Күні: 14.04.2010жыл
Класы: 9
Пәні: Геометрия
Сабақтың тақырыбы: Параллелепипед. Призма. Пирамида.
Сабақтың мақсаты: Кубтың көлемін, толық бетінің ауданын, қырын, қарама -қарсы жақтарының арақашықтығың, қырының ұзындығын, пирамиданың, тік призманың толық бетінің ауданын табуды игерту.
Сабақтың білімділік мақсаты: Параллелепипед, призма, пирамида жайлы түсініктерін қалыптастыру;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тақырыпты өмірмен, шығу тарихымен байланыстыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ойын элементтері арқылы ынтасын арттырып, логикалық ой - өрісін дамыту;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, өзара оқыту, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Модельдер, бағалау парағы, слайдтар, кеспе қағаздар.
Сабақтың құрал-жабдығы: Power Point бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта, сызғыш
Сабақтың пәнаралық байланысы: Политехникалық пәндермен байланыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесіп, түгелдеу. Сабақтың мақсатын айтып өту.Топқа бөлу. Әділ-қазы алқасын сайлау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Есеп №273
1. Берілгені: Куб а
a=5 см
_____________________
Табу керек: V,Sт.б. а
а
Шешуі: V=a3=(5см)3=125см3
Sт.б.=6a2=6∙(5см)2=150см2
Жауабы: V=125см3; Sт.б.=150см2
2. Берілгені: Куб
a=3,2дм
_____________________ а
Табу керек: V; Sт.б.
Шешуі: V=a3=(3,2дм)3=32,768дм3
Sт.б.=6a2=6∙(3,2дм)2=61,44дм2
Жауабы: V=32,768 дм2; S=61,44 дм2
Ә) Параллелепипед, призма, пирамида жайлы түсінігін сұрау:
Әр топ мүшелері өз тобының тақырыбын қорғайды.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
1) Анықтама
Әрбір жағы параллелограмм болып келетін көп-
жақты параллелепипед деп атайды.
Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістік денені
с тікбұрышты параллелепипед деп атайды.
. b Кеңістік денені шектейтін тіктөртбұрыштарды
оның жақтары, тіктөртбұрыштардың қабырғаларын
а қырлары деп, ал олардың төбелерін тікбұрышты
параллелепипедтің төбелері деп атайды.
Тікбұрышты параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Бір төбеден шығатын қырлары тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін V=abc формуласымен табамыз. Мұңдағы a,b,c – оның өлшемдері.
S=2(ab+bc+ac)
-
Анықтама
Табандары параллель жазықтықтарда жататын
тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары
табандарына перпендикуляр болатын кеңістік
денелерді тік призмалар деп атайды. Тік призманың
бүйір қыры оның биіктігі болып табылады.
Куб, тікбұрышты және тік параллелепипедтер
призмаларға жатады. Призманың толық бетінің
ауданы Sт.б.=Sб.б.+2Sтаб.
Призма түрлері: алтыбұрышты, төртбұрышты,
Үшбұрышты.
3) Анықтама
Пирамиданың көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны
бар, бүйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан
тұрады. Ортақ төбені пирамиданың төбесі дейді.
Пирамиданың табанының қабырғалар саны оның
атауын және бүйір жақтарының саның анықтайды.
Табандарының және бүйір жақтарының
аудандарының қосындысы пирамиданың толық
бетінің ауданы деп аталады.
Sт.б.=Sб.б.+Sтаб.
Тік призма мен пирамида көпжақтар деп аталатын
геометриялық денелерге жатады.
Көпжақтың бір жағына жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні оның диагоналі деп атайды.
ІҮ Деңгейлік тапсырмалар
5-тік ұяшық
1. Тік призманың ең аз болғанда қанша жағы болуы мүмкін?
Жауабы: 5
2. Сегізжақты тік призманың табандары қандай көпбұрыштар болуы мүмкін?
Жауабы: Сегізбұрыш
3. Бесжақты пирамиданың табаны қандай көпбұрыш болуы мүмкін?
Жауабы: Бесбұрыш
4. Бесбұрышты тік призманың қанша төбесі, жағы, қырлары бар?
Жауабы: 10 төбесі, 7 жағы, 15 қыры
5. Алтыбұрышты пирамиданың қанша төбесі, жағы, қырлары бар?
Жауабы: 7 төбесі. 7 жағы, 12 қыры
10-дық ұяшық
1. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.
Sтаб (м2)
|
Һ (м)
|
V(м3)
|
1,2
|
4
|
?
|
Жауабы: 4,8 м3
2. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.
Sтаб (м2)
|
Һ (м)
|
V(м3)
|
6
|
?
|
3,6
|
Жауабы: 0,6 м
3. V = a b c формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.
а(м)
|
b (м)
|
с (м)
|
V(м3)
|
3
|
7
|
?
|
210
|
Жауабы: 10 м
4. V=Sтаб∙h формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.
Sтаб (м2)
|
Һ (м)
|
V(м3)
|
?
|
0,2
|
0,26
|
Жауабы: 1,3 м2
5. V = a∙ b ∙c формуласын пайдаланып, белгісіз шаманы тап.
а (м)
|
b (м)
|
с (м)
|
V(м3)
|
5
|
8
|
12
|
?
|
Жауабы: 480 м3
15-тік ұяшық
1. Параллелепипедтің көлемін тап.
Шешуі: V = a ∙b∙ c =10∙3∙15=450 см3
. 15см
Жауабы: 450 см3
3см
10см
2. Барлығы қанша кубик?
Шешуі: 5∙4∙6=120 кубик.
3. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін тап.
9 см
2 см
5 см
Шешуі: V = a b c =5∙2∙9=90 см3
Жауабы: V=90 см3
4. Барлығы қанша кубик?
Шешуі: 3∙2∙4 = 24 кубик
5. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 15 см, биіктігі 20 см, ені 8см.
көлемін тап.
Шешуі: V = 15∙20∙8=2400 см3=2,4 дм3
20-лық ұяшық
-
№274 (1) есеп
-
Берілгені: Тікбұрышты параллелепипед
а=1,2 м c
b=3м
c=6м b
___________________________________ a
Табу керек: V; Sт.б.
Шешуі: V = a b c =1,2м∙3м∙6м=21,6 м3
Sт.б.=2(ab+bc+ac)=2(1,2∙3+3∙6+1,2∙6)=57,6м2
Жауабы: V=21,6 м3
Sт.б.=57,6м2
2. №274 (2) есеп
Берілгені: Тікбұрышты параллелепипед
а=3дм
b=6дм
c=4,2дм
___________________________________
Табу керек: V; Sт.б.
Шешуі: V = a b c =3дм∙6дм∙4,2дм=75,6 дм3
Sт.б.=2(ab+bc+ac)=2(3∙6+6∙4,2+3∙4,2)=111,6м2
Жауабы: V=75,6 дм3
Sт.б.=111,6м2
3. №275 (1) есеп
Берілгені: Куб
V=64дм3
____________________
Табу керек: а
Шешуі: V=a3 болғандықтан, == 4дм
Жауабы: 4 дм
4. №277 (1) есеп
Берілгені: Куб
Sт.б.=96 см2
_______________________________________
Табу керек: а
Шешуі: Sт.б.=6а2;
6а2=96
а2=96:6
а2=16
а=4
Жауабы: а=4см
5. №277 (2) есеп
Берілгені: Куб
Sт.б.=864 см2
_______________________________________
Табу керек: а
Шешуі: Sт.б.=6а2;
6а2=864
а2=864:6
а2=144
а=12 см
Жауабы: а=12см
25-тік ұяшық
1. №275 (2) есеп
Берілгені: Куб
V=54 см3
____________________
Табу керек: а
Шешуі: V=a3 болғандықтан, == =3см
Жауабы: 3см
2. №276 есеп
Берілгені: Куб
d=a
____________________
Табу керек: Кубтың қарама-қарсы
жақтарының ара қашықтығын
Шешуі:
Кубтың қарама-қарсы жақтарының арақашықтығы
кубтың қырына тең. Кубтың қырын х деп белгілеп алайық.
х2+х2=а²
d х 2х²=а²
х а х х²=
х х=немесе х=
Жауабы: х=
3. №278 есеп
Берілгені: Пирамида
Т
h
абаны квадрат
а=4 см hh
һ= 5 см
Табу керек: Sт.б.
Шешуі: Sт.б.= Sтаб + Sб,б = а2 + 4 a
Жауабы: Sт.б. = 56 cм2
4. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналы 9см, ал бүйір қыры 7см. Оның табанының қабырғасын табыңдар.
Берілгені: Призма
Табаны квадрат
D= 9см
Һ= 7cм
_________________________
Табу керек: а
Шешуі: d2 = D2 – h2 = 81-49= 32
a2 + a2 = d2
2a2 = 32
a2 =16
a = 4cм
жауабы: a=4cм
5. Пирамиданың табаны – диагоналі 12см –ге тең тіктөртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10см – ге тең. Пирамиданың биіктігін табыңдар.
Берілгені: Пирамида
Табаны тіктөртбұрыш
АС = 12cм
AS = BS=CS=DS =10cм
____________________________
Табу керек: Һ
Шешуі: AC=12cм болғандықтан , АО=
h = ===6cм
Жауабы: Һ=6cм
VI Тест есептері
1) Кубтың көлемі 125 см 3. Кубтың қырын тап.
А) 25см В) 15 см С) 5 см Д) 125 см
2) Параллелепипедтің табан ауданы 12 см2, биіктігі 7см. Көлемін тап.
А) 84см3 В) 19 см3 С) 38 см3 Д) 168см3
3) Тікбұрышты параллелепипедтің үш өлшемі берілген. а= 3cм, в=8см, с=10см. Параллелепипедтің толық бетін тап.
А) 110см2 В) 134 см2 С) 240 см2 Д) 268см2
4) Пирамиданың табанының ауданы 16 м2 , бүйір бетінің ауданы 24м2. Пирамиданың толық бетін тап.
А) 40м2 В) 64м2 С) 58м2 Д) 88м2
5) Тік призманың табан қабырғасы 5 см болатын дұрыс үшбұрыш. Призманың бүйір қыры 16 см. Призманың бетінің ауданын тап.
А) 80 см2 В) 240 см2 С) 400 см2 Д) 21 см2
VI Сайыс қорытындысын шығару
Әділ-қазы алқасына сөз беру. Жеңген топты анықтау.
ҮІI Тақырыптың ғылымилығы, өмірмен байланысы.
Куб, параллелепипед, призма, пирамида – барлығы көпжақтар. Көпжақтар біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл бұрын Египет пен Вавилонда бастау алған. Көпжақтардың түрлері әдемі, мысалы дұрыс көпжақтар, жартылай дұрыс көпжақтар, жұлдызды көпжақтар. Көпжақтың тарихы өте бай, олар Пифагор, Евклид, Архимед аттарымен тығыз байланысты.
Египет пирамидасы бәрімізге белгілі, соның ішінде ең атақтысы Хеопс пирамидасы. Ол дұрыс пирамида, табаны квадрат. Табанының қабырғасы 233м, биіктігі 146,5м. Хеопс пирамидасы геометрияның тілсіз трактаты деп жәйден-жәй айтылмайды.
Көпжақтардың түрлері тірі табиғатта кеңінен кездеседі. Суретте бейнеленген алмаз – октаэдр, шеелит – пирамида, хрусталь – призма, ас тұзы – куб. Теңіздің түбінде өмір сүретін балықтар азық ететін феодария жұлдызды көпжаққа ұқсайды.
ҮІІI Үйге тапсырма
1.№279 есеп.
2. Параллелепипед, призма, пирамида - модельдерін жасап, сандық мәнімен көлемі мен толық бетін табу.
3. Дарынды балаға тапсырма: «Көпжақтардың тарихы», «Дұрыс көпжақтар» тақырыбында ізденіп, реферат жазу.
IX Бағалау
Бағалау парағы бойынша бағалау.
Бағалау парағы
Аты-жөні:_____________________
Үй тапсырмасы (5-10 ұпай)
|
Тақырыпты қорғау
(5-10 ұпай)
|
Деңгейлік тапсырмалар
(ұяшық таңдау)
|
Тест тапсырмасы
(әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай)
|
Қорытынды
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
«5»- 40 ұпайдан 55 ұпайға дейін
«4»- 25 ұпайдан 39 ұпайға дейін
«3»- 5 ұпайдан 24 ұпайға дейін
«2»- 5 ұпайдан төмені
_____________________________________________________________________
Бағалау парағы
Аты-жөні:_____________________
Үй тапсырмасы (5-10 ұпай)
|
Тақырыпты қорғау
(5-10 ұпай)
|
Деңгейлік тапсырмалар
(ұяшық таңдау)
|
Тест тапсырмасы
(әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай)
|
Қорытынды
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
«5»- 40 ұпайдан 55 ұпайға дейін
«4»- 25 ұпайдан 39 ұпайға дейін
«3»- 5 ұпайдан 24 ұпайға дейін
«2»- 5 ұпайдан төмені
ҮІІ Үйге тапсырма №279 есеп
ҮІІІ Бағалау
Бағалау парағы бойынша бағалау
Бағалау парағы
Аты-жөні:_____________________
Үй тапсырмасы (5-10 ұпай)
|
Тақырыпты қорғау
(5-10 ұпай)
|
Деңгейлік тапсырмалар
(ұяшық таңдау)
|
Тест тапсырмасы
(әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай)
|
Қорытынды
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
«5»- 40 ұпайдан 55 ұпайға дейін
«4»- 25 ұпайдан 39 ұпайға дейін
«3»- 5 ұпайдан 24 ұпайға дейін
«2»- 5 ұпайдан төмені
Достарыңызбен бөлісу: |