Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
«Жолғабас негізгі орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Сабақтың тақырыбы:
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.
Бұрыш биссектрисасы
/геометрия 7-сынып/
Математика пәнінің мұғалімі:
Амиртаева Мадина Толебаевна
АУДАН: БӘЙДІБЕК
АУЫЛ: ЖОЛҒАБАС
МЕКТЕБІ: « ЖОЛҒАБАС» негізгі орта мектебі
СЫНЫБЫ: 7-сынып
АТЫ-ЖӨНІ: Амиртаева Мадина Толебаевна
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.
Бұрыш биссектрисасы
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сыбайлас және вертикаль
бұрыштар. Бұрыш биссектрисасы жайында
толық мағлұмат беру, есеп шығаруды үйрету.
Б) Оқушыларға этикалық тәрбие беру.
В) Оқушылардың математикалық тілде сөйлеу
дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тақта,бор, эпидиаскоп,сызғыш,транспортир
термопленкалар арқылы есептер, таблицалар.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Кім жылдам? (ауызша есептеу)
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«INSERT» әдісін қолдану
-Математикалық диктант
-Оқулықпен жұмыс
ІІІ. Қорытындылау бөлімі.
- Зерттеу есептері
-«INSERT» әдісі
-«SINKUEIN» бес жолды өлең құрастыру
-Үйге тапсырма
-Бағалау.
Сабақ барысы:
-«Кім жылдам»-
/тапсырмалар эпидиаскоп арқылы беріліп, ауызша орындалады/
1. Шамасы: 6°151; 3°; 10,51; 5° болатын бұрыштарды минутпен
өрнектеңдер.
2. Шамасы: 1351 , 4501 , 6501, 2151 болатын бұрыштардың градустық
өлшемдерін табыңдар
Жаңа сабақты түсіндіру.
«INSERT» әдісі
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
1. Бұрыш
(анықтамасы)
2.Бұрыштың түрлері
1 ............
2...........
3.........
4.........
|
1.Сыбайлас бұрыштар
2.Вертикаль бұрыштар
3.Бұрыштың биссектрисасы
|
|
Осы кестедегі «білемін» бөліміндегі сұрақтарға оқушылар өздері жауап берді. «білгім келеді» бөлімін мұғалім толтырып түсіндіреді.
«білдім» бөлімін сабақтың қорытынды бөлімінде, оқушылар жаңа сабақтан алған мағлұматтарын толтырады.
1. Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болса, онда бұл бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады.
В
∟АОВ +∟ВОС =∟АОС =180°
А С демек: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы
• • • 180° -қа тең.
О
2. Егер бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері болса, онда бұл бұрыштарды вертикаль бұрыштар
деп атайды.
∟1+∟2=180°; ∟1=180°-∟2
2
1 3 ∟2+∟3= 180°; ∟3= 180°-∟2
4 олай болса ∟1=∟2
яғни вертикаль бұрыштар өзара тең
болады.
Математикалық диктант:
/тапсырмалар эпидиаскоп арқылы беріліп, ауызша орындалады/
1
90°-тең бұрышты ........................... , оған сыбайлас бұрыш ..........................
90°-тан үлкен бұрышты ................. , оған сыбайлас бұрыш ........................
90°-тан кіші бұрыш ......................... , оған сыбайлас бұрыш .......................
2 № 65 . 30°,45°,60°,90°-қа тең бұрыштар мен сыбайлас бұрыштардың шамасын табыңдар.
№67 есеп. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 2 есе үлкен .Осы бұрыштарды анықтайық
Шешуі: 1 бұрыш 2 бұрыш
Х 2Х
Бұдан мынадай өрнек шығады.
х+2х =180°
3х=180°
х=180°:3=60°
кіші бұрыш 1) х=60° 120° 60°
2) 2х=120°
жауабы: 60°және 120°
Бұрыш биссектрисасы.
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін оның ішкі сәулесін осы бұрыштың биссектрисасы деп атайды.
•В
∟DFC Д
∟ВАД =∟ДАС = ------ •
2
C
АД сәулесі ВАС бұрышының А •
биссектрисасы
Мысал: Биссектрисаның бұрыш қабырғаларымен жасайтын бұрыштарының шамасы 90°-тан артық болмайтынын көрсетейік
Шешуі: Әрбір бұрыштың градустық өлшемі 180°-тан артық емес. Сондықтан оның жартысы 90°-тан артық болмайды
- Оқулықпен жұмыс
№ 70 есеп.
Үш түзу О нүктесінде қиылысқан.
∟1+∟2+∟3 қосындысын табыңдар.
О
2 1
3
№ 71 есеп
∟АОВ = 50°, ∟ҒОЕ = 70°,ВОД, СОЕ және СОД бұрыштарын табыңдар
В • Ғ А
• •
О
Е
•
С
•Д •
Сабақтың қорытынды бөлімі
-Зерттеу есептері.
Тақтаға мына төмендегідей екі таблица ілінеді.
Тапсырмалар
|
Оқушылар жауабы
|
|
Тапсырмалар
|
Оқушылар жауабы
|
1
2
3
|
|
1
2
3
|
|
Сыныптағы 1 қатардағы және 2 қатардағы
Оқушылар командалық сайысқа түсіп, бүгінгі және алдыңғы сабақтардан бір-біріне сұрақ жазып, жауаптарын өздері табады. Міне осы әдіспен жаңа сабақты пысықтаймын.
- «INSERT» әдісі таблицасына оқушылар бүгінгі сабақтағы мағлұматтарға, өздерінің түсінгендігі жайындағы белгісін, «Білемін» сөзі арқылы толтырды
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
1. Бұрыш
(анықтамасы)
2.Бұрыштың түрлері
1 тік бұрыш...
2.сүйір бұрыш..
3.доғал бұрыш.
4.жазыңқы бұрыш.
|
1.Сыбайлас бұрыштар
2.Вертикаль бұрыштар
3.Бұрыштың биссектрисасы
|
«Білемін»
«Білемін»
«Білемін»
|
- «SINKUEIN» бес жолды өлең әдісімен,оқушылар мына төмендегі өз өлеңдерін ұсынды:
1.бұрыш
доғал, тік
болады, қаланады, тұрғызылады
бір қабырғасы ортақ, былайғы қабырғалары толықтауыш.
сыбайлас
2.бұрыш
доғал, сүйір, тік
болады, қаланады
бір бұрыш қабырғалары, екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері.
вертикаль
-Оқушылар білімін бағалап,үйге тапсырма беріледі № 68,69 есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |