Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі55.84 Kb.
#174763
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы

Қ.Сатбаев атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Нуркулова Салима Орманқызы

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.

Дамытушылығы: балалардың сөз байлығын, сауаттылығын зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, салыстыру, оын, ізденушілік.

Көрнекілігі: плакаттар, буклеттер, суреттер, сызбалар, сөзжұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.

Түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу

ә) сабаққа әзірлік

б) психологиялық дайындық

- сәлемдесу.

Үлкенге де сіз, Бір, екі, үш,

Кішіге де сіз. Сынып іші тып-тыныш.

Сәлем бердік сіздерге, Жалқаулықты тастаймыз,

Құрметпенен біз. Біз сабақты бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.

1. Сөз таптары дегеніміз не?

2. Сөз таптары неше тармақтан тұрады?
зат есім сын есім

сан есім етістік

3. Зат есім дегеніміз не? (ережені айту)

4. Осы зат есім дегенде ойларыңа не келеді?


Кім? Не?


Кімдер? Нелер?



жануарлар заттар

адамдар
Ой қозғау:

- Ал, балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын біз қай мектепте оқимыз, біздің мектебіміз кімнің атымен аталған?



Қ. Сәтбаев Имантайұлының өмірбаянымен қысқаша таныстыру.

Қаныш Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында 1899 жылдың 12 сәуірінде Имантай бидің отбасында дүниеге келген.

Қаныштың әкесі Имантай – ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, табиғатынан зерек Қаныштың сауатын ауыл молдасы ашқан. Болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш. Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

Қаныш Сәтбаев 1920-1941 жылдары геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметін атқарған. Геология ғылымдары институтының директоры, Қазақ Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызыметінен төмендетіліп, Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.

Қ. Сәтбаев оқуды бітіріп келгеннен кейін бүкіл өмірін Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Мысалы, Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, маңызды геологиялық қорытынды жасаған.

Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған.

1931 жылы басылған А. Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының 25 әнін өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және ғалымның ескерткіштері бар. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Алдымен қандай аялдамаларға тоқтайтынымызды білуіміз керек.


«Мектеп аялдамасы»

«Білгірлер аялдамасы»

Қаныш Сәтбаев Имантайұлы «Тапқырлар аялдамасы»

«Ойшылдар аялдамасы»

«Қ. Сәтбаев аялдамасы»

1. «Мектеп аялдамасы». Сөзжұмбақ шешу. (жаңа сабақтың тақырыбы шығу керек)

1) Қ Сәтбаев кіммен оқыған (Әуезов).

2) Қай ауданда дүниеге келген (Баянауыл).

3) Қ Сәтбаевтың Қазақ Ғылым академиясындағы атқарған қызметі (президент).

4) Мектеп оқушыларына арналған оқулығы (алгебра).

5) Қ. Сәтбаевтың туылған айы (сәуір).

6) Қызметінен басқа қандай өнері болған (әнші).

7) Қ. Сәтбаевтың алғаш сауатын ашқан кім? (молда)

Сонымен сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?

ІІІ. Жаңа сабақ.



2. «Білгірлер аялдамасы»





  • Балалар, біз бүгіннен бастап, адамға – кім?, жануарлар мен заттарға – не? деген сұрақтар қойылатынын білдік.


ІV. Сергіту сәті.
V. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді оқы. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жаз.

2-жаттығу. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөліп, сөйлемдер құрастырып жаз.
3. «Тапқырлар аялдамасы». «Кім жылдам» ойыны. (3, 5-жаттығуларды ауызша орындау).

3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт. Зат есімдерді тауып сұрақ қой.

Аралда бар аралар,

Қалай бара алар балалар?


5-жаттығу. Дәурен сөздерді төмендегіше топтап жазды. Оның топтауында қате болса, түзетіп оқы.

Ағаштар: емен, қайың, шырша, арша, апельсин.

Жемістер: алмұрт, шабдалы, жүзім, шие, қарағай.

Құстар: бұлбұл, көгершін, қарға, лақ, сауысқан.

Төлдер: қозы, бұзау, бота, құлын, үкі.
4. «Ойшылдар аялдамасы». Сурет бойынша сөйлем құрау.

1) Бұл кім?

Қоғам қайраткері

Геолог – ғалым (жер қазба байлықтарын іздеуші, табушы, зерттеуші).

Тұңғыш академик

ҒА тұңғыш президенті

Әнші

Алгебра оқулығын құрастырушы



Осы суреттерге қарап сөйлем құрап, зат есімді табу.
5. «Қаныш Сәтбаев аялдамасы». «Қаныш айтты.....» өнеге сөздер топтамасы.

Қане, балалар, Қаныш қандай ұлағатты сөздер айтқан?



1-оқушы. Туған жердің тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің тасын да мақтап жартпақ емес.

2-оқушы. Ғалым болу үшін ең алдымен адам болу керек, өйткені ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп етеді.

3-оқушы. Біріншіден, театр – ел өмірінің түзу айнасы. Екіншіден, театр – қазақтың салт – сана, күйсарындары сияқты мәдени өнер кендерінің терең ошағы, ұйытқысы.

4-оқушы. Ол кезде мен жас едім, сондықтан лирикаға ептеп бейімдеу болдым. Ал, лирика деген – адамды қажырлы да рухты еңбекке қанаттандыратын асыл арман.

5-оқушы. Ғалым білімді болу керек, білімдінің бәрі ғалым бола бермейді. Ғалым ерінбей үйренеді де, ізденеді. Ғалым білім алады да, білімге білім қосады.

6-оқушы. Адамға өзінің туған ата – анасынан кейінгі қадірлі адам – ұстазы. Ұстазын құрметтемейтін адам болмайды, болуға тиіс емес. Оны ұмытқан адам өзінің ата-анасына да береке таптырмайды.

«Жұмбақ сурет» ойыны. Тест.

  1. Зат есім нені білдіреді?

А) заттың санын

Ә) заттың қимылын

Б) заттың атын

2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) Қаныш

Ә) көмір


Б) іздеді

3. Балта – деген сөзге қойылатын сұрақты тап.

А) не істеді?

Ә) не?


Б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

А) Ұстаздар, кітаптар

Ә) күшік, әнші

Б) көктем, торғай


VІ. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта не өттік?

  • Сабақ ұнады ма?

  • Несімен ұнады?


VІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 132 – бет.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа өте жақсы қатысқандарды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет