Сондай скриптілік тілдің бірі JavaScript.
JavaScript – бұл қарапайым объектілі-бейімделген тіл, ол Internet үшін
клиенттік
және серверлік қосымшаларды құру үшін арналған. JavaScript тілінде жазылған
бағдарламалар HTML-құжаттарының құрамына кіреді және солармен бірге тарайды.
Netscape Navigator және Ms Internet Explorer типті көру программалары (яғни, браузерлер)
құжаттың мәтініне енгізілген кірістірілген программаларды (Script-кодтар) таниды және
оларды орындайды.
JavaScript тілінде программаларды құру үшін JavaScript-ті
тілін қолдайтын сәйкес
версиялы браузер және HTML-құжаттарын құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор
қажет. JavaScript программасы HTML-құжатының мәтініне кірістірілген болғандықтан, сіз
өз жұмыстарыныздың нәтижесін, құжатты браузермен көрген
уақытта көре аласыз және
қажет жағдайда өзгертулер енгізе аласыз.
Скриптілік тілдер көбінесе мыналар үшін қолданылады:
● браузердің
статустық
жолындағы
сұхбаттық
тақталарды
және
хабарламаларды бейнелеу үшін;
● жүктелу уақытында беттің құрамын динамикалық түрде құру;
● беттің құрамын өзгерту;
● пайдаланушы
көретін ақпаратты өзгерту;
● басқа беттер бойынша навигация;
● Web-бетке
Java–апплет
және
Active
X
элементтері
сияқты кірістірілген объектілерді басқару.
Достарыңызбен бөлісу: