Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері



бет1/32
Дата12.03.2024
өлшемі2.99 Mb.
#495109
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
7геометрия


Сабақ жоспары
Бекітемін:

Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Аты; Тегі; Әкесінің аты бар болса):

Умбетова Меруерт Мирзамидиновна

Пән/Сынып:

7 сынып

Күні:




Сабақтың тақырыбы:

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.3
екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

Сабақтың мақсаттары:

Параллель түзулер белгілерін ажырату
Параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану. Параллельдік белгілерін дәлелдеп түсіндіру

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың атаулары;

  • -түзулердің параллельдік белгілері.

  • -түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану.

"Миға шабуыл" әдісі
1. Үшбұрыш дегеніміз не?
2. Үшбұрыштың элементтерін ата?
3. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
4. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
5. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?
6. Үшбұрыш биіктігі дегеніміз не?
Үйге тапсырмасын тексеру. №5, №6 /есептер жинағынан/


Сұрақтарға жауап береді





белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»





Оқу құралдары; оқулық; слайд; бағалау парақтары

Презентация



15 мин

Жаңа сабақ

Видеотүсіндіру.
a және b түзулерін қиюшы деп аталатын үшінші c түзуімен қиғанда 8 бұрыш пайда болады.
Пайда болған бұрыштардың кейбір жұптарының арнайы аттары бар:

  • ∠3 және ∠5, ∠4 және ∠6 – ішкі айқыш бұрыштар;

  • ∠1 және ∠7, ∠2 және ∠8 – сыртқы айқыш бұрыштар;

  • ∠3 және ∠6, ∠4 және ∠5 – ішкі тұстас бұрыштар;

  • ∠2 және ∠7, ∠1 және ∠8 – сыртқы тұстас бұрыштар;

  • ∠1 және ∠5, ∠2 және ∠6, ∠3 және ∠7, ∠4 және ∠8 – сәйкес бұрыштар.

Түзулердің параллельдік белгілері

Түзулердің параллельдігінің бірінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.
⠀⠀Берілгені: a және b – берілген түзулер, AB – қиюшы, ∠1 = ∠2.
⠀Дәлелдеу керек: a ∥ b.
Түзулердің параллельдігінің екінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған сәйкес бұрыштар тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.
⠀⠀Түзулердің параллельдігінің үшінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.



Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады





Дескриптор:
-Түзулердің параллельдік белгілерін біледі
- Теореманы дәлелдейді

- Сызбасы



Интернет ресурстары

10
минут



Бекіту тапсырмасы

Тапсырма №1.Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады. Параллель түзу салу, оны қандай да бір түзумен қияды, пайда болған бұрыштарды нөмірлейді. Айқыш, сәйкес, тұстас бұрыштарды ажыратады.
№2. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар.
1.Параллель түзулер сызып, оларды белгіле.
2. Жердің Меридиандары мен параллельдері қиылысқанда, қандай түзулер пайда болады?
1. Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең перпендикуляр жүргізіңдер.
2. Бір-бірімен әрі параллель әрі перпендикуляр болатын үш түзу сызыңдар
3. Оқулықпен жұмыс. №3.1

Берілген тапсырмаларды орындайды.




Жауабы. 1200

Білім алушы берілген дескрипторға сәйкес тапсырмаларды орындайды.


Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет