Барлық оқушылар істей алады: Тербелмелі жүйелердегі энергияның түрленуін зерттейді
Көптеген оқушылар істей алады: Тербелмелі жүйелердегі механикалық энергияның сақталу заңының орындалуын дәлелдейді
Кейбір оқушылар істей алады: Гармоникалық тербеліс теңдеуін қолданып есептер шығарады
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Семантикалық картамен жұмыс
Активити – ойша есептеу
1.Дененің тербеліс периоды 2000Гц. Тербеліс периоды неге тең?
2.Дененің тербеліс периоды 10-2с. Тербеліс жиілігі неге тең?
3.Материалдық нүкте 440Гц тербеліс жиілігімен 5с ішінде қанша тербеліс жасайды?
4.20с уақытта толық 50 тербеліс жасайтын материалдық нүктенің тербеліс периодын анықтаңдар.
5.Егер жиілігі 0,5Гц, ал амплитудасы 80см болса, гармоникалық тербелістің теңдеуін жазыңдар. Бастапқы фазаны нөлге тең деп есептеңдер.
6.Егер 1 минут ішінде 60 тербеліс жасалса, гармоникалық тербелістің теңдеуін жазыңдар. Амплитуда 8 см тең. Бастапқы фазаны нөлге тең деп есептеңдер.
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
|
Бағалау критерийлері
Энергияның түрленуіне мысалдар келтіру және графикке зертеу жүргізуді;
Гармоникалық тербеліс графиктерін пайдаланып, координата, жылдамдық және үдеудің теңдеулерін жаза алуды;
Гармоникалық тербелістердің теңдеуіне кіретін тербелмелі шамалардың физикалық мағынасын түсінеді;
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамаларды эксперименттік, графикалық және сапалық есептерді шығаруда қолдана алады.
Дескриптор:
- тербеліс периодының формуласын біледі
-жиіліктің формуласын біледі
-тербеліс санын анықтай алады
-тербеліс теңдеуін жаза біледі
|
Оқулық
Слайд
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Жаңа тақырып
І. Гармониялық тербелістің теңдеуі x=Xmaxcosφ немесе x=Аcosωt немесе x=Xmaxsinφ немесе x=Аsinωt немесе x=Аcos(2π/T)t немесе x=Аsin(2π/T)t немесе x=Аcos2πνt немесе x=Аsin2πνt түрінде, яғни, синус немесе косинус заңымен жазылады.
Механикалық тербелістерді сипаттайтын негізгі дифференциалдық теңдеуді беру: a=-ω2x немесе: x=x''=a=-ω2x, яғни, координатаның екінші ретті туындысы координатаның өзіне тура пропорционал екендігін көрсету өте маңызды, себебі, жоғары сыныптарда электромагниттік тербелістердің теңдеуін оқу кезінде барлық гармониялық тербелістер – ол механикалық тербеліс болсын, ол ЭМ тербеліс болсын, тек бір ғана гармониялық заңға бағынатынын білу маңызды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |