Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет19/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

қарағанда кеңірек, өйткені олар белгілі бір бағытты, қабілетті, сипатты 
қамтиды. 
Біздің осы ойымызды 5-кестеде берілген ғалымдардың анықтамалары 
дәлелдейді. Берілген анықтамаларда құзыреттілік тұлғаның кіріктірілген 
қасиеті, жеке қасиеті, шешім шығару іскерлігі, жеке сапасы, мінездемесі 
тұрғысынан айқындалған.
Кесте 5 - Ғалымдардың «құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары 
Автор 
Анықтама 
Ш.Т.Таубаева
оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен 
тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке 
даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті
Б.А.Тұрғынбаева
өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік 
мәселелерін шешуде қолдана алуы
М.Ж.Джадрина
мәселелерді өзіндік даму, өзіндік басқару, білім, икемділік,
дағдыны пайдалана отырып шешуі
К.С.Құдайбергенева қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығару
Л.М.Митина
«білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке 
тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері 
Н.Кузьмина,
А.Маркова, 
К.Махмурян
білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті
В.Н.Шамов
ақиқаттың аясындағы білім, білік, тәжірибе, саналы бағдар 
жиынтығы
М.А.Ғалымжанова
күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын 
проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін 
қабілеттілік
Г.Қ.Айқынбаева
оқыту нәтижесін өзгермелі жағдайда меңгерген білім дағдыны 
тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу, оқушылар дайындығы 
сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа
Ю.Н.Кулюткин 
тұлға мінездемесі 
 
Сондай-ақ, біздің диссертациялық зерттеуіміз үшін мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігі 
қарастырылған 
зерттеулер 
қызығушылық 
тудырады. 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өткен ғасырдың 80-жылдарына 
дейін «мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» түсінігі өте сирек кездеседі. 90-
жылдардың соңынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кәсіби құзыреттілік 
мәселесіне 
арналған 
жұмыстарды 
талдау 
(Т.Г.Браже, 
К.Маркова, 
В.Ю.Кричевский, Г.Меңлібекова, Б.Кенжебеков, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан, 
К.С.Құдайбергенева, К.М.Беркімбаев және т.б.) бұл құбылыстың күрделілігін, 
оның түсіндірмелерінің кеңдігі мен алуан түрлілігін көрсетеді. 


31
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында біз мұғалімнің «кәсіби 
құзыреттілігі» (Б.С.Гершунский, Т.В.Добудько, А.К.Маркова, т.б.) ұғымын 
«педагогикалық құзыреттілік» түсінігінің (Л.М.Митина, т.б.) синонимі 
екендігін, сондай-ақ, екі терминнің қатар қолданылатынын байқадық 
(Н.Н.Лобанова, т.б.). Бірқатар авторлар осы ұғымдарды біріктіріп «кәсіби-
педагогикалық құзыреттілік» деген ортақ атау береді (Ю.Н.Кулюткин, 
Г.С.Сухобская, т.б.). Э.М.Никитинаның пікірінше, педагогтың құзыреттілігі 
оның ажырамас кәсіби және жеке сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда 
қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес кәсіби және педагогикалық 
функцияларды орындау даярлығы мен қабілеттілігін айқындайды. 
А.К.Маркова кәсіби педагогикалық құзыреттілікті – «мұғалімнің қызметін 
жүзеге асыруға қажетті білім, дағдылары, психологиялық қасиеттері және 
олардың нормативтік стандарттар мен нормаларға сәйкес іс-әрекетінің 
жиынтығы» тұрғысынан айқындайды. Оның педагог құзыреттілігі туралы 
түсінігіне үдеріс (педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас
жекелік) және  еңбегінің нәтижесі (оқушыларды оқуы мен тәрбиелілігі) кіреді. 
Ол «мұғалімнің білімі мен білігі оның еңбегінің шынайы құрылымынан 
тұрады», – деп жазды [51, с. 93]. Ол педагогтың кәсіби құзыреттілігін зерттей 
отырып, оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін дағдыларды және педагогтың
жеке қасиеттерін топтастырады және педагогтың кәсіби құзыреттілігі – 
«жеткілікті жоғары деңгейде педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-
қатынас, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, сондай-ақ оқушыларды оқыту 
мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізетін ерекше еңбек», – екендігін 
көрсетеді [52, с. 57].
Сондай-ақ, 
мұғалімнің 
кәсіби 
құзыретін 
Г.М.Коджаспирова 
«педагогикалық қызметтің қалыптасуын, педагогикалық қарым-қатынастарды 
және белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сана-сезімді ұстаз 
ретінде қалыптастыруды оқытушының жеке басын анықтайтын қажетті білім» 
ретінде түсіндіреді [53, с. 62].
Осы айтылғандардан басқа да бірқатар ғалымдардың педагогтың кәсіби 
құзыреттілігіне берген анықтамаларын талдау (кесте 6) мұғалімнің кәсіби 
құзыреті оның жеке мүмкіндіктерін, оған педагогикалық тапсырмаларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет