Оқытушы әзірлеген бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар мен бағалау
критерийлері Platonus ААЖ-ндегі жеке кабинет арқылы студенттердің назарына
жеткізіледі
**СӨЖ (үй жұмысы) тапсырылатын және электронды журналға баға қойылатын
апталарға көрсетіледі. Алайда, тапсырма алдын-ала беріледі. Оқытушы әзірлеген үй
тапсырмасының түрлерін орындауға қойылатын талаптар мен бағалау критерийлері
Platonus ААЖ-ндегі жеке кабинет арқылы студенттердің назарына жеткізіледі
11. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
№
Автор, атауы, шыққан жылы
Ақпарат көзі
Бары (дана)
Негізгі әдебиет
3
Ескермесұлы Ә., Илубаев М.А. Web
– Web бағдарламалау пәнінен
тәжірибелік жұмыстар: оқу-
әдістемелік нұсқаулық.
Арқалық: АрқМПИ,
2018.
Электронды нұсқада
4
Ескермесұлы Ә.
Web бағдарламалау негіздері.
Оқу құралы.
Арқалық: АрқМПИ,
2020.
Электронды нұсқада
Қосымша әдебиет
1
Т.Б.Нұрпеисова,
И.Н.Кайдаш
«Қазіргі
сандық
әлемдегі
информатика» ,.
2
2
Веллинг Л., Томсон Л.
Разработка веб-приложений с
помощью PHP и MySQL, 5-е изд.
СПб.: ООО
«Диалектика», 2019.
3
3
Т.Б.Нұрпеисова,
И.Н.Кайдаш
«Информационно-
коммуникационные технологии»
Алматы, 2017
2
12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі:
1. Әр қатысқан сабақ 100 балмен, қатыспаған сабақ – 0 балмен бағаланады. Орташа
арифметикалық шамасы студенттің сабаққа қатысуының көрсеткіші болып табылады (Қ).
2. Сабақта танытқан белсенділігіне қарай әр практикалық/зертханалық/студиялық* сабақ
максималды 100 балмен бағаланады. Сонымен қатар, семестрде пән бойынша кемінде 2 (екі)
бақылау жұмысы өткізіледі, олардың әрқайсысы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа
арифметикалық шамасы студенттің практикалық/зертханалық/студиялық* сабаққа қатысу
көрсеткіші болып табылады (П/З/С*).
3. СӨЖ (үй жұмысы) орындалуы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа
арифметикалық шамасы студенттің өзіндік жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады
(СӨЖ).
Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингі (Р
орт
) мынадай формула
бойынша есептеледі:
50 балдан төмен рейтингі жинаған студент пән бойынша қорытынды бақылауға
(емтиханға) жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезінде
жүргізіледі. Емтихан жауабы ең жоғары 100 балмен бағаланады.
Қорытынды баға мына формуламен есептеледі:
ҚБ = Р
орт
∙0,6 + Е 0,4
* Қажет емесін алып тастау керек
Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік
жүйедегі
баға
Балдың
цифрлік
эквиваленті
Пайыздық
мәні
Дәстүрлі
жүйедегі баға
Бағалау критерийлері*
А
4,0
95-100
өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
жақсы
В
3,00
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
2,00
65-69
қанағаттанар-
лық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,00
50-54
F
0,5
25-49
қанағаттан-
ғысыз
FX
0
0-24
* Әр пән бойынша б ағалау критерийлері әзірленеді
13.1 1-7 апталардың сұрақтары
1. Ақпаратты үлестірілген өңдеу жүйелерінің архитектуралық құрылымының нұсқалары.
2. Ақпаратты үлестірілген өңдеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
3. Есептеу жүйелерінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуінің логикалық қабаттары.
4. Ақпаратты үлестірілген өңдеуді жүзеге асыру механизмдеріне шолу.
5. Процедураларды қашықтықтан шақыру механизмінің базасында ақпаратты үлестірілген
өңдеу.
6. Транзакциялық өзара іс-қимыл негізінде ақпаратты үлестірілген өңдеуді іске асыру.
7. Web-технологиялар негізінде ақпаратты үлестірілген өңдеуді ұйымдастыру.
8. Интернет желісіндегі қосымшаларды интеграциялау ерекшеліктері.
9. WSDL желілік қызметтерін сипаттау тілі.
10. Желілік қызметтерді тіркеу мәселелері.
11. Желілік қызметтердің жұмысын үйлестіру.
12. Grid-технология концепциялары.
13. Метакомпьютинг және "торлы" есептеулердің негізгі ұғымдары.
14. Интернет, WorldWideWeb (WWW) және "Web стандарттарының" пайда болу тарихы.
15. RFC нормативтік құжаттары.
16. TCP / IP протоколдарының стегі.
17. Байланыс орнатылған және орнатылмаған ақпараттық алмасу.
18. 4 және 6 нұсқаларының IP-хаттамаларының ерекшеліктері.IP-туннельдер.
19. Шолғыштарды шолу.
20. Web клиент-серверлік технологиялар.
21. HTTP хаттамасы. HTTP деректер беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
22. Клиент-машинада орындалатын бағдарламалар. Серверде орындалатын бағдарламалар.
23. Серверлік web-қосымшалар.
24. Web-сервистер.
25. Web-сайтты жоспарлау. Web-сайтты жоспарлаудың бастапқы кезеңдері.
26. Ақпараттық архитектура немесе Information Architecture.
27. Web-беттер элементтері. Басты бет. Навигация құралдары.
28. Сайт элементтері. Тақырыптары.
29. Композициялық принциптер, заңдар, құралдар. Формат, оның мәні және қасиеттері.
30. Композициялық схемалар. Бейнелік, формальды, графикалық ойлау түсінігі.
31. Графикалық ассоциация түсінігі. Тоналды ұйымдастыру. Композициялық орталық.
32. Доминанта.
Түр (қасиеттері, салмағы, бейнелеу құралдары). Стильдеу және
трансформация.
33. Жазықтықтағы қозғалыс. Модуль. Алтын қимасы.
34. Модульдік торлар, оларды дизайнда қолдану.
35. Берілген тақырыптарға композицияны құру мысалдары.
36. Веб – сайт дизайнын кезең-кезеңмен жасау.
37. Әрбір бетке немесе сайт беттерінің тобына арналған жеке дизайн.
38. Гипермәтіндік ақпараттық жүйелерді құру принциптері.
39. Internet ғаламдық компьютерлік желі сайттарын құрудағы HTML гипермәтіндік белгілеу
тілінің рөлі.
40. HTML-құжат құрылымы және құжат тақырыбын белгілеу элементтері.
41. HTML-құжаттың типтік құрылымы және оның тақырыбының мазмұны.
42. Белгілеу элементтерінің мазмұны.
43. Құжат денесінің контейнерлері.
44. HTML-құжаттың денесін белгілеу элементтері.
45. Типизация, тағайындау және қолдану.
46. Тізімдер. Гиперсілтемелер және зәкірлер.
47. Зәкірлер мен гиперсілтемелердің ерекшелігі.
48. Құжаттардың өзара байланысы: LINK элементі.
49. Алға және артқа гиперсілтемелер. Гиперсілтемелер және іздеу машиналары.
50. Жол ақпараты: base элементі.
51. Графика. HTML-белгілеуде графикалық бейнелерді қолдану принциптері.
52. HTML кестелері. HTML-белгілеуде кестелерді қолдану принциптері.
53. Мәтінді кестелік ұйымдастыру. Кестелік координаттық тор.
54. CSS тағайындау және қолдану.
55. CSS негізгі ұғымдары, олардың тағайындалуы, анықталуы және HTML - құжатты пішімдеу
кезінде қолданылуы.
56. Блок және жол элементтері.
57. Сипаттама, пішімдеу және қасиеттері. Түсі және қарпі.
58. Мәтін көрсетілетін түстерді және мәтінді және аяды бейнелеуді басқару.
59. Қаріп гарнитураларын пайдалану.
60. Мәтін және тізімдер.
61. Мәтін фрагменттерінің қасиеттері: әріпаралық қашықтықтар, жолдардың биіктігі, теңдеу,
параграфтың бірінші жолында шегініс, сызба түрлендірулері.
13.2 8-15 апталардың сұрақтары
1. JavaScript
тілі,
оның
қысқаша
тарихы,
скриптілік
тілдердің
тағайындалуы.
2. Java Script тілінің мүмкіндіктері.
3. JavaScript. Негізгі деректер типі. Айнымалылар.
4. JavaScript. Құжаттың құрылымы.
5. JavaScript. Ақпаратты шығару
6. JavaScript. Деректер типі. Операторлар.
7. JavaScript. Тармақталу операторлары.
8. JavaScript. Циклдік операторлар.
9. JavaScript. Циклдардың орындалуын үзу (тоқтату, кідірту) операторлары.
10. JavaScript. Жолдық амалдар.
11. JavaScript. Функциялар.
12. JavaScript. Global классы.
13. JavaScript. Math классы.
14. JavaScript. Date классы.
15. JavaScript. Window классы.
16. JavaScript. Фреймдер коллекциясы (window. Frames).
17. JavaScript. Document классы (window. document ).
18. JavaScript. Location классы (window. location ).
19. JavaScript. Link классы (window. link).
20. JavaScript. History классы.
21. JavaScript. MimeType классы.
22. JavaScript. Navigator классы.
23. PHP-ға кіріспе. PHP тілінің тарихы.
24. РНР мүмкіндіктері (PHP қолдайтын платформалардың, хаттамалардың, деректер қорының,
электрондық коммерция Қосымшаларының және функциялардың қысқаша тізімі).
25. PHP жұмыс істеу үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы орнату және баптау.
26. PHP негізгі синтаксисі.
27. PHP: Шартты оператор (if, switch).
28. PHP: Циклдар (while, for, fo reach).
29. PHP: Қосу операторлары (include, require).
30. HTML-формалардан деректерді алу механизмі және оларды PHP көмегімен өңдеу.
31. PHP функциялары. Функцияның түсінігі. Пайдаланушы анықтайтын функциялар.
32. Деректер қоры: негізгі ұғымдар.
33. SQL сұрау тілі: жолды таңдау, қосу, өзгерту және жою операциялары, сондай-ақ кестені
жасау, өзгерту және жою операциялары.
34. MySQL деректер қоры.
35. MySQL деректер базасымен өзара әрекеттесу үшін PhpMyAdmin пайдалану.
36. Деректер базасымен байланысты орнату, сұраныстарды жіберу және жауаптарды өңдеу
(mysql_connect, mysql_query, mysql_result).
37. Сессиялардың көмегімен қол жеткізуді авторландыру.
38. Желіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы мақсаттар үшін сессия механизмін
пайдалану.
39. Сессияларды бастау, пайдаланушы идентификаторын беру, ауыспалы сессияны тіркеу,
сессияны жою.
40. PHP файлдарында сессияларды теңшеу. ini, httpd .conf,. htaccess.
41. Тұрақты өрнектер, PHP тілінде тұрақты өрнектердің механизмін жүзеге асыру, олардың
синтаксисі және семантикасы.
14. Глоссарий
⮚ CGI (Common Gateway Interface) – серверде жұмыс істеген кезде web-беттердің
мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін бағдарламалардың жалпы атауы. Мысалы, бұл
бағдарламаларсыз интерактивті web-беттерді құруға болмайды.
⮚ CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML, XHTML және т.б.
белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл болып
есептеледі.
⮚ GML – жалпы белгілеу тілі.
⮚ SGML – стандартты жалпы белгілеу тілі.
⮚ Web–парақ – жеке құрылған құжат.
⮚ Web-сайт – белгілі бір тақырыпқа арналған Web-парақтардың жиынтығы.
⮚ Web-сервер – Интернетке тұрақты қосылған, тораптар орналасқан, белгілі сұраныстар
бойынша Web-парақтарды тауып бере алатын компьютер.
⮚ World Wide Web – бүкіл дүниежүзілік өрмек.
⮚ WYSIWYG - (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны
аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен вебинтерфейстер сипаты болып саналады, онда
контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент
көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
⮚ HTML – гипермәтінді белгілеу тілі.
⮚ Name – сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында
бірыңғай болады.
⮚ Атрибут - элементтердің параметрі немесе қасиеті. Атрибуттар басты тегтің ішінде
орындалады және бір-бірімен пробел арқылы бөлінеді. Егер элемент мәтінді қамтыса, онда
атрибуттар қаріп түсін және өлшемін, мәтін абзацын түзетуді және т.б. бере алады.
⮚ Әмбебап кодтау (ағылшынша «generic coding») деп аталады.
⮚ Форматталған мәтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері.
⮚ Белгілеу (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі (marking up) сөз тіркесінен
туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді.
⮚ Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді.
Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі
жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен
емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
⮚ Браузер (Browser) - web-беттерді көру үшін арналған бағдарлама.
⮚ Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір
беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама.
⮚ Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер
арасындағы күрес.
⮚ Элемент – HTML тілінің конструкциясы кез-келген web-бет орналасқан элементтер
жиыны ретінде көрсетеді.
⮚ Элемент - бұл тегтердің жұбы және олардың арасында орналасқан символдық деректер
(мәтін немесе код).
⮚ Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни
екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін.
⮚ Гипермәтін - сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып,
сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудиовидеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы.
Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын
тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.
⮚ Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен
байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.
⮚ Навигация – ауысулар.
⮚ Сурет карта (англ. image map, кейде cенсорлы карта немесе графикалық карта) – HTML
белгілеу тілінің графикалық объектісі, ол суретпен байланысты және суретті басу арқылы
белгілі бір URL-ға сілтеме жасалатын арнайы аймақты білдіреді.
⮚ Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат
ішіндегі басқа бір элементке (мәтін, тақырып, сурет және т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін
гипермәтінді құжаттың бір бөлігі.
⮚ Тег (tag) – HTML тіліндегі командалар, элементтің бастапқы немесе соңғы маркерлері.
Тегтер элементтер қадамының шекарасын анықтайды және элементтерді бір-бірінен айырады.
Веб-бет мәтініндегі элементтер бұрыштық жақшаларға (< >) алынады, ал соңғы тег қиғаш
сызықпен белгіленеді. Тегтерді бас әріптермен де, кішкентай әріптермен де теруге болады.
Мысалы, <Бастапқы тег> элемент мазмұны, элементті форматтайтын деректер соңғы тег>.
⮚ Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.
⮚ Фрейм (Frame) – бұл ұғымның екі мәні бар: 1) Өз айналым жолақтары бар құжаттың
ауданы; 2) Анимациялық графикалық файлдағы жалғыз бейне (кадр).
⮚ Апплет (Applet) – клиент компьютеріне бөлек файл түрінде берілетін және web-бетті
қараған кезде жүктелетін бағдарлама.
⮚ Скрипт немесе сценарий (Script) - web-бет құрамына енген және оның мүмкіндіктерін
кеңейту үшін арналған бағдарлама.
|