ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
№12 ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР БОЙЫНША
ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Сабақтың тақырыбы:
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Мамандық : 0302033 «Мейірбике ісі»
Біліктілік : 0302033 «Жалпы тәжірибелі мейірбике»
Дайындаған математика пәнінің
оқытушысы: Амиров Н.О.
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Уақыты: 90 мин.
Тобы: I курс, М-102 топ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісі қолданудың маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Студенттерге тақырыптың басқа пәндермен байланысын көрсету, пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Ұжымдық жұмыс этикасын дамыту;
Мамандығына деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Білімді қалыптастыру, студенттерді интегралдан хабардар етіп қана қоймай, интегралдың қасиеттерін білу, формулаларын, алған білімдерін есеп шығару барысында дұрыс қолдануға үйрету;
Студенттерді математикалық тілде сөйлеуге үйрету, өз бетінше жұмысына сараптама жүргізіп үйрету.
Дамытушылық:
Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізсізін ажырата білу, керек формулаларды дұрыс қолдана білуге машықтандыру, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту;
Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін, алғырлығын, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
А дамгершілік, патриоттық тәрбие беру;
Еңбекке баулу;
мамандыққа бағдарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |