|
Бұл – ата.
Ол не істеді?
Ол баланы атқа отырғызды.
Бала атаға кім боп келеді?
Бала – атаның немересі.
Күтілетін нәтижені балалармен талдау.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – ата. Ол баланы атқа отырғызды. Бала – атаның немересі».
Әңгімені құрамындағы сөйлемдерге талдау.
Осы әңгіменің ішіндегі «Ол баланы атқа отырғызды» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзде бір дауысты болғандықтан, бұл сөз бір буынды екендігін анықтайды.
«Ат» сөзін «ат-т-т» деп созып айту.
«Т» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Т» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Түймелерден «т» әрпін жасау.
«Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.
|
«Т» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «т» әрпінің сұлбасын жасайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«отар» сөзінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
|
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Мақтау
Оқушыларға қолдау көрсету.
|
Түймелер
Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
|