Сахаева Мейрамгул Кадрешовна
Физика және технология пәні мұғалімі
№16 орта мектебі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын беру және газбен будың ұлғайғандағы жұмысы ұғымын енгізу, жүйенің ішкі эиергиясы, жұмыс және жүйеге берілген жылу мөлшері арасындағы байланысты тағайындау;
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бакылау жұмысын талдау.
V. Жаңа материалды меңгерту:
МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын енгізу.
МКТ тұргысынан ішкі энергия-денені (жүйені) құрайтын микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу энергиясы. Нақтырақ айтсақ, ішкі энергия дегеніміз:
а) молекулалар мен атомдардың қозгалысының ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;
б) молекулалар мен атомдардың өзара әсерлесуінің потенциальдық энергиясы;
в)атомдардың электрондық қабаттарының энергиясы;
г) ядроның ішкі энергиясы.
Аса жоғары емес температураларда ішкі энергиясын өзгеруі молекулалар (немесе атомдардың) кинетикалық және потенциальдық энергияларының өзгеруі есебінен болады.
U-дененін ішкі энергиясы физикалық шама.
U -дененің ішкі энергиясынын өзгеруі жылу берілу және жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.
Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.
Тұрақты қысымда газдың немесе будың көлемі өзгергенде жұмыс атқарылады, Жүйенің күйін сипаттайтын физикалық шамалар макроскопиялық параметрлер деп аталады, және оларға қысым көлем температура және масса жатады.
Макроскопиялык параметрлердің біреуі тұрақгы , қалған екеуі бір-біріне байланысты өзгеретін процестер изопроцестер деп аталады.
1 .Изобаралык процес p=const,
-
Изотермиялық процес T=const, рV=const,
-
Изохоралық процес V=const
3) Изобаралық процесс үшін газ жұмысының формуласын қорытып шығару. А=рV
Жұмыстың геомстриялық түсініктемесі.
ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q=U+A ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:
Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің ішкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=-U
Ал, егер дененің немесе денелер жүйесінің ішкі энергиясы өзгермесе ДІІ =0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия жұмсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының салқындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§19,20 сұрақтарын талдау.
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту
VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §19,20.
Достарыңызбен бөлісу: |