Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
2 5226507378509221292

ЖІГІТ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ
СҰҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
(ПАРОЛЬ СҰРАСА)


Әр адамның жеке уақыты тек өзіне тиесілі. Ол сізбен 24 сағат
бойы байланыста болуға міндетті емес. Егер ол досымен болса,
демек уақытын тек досымен ғана бөлісіп отыр. Егер компьютер
ойнап жатса, демек тек өзіне ғана уақыт арнап жатыр. Бұл жерде
қыз баланың ренжуі орынсыз. Дәл солай жігіттер ренжуі мүмкін.
Мысалы, мен үнемі сіңілімнің үйіне барамын. Мен келгенде
үнемі жігіті ашуланады. Себебі мен тоқтамай 3-4 сағат бойы
әңгімелесемін. Арасында жігітіне жазып, хабарласып тұрады,
бірақ соның өзінде "Неге маған кеш жауап бересің? Сабира келсе
өзгеріп кетесің. Сабира келсе маған жауап бере алмай қаласың.
Сенің хатыңды қанша уақыт күтемін", міне осындай сөздері
арқылы ренішін жеткізеді. Тек қана оған көңіл бөлгенін қалап,
ашуланып, ақыры соңы ұрыспен аяқталады. Ол дұрыс емес
нәрсе. Жігіттің өзі де достарымен отырғанда, анасымен
отырғанда немесе үйіне келсе, бірден көңіл бөлуін азайтып,
жанымда адамдар бар деп сөйлеспей қояды екен. Өзі істей
алмайтын нәрсені басқалардан талап етеді. 
Ешқашан біреудің шекарасын аттамаңыздар және басқа адамның
сіздің шекараңыздан аттауына жол бермеңіздер. Оның ішіне
телефон да, телефонның паролі де кіреді. Ол сіздің
телефоныңызды алып, ақтарып, тексеріп, кіммен сөйлестің, кімге
жаздың, галереяда қандай суреттер бар?- деп, оның барлығын
тексеруге құқығы жоқ. Ол сіздің жеке меншік затыңыз.
Неге сен достарыңның жанында менімен сөйлеспейсің? 
Неге компьютер ойнап жатқан кезде маған жауап бермейсің?
Мені ұмытып кетесің.
Міне, осындай сөздерді айтып, ренжитін болады. 
Некеге дейін... 
98
.


Жігіт өзі сөйлескісі келіп, іздегісі келіп, бар ынтасымен қалап
өзі хабарласқанын қалайсыз ба? Сіз ренжісеңіз де,
ренжімесеңіз де, сіздің қолыңыз бос па , бос емес па бәрібір
жай ғана өзі іздеп хабарласқанын қалайсыз ба? Оған ренжіп
ұрысып, айғайлап, "неге мені іздемейсің онда айырылысайық,
не қарым-қатынас бұл, бірде барсың, бірде жоқсың" деген
сөзден кейін ғана ол сізге хабарласып, жазып тұрады. Біраз
уақыттан кейін қайтадан басталады, ол жоғалып кетеді.
Сіздерге бұл жағымды ма?
Әйел адам еркектің хабарласуын, іздеуін, көңіл бөлуін
күштеп, мәжбүрлеп сұрап алып жатқан сияқты. Қарым-
қатынас деген ондай нәрсе емес. Білесіз бе, махаббат, қыз бен
жігіттің арасындағы қарым-қатынас деген не? Ол - бостандық,
өз еркімен сізді қалауы, сізді іздеуі. Біреудің ұрысқаны арқылы
емес, сіздің оған жалынғаныңыз үшін емес, сіздің оған айтқан
сөздеріңізден кейін іздегені емес. Жай ғана өз еркімен іздегісі
келеді. Қарым-қатынас деген сондай болуы керек. Тіпті
ұрсысып қалсаңыздар да солай іздеуі керек. Ешқашан оны
мәжбүрлеп іздеуіне ондай қарым-қатынасқа келіспеңіздер. Ол
махаббат емес. Іздегісі келмесе демек, ол сағынған жоқ, демек,
сіз жігітке қызық емессіз. Демек сіз жігітті соншалықты қатты
қызықтыра алмадыңыз. Өз еркімен іздемесе, демек ұмытып
кетеді. Демек сізден де қызығырақ оның жұмыстары бар,
достары бар,хабарласатын адамдары бар. Сізден де
маңыздырақ өмірінде бірнәрсе бар. 
Қазір оны мәжбүрлеп жатқан шығарсыз. Бірақ үйленгеннен
кейін өмір бойы осылай болады деп ойламайсыз ба? Өмір бойы
осы адамның артынан жалынып жүргіңіз келеді ма?
Некеге дейін... 
99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет