарылған кезде секундтың миллионнан бір үлесінде орасан көп мөлшерде энергия бөлініп, жарылыс өту аймағында температура бірнеше миллиондаған градусқа жетіп, ал ең үлкен қысым атмосферада миллиардқа жетеді. Жоғарғы температура мен қысым өте күшті соққылы толқынды туғызады. Соққы толқын және жарықтық сәулеленумен қатар, ядролық жарылыстың нәтижесінде өткір радиация шығару жүргізіледі. Жарылыс бұлтында көп мөлшерде радиоактивті өнімдер шығарылады. Бұл бұлттың жылжу жолында одан радиоактивті өнімдер түседі де, соның нәтижесінде жергілікті жер, объекті мен ауа залалданады.

Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электромагнитті импульс (ЭМИ) түзіледі. Ядролық жарылыстың негізгі ЗФ осылай пайда болады.

Әуедегі жарылыс кезінде жарық жарқылдаған соң сфера түріндегі жарқырауық аумақ құрылады. Жарқырауық аумақтың үстіңгі бетінде температура мен қысым күрт төмендейді. Қызған газ қоршаған ауа қабатын ығыстыра, қозғалысқа келтіре отырып, оны тез кеңейтеді. Ауаның бір қабаты екінші қакбатын ығыстыра отырып, әуедегі соққы толқын ретінде жарылыс болған жерден біраз қашықтыққа тарайды. Осы кезеңде жарылыс нүктесінен қоршаған кеңістікке өткір радиация мен жарықтық сәулелену бөлінеді. Жарқырауық аумақ уақыт өте суынып, көтеріледі де, бұрқыраған радиоактивті бұлтқа айналады. Сол уақытта жерден шаңды бақан көтеріліп, соның нәтижесінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт түзіледі. Жарылыстан соң 10-15 минут өткенде, бұлт ең биік шегіне дейін көтеріледі, ал бұлттың көтерілу биіктігі оқ-дәрінің күшіне қарай 5-20км-ге жетеді. Сосын бұлттың өзіне тән формасы бұзылып, жел бағытымен қозғала отырып, тарап кетеді. Әуедегі ядролық жарылыстың екі түрі бар: төменгі және жоғарғы.

Жер (су) үсті ядролық жарылысы кезіндегі жарқылдауық аумақ жарты сфера формасында болады. Егер жер (су) үстіндегі ядролық жарылыс жер бетінде немесе оған тікелей жақын жерде жүргізілсе, бұлтқа көп мөлшерде топырақ (су) көтеріледі.

Жер асты ядролық жарылысы кезінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт болмайды. Жарылыс болған жерде үлкен шұңқыр пайда болады. Әуедегі соққы толқынның күші біраз әлсірейді, бірақ топырақты ығыстыру толқыны жерде терең объектілердің пайда болуына әкеп соғады. Бұл кезде жер ядролық жарылыс ауданы мен бұлттың қозғалу жолында күшті радиоактивті залалдану жүреді.

Су асты жарылысы кезінде жоғарғы жағында саңырауқұлақ тәрізді бұлты бар су бағанасы түзіледі, оны жарылыс сұлтаны деп атайды. Судың түсуі бұл сұлтанның төменгі жағында тамшы мен су шашырандысы және құйын тәрізді сақиналардың түзілуіне әкеп соғады. Одан кейін жарылыс сұлтаны мен базисті толқыннан су бұлты түзіледі. Одан кейін радиоактивті жаңбыр жауады.

Ядролық жарылыстың соққы толқыны.

Ядролық жарылыстың соққы толқыны – негізгі залалдаушы факторлардың бірі. Соққы толқынның қандай ортада туып, тарауына (суда, топырақта) қарай оны ауа толқыны, соққы толқын (суда) және сейсможарылғыш толқын (топырақта) деп бөледі.



Ауа соққы толқыны деп ауаны шұғыл түрде қысып ұстап, содан кейін жарылыс орталығынан жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен жан-жаққа тарататын аумақ айтылады. Құрамында энергияның мол қоры болғандықтан, ядролық жарылыстың соққы толқыны адамдарға зақым келтіріп, әр түрлі құрылғылар, қару-жарақтар мен әскери техниканы және басқа да объектілерді қирата алады.

Жарылыстан соң белгілі бір уақыт өткеннен кейін кеңістіктің белгілі бір нүктесінде қысым мен температура лезде көтеріліп, ауа соққы толқын бағытымен тарай бастайды. Уақыт өткен сайын қысым төмендейді де соққы толқынның күші атмосфера қысымымен теңеседі. Қысымның одан әрі төмендеуі ыдырауға әкеп соғады. Бұл уақытта ауа жарылыс жағына қарай қозғала бастайды. Төмендеген қысым әсері тоқтаған кезде ауа қозғалысы да тоқтайды.



Жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы соққы толқынының зардабынан қорғаудың негізгі тәсілі – оларды артық қысым мен жылдамдық тегеуріні әсерінен оқшаулау болып табылады. Ол үшін тасалар (паналар) қолданылады. Бүркемеленген орлар зақымдау әрекетінің радиусын 2 есе, ал блиндаж 3есе кемітеді. Ал 10м-ден артық тереңдіктегі жер астының берік құрылысында орналасқан жеке құрам бұл ауадағы ядролық жарылыстың эпицентрінде болған күнде де жарақаттанбайды.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ядролық қару дегеніміз не?

  • Ядролық жарылыстар ненің көмегімен жүзеге асырылады?

  • Ядролық жарылысты неше түрге бөледі?

  • Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңдар.

  • Соққы толқын дегеніміз не?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет