Сабақтың тақырыбы Пікір алмасайық! 34 сабақ. Жылдық қайталау



Дата26.09.2023
өлшемі1.11 Mb.
#478592
түріСабақ
дүние 34 сабақ Пікір алмасайық


Бөлім:

Қоршаған орта

Педагогтің Т.А.Ә.

Жусипбекова Ирискул Авбакировна

Рафика Нұртазина атындағы ЖОББМ

Күні: 29.05.2023 ж.

Пәні: Дүниетану.

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пікір алмасайық! 34 сабақ. Жылдық қайталау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1.2. Мысалдар негізінде отбасылар жайлы түсіндіру;
2.1.4.2. Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
2.3.1.2. Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі: оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
«Жалған, ақиқат» ойыны. Мұғалім сөйлемдер айтады, оның не жалған не ақиқат екенін оқушылар айтуы керек.
Жазда қар жауады.
Күзде оқушылар үш ай демалыста болады.
Көктемде ағаштар гүлдейді.
Күзде жапырақтар сарғаяды.



«Жалған, ақиқат» ойынын ойнайды.
Жеке тапсырма.
Жаздың суреті беріледі. Суретке қарап әңгімелеп беру тапсырма ретінде беріледі.

Лифт әдісі арқылы бағалау.


Термометр суреттері.



Сабақтың ортасы
(35 мин)

Пікір алмасайық.

  1. 92-беттегі Қазақстанның физикалық картасына қарап, мына тапсырмаларды орындаңдар.

  2. Көкжиек тұстарын картадан көрсет. Сен тұратын аймақ Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

  3. Карта не себепті түрлі түске боялған? Ол түстер нені білдіреді?

  4. Өз сыныбыңда кездесетін заттарға қара. Қандай заттар табиғи материалдан жасалған? Сені сыныпта тағы қандай табиғи заттар қоршап тұр?

  5. Қауіпті табиғат құбылыстары: көктайғақ, найзағай болған жағдайда, өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде сыныптасыңмен пікірлес.

  6. Сен Қазақстанның туристік орындарымен таныстың. Саяхатқа шығуға мүмкіндігің бола қалса, ең бірінші қайда барар едің? Неге?

  7. Сен экскурсия жетекшісі болсаң, саяхатқа шығуды неден бастар едің? Саяхатшыларды не туралы айтып қызықтырар едің?

  8. Отырар қаласының орны – ашық аспан астындағы мұражай. Сен оны достарыңа қалай таныстырар едің?

«Менің көшем» тақырыбында әр топ хабарлама дайындайды. Топтардың шығармашылығы бағаланып, қорытынды жасалады.

Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, тапсырмаларды орындайды.

Себебі таулы аймақтар қоңыр түспен, сулы аймақтар көк түспен берілген деп жауап береді.


Сыныптың есігі, едені, парталар ағаштан жасалған, бұл табиғи заттар деп жауап береді.


Қасындағы оқушыға көктайғақ болғанда бір аяқ жолмен жүру керектігі, себебі онда көбінесе жолды тазартып қоятынын айтады.


Өзіне ұнайтын қалаға экскурсияға баратынын айтады.


Ежелгі қала Отырар туралы өз білетіндерін айтады.





Медаль әдісі арқылы бағалау.





Бағалау критериі:
Өткен тақырыптап бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Дескриптор:
Сұраққа жауап беруде өз ойын білдіре алады;
Өзінің туған жерінің көрікті жерлері туралы айтып бере алады.

Қағаздан жасалған бағалау медальдары.

Сабақтың соңы
(5 мин)

Кері байланыс. (Рефлексия).
Лотер Зомверттің «Бес саусақ» әдісіне жауап береміз.
Бас бармақ – неден қиналдыңыз?
Балан үйрек – кімге көмектестіңіз?
Ортан терек – көңіл – күйіңіз қалай?
Шылдыр шүмек – не үйрендіңіз?
Кішкентай бөбек – қандай жетістікке жеттіңіз?

Бас бармақ – қай тапсырма да қиналғанын;
Балан үйрек – сыныптасы – ның қайсысына көмектес – кенін;
Ортан терек – сабақтағы көңіл күйін;
Шылдыр шүмек – осы сабақтан не үйренгенін;
Кішкентай бөбек – қандай жетістікке жеткенін айтады.

Роботты қуатта әдісі арқылы өз – өзін бағалайды.

Қалталы робот суреттері, оған балл қойылған батерияларды салып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет