Мұғалімі: Қыстаубаева Аймереке Нағашыбайқызы
Сыныбы: 7б
Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Сабақтың мақсаты:
а) сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасын білу, сыбайлас және вертикаль бұрыштар туралы теоремаларды есептер шығаруда қолдана алу;
ә) оқушылардың бұрыш туралы ұғымдарын кеңейту, геометрия пәніне деген қызығушылығын арттыру;
б) оқушыларды еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, деңгейлеп-саралап оқыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру:
№73 есеп. Келесі сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) «тең кесінділердің ...» (ұзындықтары тең);
2) «әрбір бұрыштың белгілі ...» (белгілі бір градустық өлшемі болады);
3) «қандай сәуле болса да оның бойына бас нүктесінен ...» (бастап ұзындығы берілген кесіндіні бір ғана жолмен өлшеп салуға болады);
4) «градустық өлшемі 1800-тан кіші болатын бұрышты берілген жарты жазықтықта ...» (берілген сәуледен бастап бір ғана жолмен өлшеп салуға болады).
Қайталау сұрақтары:
ІІІ. Негізгі бөлім
∟АОД мен ∟ДОВ сыбайлас ОД қабырғасы ортақ. ОВ, ОА қабырғалары толықтауыш сәулелер, бірін-бірі толық түзуге толықтырып тұр.
Т
еорема.
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180⁰ – қа тең.
Берілуі: ∟АОД , ∟ДОВ - сыбайлас бұрыштар
Дәлелдеу керек: ∟АОД + ∟ДОВ = 180 ⁰
Дәлелдеуі: ІІІ4 аксиомасы бойынша:
∟АОД + ∟ДОВ = ∟АОВ, ал ∟АОВ =180 ⁰ (жазыңқы бұрыш)
Ендеше ∟АОД + ∟ДОВ = 180 ⁰ .
Теорема дәлелденді.
∟
1 мен ∟2
∟3 пен ∟4
Теорема. Вертикаль бұрыштар тең болады.
Берілгені: ∟1 мен ∟2, ∟3 пен ∟4
вертикаль бұрыштар
Дәлелдеу керек: ∟1 = ∟2, ∟3 = ∟4
Дәлелдеуі: ∟СОА,– жазыңқы бұрыш, ∟1 + ∟3 = 180°
∟1 = 180° - ∟3, (1)
∟ДОВ жазыңқы бұрыш,
∟2 + ∟3 = 180°
∟2 = 180° - ∟3 (2)
Сол жақтары тең, олай болса теңдіктің оң жағы да тең. Демек, ∟1 = ∟2 . Сол сияқты ∟3 = ∟4. Теорема дәлелденді.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі: ауызша есептер
а) сыбайлас бұрыштардың біреуі 450-қа тең, екінші бұрышы неге тең?
ә) сыбайлас бұрыштар тең болса, әрқайсысы неше градус болады?
б) ∟1 мен ∟2 вертикаль бұрыштар, ∟1 = 50° болса, ∟2 неге тең?
В деңгейі: №75 есеп. Сүйір бұрыш сызыңдар. Осы бұрышты АВД жазыңқы бұрышқа толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштарды жазыңдар.
Шешуі:
∟АВС
∟СВД
∟АВД
№76 есеп. Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ-ні табыңдар. АВЕ және АВС бұрыштарын салыстырыңдар
∟АВЕ = ∟АВС + ∟СВЕ
∟АВЕ > ∟АВС
С деңгейі: №82. ∟ВОС – х, ∟АОС- 5х
Шешуі:∟ВОС+∟АОС=1800
5х + х = 180°
6х = 180°
х= 180°: 6
х= 30°
∟АОС = 5х = 5 · 300 = 1500
Жауабы: 1500
Бекіту сұрақтары:
1. Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
2. Сыбайлас бұрыштар туралы теореманы тұжырымда
3. Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
4. Вертикаль бұрыштар туралы теореманы тұжырымда
Бағалау
Үйге тапсырма: №83, №85
Достарыңызбен бөлісу: |