Оқушыларға тақтадан күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазады (Миға шабуыл.)
Сабақты және салт етістіктер
Мағынасы жағынан тура обьектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.
|
Мағынасы жағынан тура обьектіні-табыс септікткегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады
|
Сабақты етістіктер кімді? нені?деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады
|
Салт етістіктер барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін,бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды
|
Мысалы: Сөзді сен баста.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.Баламды медресеге біл деп бердім.Бетті бастым.
|
Мысалы: қаладан қайт, үйге келді
|
|
Оқушылар тақырыпты меңгеріп, оны ары қарай дамытуға талпынады.
Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.
Кестеген назар аудара отырып, салт және сабақты етістіктердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын меңгереді.
Өздері де мысал келтіре отырып, тақырыпты тереңірек түсініп алады.
|