Бейшова Зейнеп
Биология пәні мұғалімі
№18 Н. К. Крупская атындағы орта мектеп
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдегі: Анализатор түсінігін нақтылауды жалғастыру, адам өміріндегі анализаторлардың әрқайсысының маңызы, олардың өзара байланысы мен бақылауы туралы білімді тұжырымдау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланыс туралы қорытынды шығара білу, өзбетімен жұмыс жасай білу, біліктілігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Дене күтімі, гигиена және салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Дәм сезу, иіс сезу анализаторларының құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық-физиологиялық жаңа түсініктерді тұжырымдау.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат-схемалар, кестелер, мультимедиялық тақта.
Сабақтың типі: аралас сипатта.
Сабақтың әдісі: жалпы сұхбат, баяндау, өздік жұмыс, өзін-өзі бағалау, сұрақ-жауап, биологиялық диктант.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру. 40-50 балл – «5», 26-39 балл – «4», 10-25 балл – «3», 0-9 балл – «2» деген баға алады.
-
Жаңа сабақ:
1. Тері сезімі: жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауруды қабылдайды. Сипап сезу.
2. Бұлшық ет сезімі.
3. Дәм сезу мүшесі.
4. Иіс сезу мүшесі.
5. Анализаторлардың өзара әрекеттері.
3. Үй тапсырмасын сұрау. Ауызша (бес баллдан бағаланады)
1. Есту мүшесі – құлақтың құрылысы.
2. Дыбыс толқынының таралу жолы.
3. Есту мүшесінің гигиенасы.
Жазбаша тапсырма – диктант (бір баллдан – барлыңы он балл)
-
Шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей, қорғаныстық қызмет аткарады.
-
... оралма тәрізді ширатылған ұлудене.
-
... есту мен тепе-теңдік мүшелері.
-
Шытырманның сыртқысы - ...
-
Шытырманның ішкісі - ...
-
Самай сүйегінің ішінде орналасқан - ...
-
Ортаңғы құлақтың қуысында ... орналасқан.
-
Сыртқы дыбыс жолдарының шеті ... бітеді.
-
Төс, балғашық, үзеңгінің салмағы - ...
-
Есту орталығы ... орналасқан.
Керекті сөздер: ми қыртысының самай бөлігінде; есту мүшесі; жарғақтығы; 0.05 грамм; құлық; сүйекті; дабыл жарғағымен; шытырманда; ортаңғы құлақ; балғашық, төс, үзеңгі.
Сызықтық диктант (бір баллдан – барлығы алты балл)
-
Есті мүшесі самай сүйегінде орналасқан және сыртқы, ортаңғы және ішңі құлақтан тұрады.
-
Сыртқы құлақ – есту түтігінен және құлақ қалқанынан тұрады.
-
Сыртқы есту жолы дабыл жарғағымен аяқталады.
-
Есту сүйекшелері – есту анализаторларының рецепторы.
-
Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.
-
Сырты құлақ дыбыс тербелістерін қабылдап, өткізеді.
Жауабы: 1)+ 2)- 3)+ 4)- 5)- 6)+
4. Аналитикалық – есте сақтау жаттығулары (бір баллдан – барлығы жиырма бір балл)
1. Көру арқылы: блокнот, доп, жеті, балға, космос, сағыз, физика, модем, ұн, темір.
2. Есту арқылы: қарашық, сопақша ми, рецептор, анализатор, гигиена, лор, окулист, сығырлық, бейімделу, тіл.
3. Сипап сезумен анықтау жаттығулары: демонстрациялау.
5. Тараулы қайталау және жаңа сабақты бекіту үшін: «Миға шабуыл»
1. Иіс сезу мүшесі 2. Анализатордың шеткі бөлігі
3. Сипап сезу мүшесі 4. Дәм сезу мүшесі
5. Есту мүшесі 6. Көру мүшесі
7. Нұрлы қабықтың дәл
ортасындағы тесік
9. Көздің ортаңғы қабықшасы 10. Анализаторда қанша бөлік болады?
6. Рефлексия.
7. Үйге тапсырма: §22, 2-ші тапсырма.
8. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |