1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамы жайында жырлаған халық ауыз әдебиет өкілдерінің шығармасы мен үзінді атауын анықтаңыз.
№
|
Шығарма атауы мен шығармадан үзінді
|
Шығарма авторы мен шығарма атауы
|
1
|
Тегімді менің сұрасаң
|
|
2
|
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
|
|
3
|
Қазақтың жер-мұрасы
|
|
4
|
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
|
|
5
|
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
|
|
6
|
Байды құдай атқаны
|
|
7
|
«Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны»,
|
|
8
|
Шығармалардың негізгі идеясы:
|
[8]
Балл қою кестесі
Жауап
|
№
|
Шығарма атауы мен шығармадан үзінді
|
Шығарма авторы мен шығарма атауы
|
1
|
Тегімді менің сұрасаң
|
Дулат Бабатайұлы «Тегімді менің сұрасаң» өлеңі
|
2
|
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
|
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі
|
3
|
Қазақтың жер-мұрасы
|
Мұрат Мөңкеұлы «Қазақтың жер-мұрасы» өлеңі
|
4
|
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
|
Дулат Бабатайұлы «Ақындық туралы» толғау
|
5
|
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жейберер,
Алды-артына қарамас.
|
Дулат Бабатайұлы «Бараққа» өлеңі
|
6
|
Байды құдай атқаны
|
Шортанбай Қанайұлы "Байды құдай атқаны"
|
7
|
«Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны»,
|
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі
|
8
|
Шығармалардың негізгі идеясы:
Отаршылыдық кезеңді өлеңмен жеткізу. Қазақтың бай шонжарларының патша өкіметіне қызмет етуін сынау, отаршылдыққа қарсы көзқарасын білдіру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |