ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс. «Данышпан үкілер» әдісі
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.
Маңызды өмірлік даналық
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.
Таныс, таныс емес
Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем бейтаныс ақпаратты тап.
Иллюстрациялық бейнелеу
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көрсет.
Үлгі боларлық қорытынды
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойлар мен пікірлерді табыңдар.
|
Топтық жұмыс
«Еркін талқылау» әдісі
Бұны шағын топта да, бүкіл сыныппен де орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны етіп алуға болады.
|
1-тапсырма
7-суретте иллюстрациясы бар мәтін бөлігіне қарап, төмендегі тапсырма мен сұрақтарға жауап беріңдер.
Суретке қолданылған пішімдеу түрін анықтаңдар.
Суретте мәтінмен қоршаудың қандай түрі пайдаланылған? (5-суретті пайдалан).
Мәтінде қолданылған Шрифт пен Абзац түрін анықтаңдар.
Дескриптор
Берілген тапсырмаға топтық талдау жасайды.
Суретке қолданылған пішімдеу түрін анықтайды.
Суретте мәтінмен қоршаудың қандай түрі қолданылған анықтайды.
Мәтінде қолданылған Шрифт пен Абзац түрін анықтайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |