Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов «Сағыныш» өлеңі Сынып: 9 Қатысқандар: 17



Дата02.01.2022
өлшемі56.93 Kb.
#453953
түріСабақ
8 сынып



Троп түрлері

метафора

метанимия

Фигураның түрлері

Жай қайталау

қайталау

анафора

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ

Күні: 11.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Жазира Кудайбергеновна

Ұзақ мерзімдегі жоспардың тарауы:

ІІІ бөлім. Адам жанының құпиясы



Сабақтың тақырыбы:

Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі

Сынып: 9

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар: ---

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.1 Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.



Сабақ мақсаты

Ақын өлеңіндегі әдеби тілдің троп түрлерін (метафора, метонимия ) ,фигураның түрлерін (анафора, қайталау, жай қайталау) тауып, талдау жасайды, автор стиліне баға береді.



Бағалау критерийі

-Өлеңдегі троп түрлері(метафора,метонимия) мен фигураның түрлерін (анафора,қайталау, жай қайталау) тауып, талдау жасайды,

-Автор стиліне баға береді




Ойлау дағдыларының деңгейлері

қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: метафора, метонимия, анафора, қайталау, жай қайталау/ әдебиет теориясы /


Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Сағынған жаным, сағынышымнан оянған, сағынып жүрген



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары « Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы негізінде адами құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Ширату сәтінде музыка пәнімен байланысады /М.Бесбаевтің «Туған жер» әні

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Туған жер,

Сабақтың ортасы


30 минут


Сабақтың соңы
3 минут


І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

Психологиялық ахуал туғызу сәті. Автордың әнін тыңдату арқылы

«Журналистік сұрақтар» әдісі жүргізіледі / Үй тапсырмасын сұрау /

Не? Қашан? Қалай?

-Т.Айбергеновтің туған жері жайында не білеміз? /география/

-Ақынның «Сағыныш» өлеңі қай жылы жарық көрді? /тарих/

- Сағыныш сезімін қалай түсіндірер едің? / биология/

ІІ. «Ұшқыр ой» әдісі /Ой шақыру /

Кестедегі сөздердің мағынасына мән беріп, айырмашылығын айтыңдар.


Мен бүгін көлге барамын

«Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын»

Менімен бірге қасымнан қалма, сағындым

«Бірге қақ қанат, қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым»

Әннің жалғасын сен айт, мен тоқтасам

«Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің , жабылып кетсем мен егер»

-Кестедегі берілген сөздердің қандай айырмашылығын байқадыңдар?

-Көркем әдебиеттегі сөз қолданысының артықшылықтары қандай?
Сабақ мақсатын және тақырыбын таныстырамын.
1-тапсырма

Оқулықта берілген троп және фигура түрлерін оқып, ережесімен танысады.


Оқушылардың қажеттілігін пайымдау тапсырмасы:

Көркемдік құралдар

Мысал

Метафора-заттар мен құбылыстарды ауыстыру

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмай қатарға

Метонимия –бір-біріне ұқсас нәрсе, құбылыстарды алмастыру

Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.

Қайталау-сөз әсерін күшейту үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі.
Анафора-қайталаудың бір түрі, өлеңнің әр жолы бір сөзден немесе бір сөз тіркесінен басталу тәсілі.

Жай қайталау-бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау тәсілі

Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған жаным, талдырып асқар иығын.


Сағыным, жаным
Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай.

Арнау-белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан бір жанрға тән ерекшелік байқалады.

Ақынның «Сағыныш» өлеңі - арнау өлең.

Фразеологизм

Бас ұрма

2-тапсырма

ТЖ. Өлеңді мұқият оқып, одан троп түрлерін метафора, метанимия, фигура түрлері анафора, қайталау, жай қайталауларды табыңдар. Оны графикалық органайзерге орналастырыңдар.

І топ:«Ақыл картасы» әдісі

II топ:«Екі жақты күнделік» әдісі


Фигура түрлері

Өлеңнен мысалдар

Қайталау/анафора




Жай қайталау




метафора




Метанимия




IIIтоп: Сатылай кешенді талдау

Шығарманың аты

1.Троп


1.1.метафора

1.2.метонимия

2.фигура

2.1.қайталау/анафора

2.2.жай қайталау
3-тапсырма

Толтырған графикалық органайзерді топтар арасында алмастырып, дұрыстығын тексеріңдер. Жұмысты сыныпқа таныстырыңдар.
Дескриптор:Білім алушы


  • Өлеңді мұқият оқиды;

  • Мазмұнына талдау жасайды;

  • Өлеңнен метафора, метонимия табады;

  • Өлеңнен анафора, жай қайталау, қайталау табады;

  • Оларды графикалық органайзерге жазады;

  • Жұмыстарын топтар арасында тексереді

  • Жұмыстарын сыныпқа таныстырады

  • Мысалдармен дәлел келтіреді

  • Кестенің дұрыстығын тексереді.

4-тапсырма

“Кестедегі сыр” әдісі


ЖЖ. Көркемдегіш құралдарды негізге ала отырып, автор стилін, оның өлең жазудағы өзіндік ерекшелігін анықтап, өлең жолдарынан мысал келтіріңдер. Оған баға беріңдер. Берілген кестені толтырыңдар.


Автор стилі

Өлең жолдарынан дәлелдер

Менің берер бағам










Дескриптор:Білім алушы

-Көркемдегіш құралдарды негізге алады;

-Автор стилінен өлең жазудағы ерекшелігін анықтайды;

-Өлең жолдарынан мысалдар келтіреді

-Автор стиліне баға береді;

-Кестені толтырады;

-Авторға берген бағасын жұбына таныстырады;

-Жұмыстарын сыныпқа оқиды;
ҚБ. «Бір жұлдыз, екі тілек»

-бір ұнаған нәрсе;

-жақсартуды қажет ететін екі нәрсе;

Рефлексия




  • Ұнаған үш нәрсе,

  • Көкейдегі екі сауал,

  • Бір ұсыныс беру

«3+2+1» әдісі
Үйге тапсырма:

Т.Айбергеновтің ақындық стиліне сүйеніп, «Туған жер» тақырыбына өлең шығарыңдар.



«Youtube» желісі
9-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы, Алматы «Атамұра» 2019


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет