Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы « 1» шілдедегі
№ 299-ө-м бұйрығымен
бекітілген
Салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде кадрларға қажеттілікті айқындау әдістемесі
I. Жалпы ережелер
1. Осы Салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде кадрларға қажеттілікті айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) кадрларға қажеттілікті айқындау және бесжылдық кезеңге білікті кадрларға қажеттілікті стратегиялық болжамдау тетігін қалыптастыру бойынша ұсынымдарды қамтиды.
2. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен белгілер:
еңбек ресурстары – еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық және заңнамада белгіленген экономикалық белсенділіктің жас аралығының төмен немесе жоғары шегінде тұрған жұмыс істейтін адамдар;
еңбек ресурстарының теңгерімі – еңбек ресурстарының арақатынасын сипаттайтын деректер жиынтығы және оларды бөлу әрі пайдалану. Еңбек ресурстарының теңгерімі қызметкерлерге қажеттілік пен артықшылықты айқындауға мүмкіндік береді;
еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық – І және ІІ топтағы жұмыс істемейтін мүгедектерді және жеңілдікті шарттармен жасына байланысты зейнетақы алатын адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті жастағы адамдар (ерлер 16-дан 63 жасқа дейін және әйелдер 16-дан 58 жасқа дейін);
жұмыспен айналысатын (жұмыс істейтін) халық – бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай:
а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер»;
б) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарына жатқызыла алатын тиісті жастағы барлық адамдар.
Зерттеу жүргізілген аптада демалыста (еңбек, жалақысы сақталмайтын, жүктілігі және бала күтімі бойынша демалыста) болған немесе сырқаттанып қалған адамдар да жұмыспен айналысатындар деп есептеледі, яғни өз жұмысында ресми бекітілген.
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – айлықақы, сыйлықақы, үстемеақы және тағы сол сияқты немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) көзделген жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар;
Өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлігі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылу.
Жұмыссыздар – экономикалық тұрғыдан белсенді халықты есептеу үшін үш негізгі өлшемшарттар бойынша:
1) жұмыссыз болған (табыс алатын жұмыспен айналыспаған);
2) жұмыс іздеумен белсенді айналысатын;
3) белгілі бір уақыт кезең ішінде жұмысқа кірісуге дайын белгіленген жастағы адамдар;
өндіріс көлемі – өнеркәсіптік өндірістің көлемі және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі және/немесе көрсетілген қызметтердің құндық мәндегі көлемі.
тұрақты халықтың саны – уақыттың осы сәтінде аталған аумақта тұрып жатқан адамдар.
өңір аумағындағы еңбекші көшіп-қонушылар қатарына мыналар жатады:
шетелдік еңбекші көшіп-қонушылар – Қазақстан Республикасы өңірінің аумағына жұмыс істеу үшін келген және өңір шегінен тыс жерлерде тұрақты тіркелген адамдар;
ішкі еңбекші эмигранттар – басқа мемлекеттерде немесе Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жұмыс істеу мақсатымен осы өңірден кеткен адамдар. Еңбекші көшіп-қонушылардың сальдосы еңбекші көшіп келушілер мен еңбекші көшіп кетушілер қатарының айырмасы ретінде айқындалады;
өңірдегі еңбекші көшіп-қонушылардың сальдосы – ішкі (өңіраралық) және сыртқы еңбек көші-қонын ескере отырып, еңбек көші-қонының сальдосын көрсетеді;
халықтың номиналды ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға жұмсалатын ақшалай қаражаты. Олардың үлесі халықтың ақшалай табыстарын және әлеуметтік трансферттер төлемін бағалауды қамтиды.
нақты ақшалай табыстары – тұтынушылық бағалардың өзгеруі ескерілген ақшалай табыстар.
индекс-дефлятор – ағымдағы кезеңдегі бағалармен есептелген экономикалық көрсеткіштердің тұрақты бағаларына аудару үшін қолданылатын коэффициент.
еңбек өнімділігі – осы қызмет түріндегі кәсіпорында бір жұмыспен қамтылғанға келетін сала өндірісінің (экономикалық қызмет түрінің) көлемі;
өңір – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана.
акцептор өңір – донор деп аталатын басқа объектіден бірдеңе алатын өңір.
донор өңір – акцептор деп аталатын басқа объектіден бірдеңе алатын өңір.
ретроспективті (тарихи) кезең – еңбек нарығы мен экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштерінің осы бөлімінде көрсетілген мәндер айқындалған алдыңғы болжамның уақытша кезеңі;
болжамды кезең – кадрларға деген қажеттілік болжамдау жүзеге асырылатын уақытша кезең;
t – кадрларға деген қажеттілікті есептеу жүзеге асырылатын болжамды кезең жылы;
j – өңір экономикасының өңірі (экономикалық қызметтік түрі);
i – МСКЗ-80 (ISCO) сыныптағышына сәйкес жұмыстардың ірілендірілген тобы.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2014 жылдан бастап Еңбек ресурстарының теңгеріміне (бұдан әрі – ЕНТ) негізделген еңбек нарығын дамытудың бесжылдық болжамдарын әзірлейді.
Болжам экономикалық қызмет түрлері бойынша әзірленеді және мынадай
негізгі көрсеткіштерді қамтиды:
еңбек ресурстарының жалпы саны;
еңбекке қабілетті халықтың саны;
шетелдік еңбекші көшіп-қонушылардың саны;
экономикалық қызмет түрлері бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны;
жұмыссыз азаматтардың саны.
4. ЕНТ екі бөлімнен тұрады: ресурстық және таратқыш.
Ресурстық бөлімде еңбек ресурстары және оларды қалыптастыру көздері сипатталады: еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық және еңбекке қабілетті жастан тысқары жастағы жұмыс істейтін адамдар (зейнеткерлік жастағы адамдар мен жасөспірімдер).
Таратқыш бөлімде еңбек ресурстары, еңбекке қабілетті жастағы оқитындарды, өндірістен қол үзіп оқытылатындары жеке көрсетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді және экономикалық тұрғыдан белсенді емес халыққа (экономикалық қызметпен айналысушылар және жұмыссыздар) бөлінеді.
Жұмыспен қамтылған халық экономикалық қызмет түрлері және жеке меншік нысандары бойынша бөлінеді.
2. Салалар бөлінісінде білікті кадрларға өңірлік қажеттілікті
болжамдау
5. Экономиканың кадрларға деген қажеттілігін айқындау мақсатында ҚР ОКЭД ГК 03-2007 сыныптағышында бөлінген экономикалық қызметтің барлық түрі әрбір қызметте жұмыспен қамтылуды айқындайтын негізгі факторларға қарай 3 санатқа бөлінген:
1) жұмыспен қамту өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігіне тәуелді 1-санаттағы қызмет түрлері:
ауыл, орман және балық шаруашылығы;
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
өңдеу өнеркәсібі;
электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың таратылуын бақылау;
құрылыс;
көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу;
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
ақпарат және байланыс;
көлік және жинақтау
тұру және тамақтану бойынша қызметтер;
шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер;
2) жұмыспен қамту халықтың санына және /немесе халықтың белгілі тобының санына тәуелді 2-санаттағы қызмет түрлері :
білім беру;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;
3) жұмыспен қамту халықтың әл-ауқат деңгейіне тәуелді 3-санатағы қызмет түрі:
қаржы және сақтандыру қызметі;
үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі;
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
өзге де қызметтер түрлерін ұсыну.
6. 1-санатағы экономикалық қызмет түрлері бойынша болжамды кезеңнің әр жылындағы кадрларға қажеттілік қызметтің әр түрі бойынша өндірістің қажетті көлеміне байланысты және мынадай арақатынастан айқындалады:
|
(1)
|
мұнда, – жылына сала бойынша кадрларға деген қажеттілік
– тұрақты бағаларда жылына сала бойынша өндіріс көлемі;
– жылына еңбектің болжамды өнімділігі.
Бұл ретте базалық кезеңнің тұрақты бағаларындағы өндіріс көлемі мынадай арақатынастан айқындалады:
|
(2)
|
мұнда, – ағымдағы бағаларда жылына сала бойынша өндіріс көлемі;
– базалық кезеңге жылына сала бойынша индекс-дефлятор.
Болжамды кезеңде еңбек өнімділігі төменде берілген экономикалық-математикалық үлгінің көмегімен өндіріс тиімділігін дамытудың және өзгертудің нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, ретроспективті кезең деректері бойынша еңбек өнімділігін өзгерту үрдісі негізінде айқындалады:
|
(3)
|
мұнда, – ретроспективті кезеңде сала бойынша еңбек өнімділігі;
– сала бойынша еңбек өнімділігінің өзгеруінің нысаналы көрсеткіштері;
– үлгінің функционалдық нысаны корреляциялық-регрессиялық талдау негізінде айқындалады;
|
(4)
|
мұнда, – ретроспективті кезеңде сала бойынша еңбек өнімділігі;
– ретроспективті кезеңде сала бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны.
7. 2-санаттағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны халықтың санымен және/немесе халықтың жекелеген топтарының санымен және ретроспективті деректер негізінде сәйкестендірілген мынадай экономикалық-математикалық үлгіде айқындалады:
|
(5)
|
мұнда, – халықтың саны (жалпы / - сол топтың халқы (экономикалық тұрғыдан белсенді / еңбекке қабілетті жастағы халық және өзгелер);
– ретроспективті кезеңде сала бойынша кадрларға деген қажеттілік.
– үлгінің функционалдық нысаны корреляциялық-регрессиялық талдау негізінде айқындалады;
8. 3-санаттағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны халықтың әл-ауқатының деңгейімен айқындалады. Халықтың табыс деңгейі соңғының индикаторы болып табылады.
Жұмыспен қамтылғандардың халықтың әл-ауқатының деңгейіне тәуелділігі ретроспективті деректер негізінде сәйкестендірілген мынадай экономикалық-математикалық үлгіде айқындалады:
|
(6)
|
мұнда, – халықтың базалық кезеңнің тұрақты бағаларындағы табысының деңгейі;
|
(7)
|
мұнда, – халықтың ағымдағы бағалардағы табыс деңгейі;
–халық табысының индекс-дефляторы.
9. Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған қажеттілікті (қызметтің жекелеген түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, келтірілген алгоритмге сәйкес) айқындағаннан кейін алынған бағалар МСКЗ-08 (ISCO) сыныптағышының жұмыстарының топтары бойынша нақтыланады.
Нақтылау ретроспективті кезеңнің деректері негізінде есептелген экономикалық қызметтің әр түрінде (ЭҚТ) жұмыспен қамтылған кәсіптік-біліктілік құрамның құрылымдық коэффициенттері бойынша төмендегі арақатынас негізінде жүргізіледі:
|
(8)
|
мұнда, – экономикалық қызмет түрінің кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыспен қамтылған кәсіптер мамандарының / жұмыс топтарының саны ;
– экономикалық қызмет түрінің кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны.
Құрылымдық коэффициенттердің ретроспективті кезеңінде есептелген серпінді талдау негізінде жұмыспен қамтылғандарды кәсіптік-біліктілік топтар бойынша жекелеген қызмет түрінде бөлу корреляциялық-регрессиялық талдау әдістерін, экстраполяция әдістерін, сондай-ақ жекелеген ЭҚТ жұмыспен қамтылған білікті құрылымды өзгертудің нысаналы бағдарламасын пайдаланумен болжамды кезеңде құрылымдық коэффициенттер айқындалады.
Әрбір ЭҚТ бойынша кәсіптік-біліктік топтар бойынша жұмыспен қамтылғандарды бөлудің есептелген коэффициенттері негізінде әрбір ЭҚТ бойынша жекелеген кәсіптік-біліктілік топтар бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны айқындалады:
|
(9)
|
10. кәсіптік-біліктілік тобы бойынша жұмыспен қамтылғандардың жалпы қажеттілігі экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша тиісті қажеттілікті жинақтаумен айқындалады:
|
(10)
|
11. Болжамды кезеңнің әр жылына кадрларға қосымша қажеттілік болжамды кезеңнің осы және алдыңғы жылдарына кадрларға қажеттіліктің айырмасы ретінде айқындалады:
|
(11)
|
мұнда , – кәсіптік-біліктілік топтың білікті кадрларға қажеттілігі және / немесе экономикалық қызмет түрі тиісінше мен болжамды кезең жылдары. болған кезде болжамды кезең жылы – ретроспективті кезеңнің соңғы жылы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сценарийі кезінде еңбек нарығының күтілетін жағдайын талдаудың жинақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету, өңірлік еңбек нарының теңгерімі мен шиеленісу деңгейін (оның ішінде жекелеген кәсіптік-біліктілік топтар бойынша) айқындау мақсатында еңбек ресурстарының болжамды ағынын айқындау қажет.
Еңбек ресурстарының ағымын болжамдау алгоритмі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) өңіраралық және сыртқы көші-қонды ескере отырып, 15-24 жас аралығындағы адамдар санының демографиялық болжамы негізінде болжамды кезеңнің әр жылына барлық сатыда және бағыттарда даярланатын оқушылардың санын айқындау;
2) оқу бітірушілердің үлесін ескере отырып, даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша оқушылардың саны туралы деректер негізінде оқуды бітірудің тиісті кезеңінде даярлау бағыттары бойынша бітірушілердің саны айқындалады;
3) мамандықтар (жұмыстар топтары) бойынша даярлаудың жекелеген бағыттарын бітірушілерін бөлу (жұмысқа орналастыру) туралы ретроспективті деректерде мамандықтар және кәсіптік топтар бойынша оқытудың барлық деңгейлері мен бағыттарының бітірушілерін бөлу айқындалады;
4) әрбір мамандық/кәсіптік топ бойынша алынған ағынды бағалау әрбір бітіру кезеңі үшін білім берудің барлық деңгейлер бойынша қосылады, қорытындысында әрбір мамандық бойынша күтілетін ағынның бағасы қалыптасады;
5) кәсіптер / мамандықтар бойынша даярлаудың жекелеген бағыттарының бітірушілерін бөлудің құрылымдық коэффициентін айқындау кезінде жекелеген бағыт ретінде көшіп кету (оның ішінде еңбек ету үшін) ескеріледі. Сондай-ақ басқа өңірлерден және елдерден еңбек ресурстарының ағыны ескеріледі (халықтың жасына байланысты, кәсіптер және еңбекші көшіп қонушыларды жұмысқа орналастыру көрсеткіштері бойынша көшіп келуі (оның ішінде еңбек ету үшін) туралы ретроспективті деректер негізінде айқындалады).
13. Еңбек нарығы ағынының жұмыс орындарының оңтайлы санымен салыстыру бойынша артықшылық көлемі өңірдің еңбек нарығындағы шиеленісу индикаторы болып табылады. Білікті кадрларға жалпы қажеттілігімен салыстырғанда еңбек ресурстары ағынының айтарлықтай басым болуы еңбек нарығындағы жоғары және тұрақты шиеленісушілікті көрсетеді.
14. Кадрларға қажеттілікті болжамдауды жұмыс берушілердің бағалаулары негізінде жүргізу қажет, бұл өңірлер, салалар және республика бойынша жалпы еңбек ресурстарына қажеттілік болжамдарын жасау кезінде шағын деңгейде еңбек ресурстарына сұранысты қалыптастырудың ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді.
Болжамдау меншік нысанына қарамастан ірі, орта және шағын кәсіпорындардан жиналған бесжылдық кезеңге кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде жұмысшылар мен мамандарға перспективалық қажеттілік туралы мәліметтерге негізделеді. Кадрларға болжамды қажеттілік туралы мәліметтерді жинау осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілген мәліметтерді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті (аудандық, қалалық) органдар жыл сайын қаңтардың 25-іне қағаз және электрондық нысанда жинайды және аудандық әрі өңірлік Жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
15. Өңірлерді жұмыспен қамту картасы ортамерзімдік кезеңге бір жағынан өңірлерде іске асырылатын барлық жобалардағы кадрларға қажеттілік туралы (Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИД МБ), Бизнестің 2020 жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, моноқалаларды дамыту, Ақбұлақ, Саламатты Қазақстан, Балапан, Қолжетімді тұрғын ұй 2020, ТҮКШ жаңғыртудың бағдарламасы және басқалар), екінші жағынан еңбек ресурстарының көздері (білім беру ұйымдарының бітірушілері, көшіп-қонушылар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, әскерден оралғандар, жұмыстан босатылғандар) туралы мәліметтерді қамтиды.
Жұмыспен қамту картасы бойынша өңірлік еңбек нарығында еңбек ресурстарына күтілетін қосымша сұранысты салыстыру арқылы еңбек ресурстарының теңгерімін айқындайды.
Салыстыру өңірлік еңбек нарығында қызметкерлердің негізгі санаттары бойынша еңбек ресурстарына тапшылықты немесе артықшылықты белгілеуге мүмкіндік береді.
16. ҮИИДМБ, басқа да мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылады.
Осыған байланысты:
а) ҮИИДМБ-ға, басқа бағдарламаларға қатысуға өтінім берген кезде құрылыс және пайдалану кезеңінде мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік туралы толық ақпаратты сұрату;
Б) ҮИИДМБ, салалар және өңірлер бөлінісіндегі басқа бағдарламалардың жаңа жобалары бойынша кадрларға қажеттіліктің болжамын, оның ішінде басқа салаларға мультипликативті әсермен әзірлеу ұсынылады.
17. Жергілікті атқарушы орган (аудандық, қалалық) кәсіпорындардан алынған мәліметтерді ауданнан мәліметтерді жинау аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қарайды, аяқтау барысында кәсіпорындардан мәлімделген жоспарлар бойынша мәліметтер мен растайтын материалдарды сұрата алады.
Жергілікті атқарушы органдар (қаланың, ауданның) ауданның, қаланың кадрларға қажеттілігі туралы мәліметті жергілікті атқарушы органдарға (облыстық, Астана және Алматы қалаларының) жыл сайын наурыздың 15-іне дейін қағаз және электрондық форматта (Excel) ұсынады.
18. Жергілікті атқарушы органдар (облыстық, Астана және Алматы қалаларының) аудандардан, қалалардан алынған мәліметтерді өңірде мәліметтер жинау аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қарайды, аяқтау барысында аудандық жұмыспен қамту органдарынан нақтылайтын мәліметтер мен растайтын материалдар сұрата алады.
19. Министрлік жергілікті атқарушы органдардан (облыстық, Астана және Алматы қалаларының) алған мәліметтерді жинау аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қарайды, аяқтау бойынша өңірлік жұмыспен қамту органдарынан мәлімделген жоспарлар бойынша нақтылайтын мәліметтер мен растайтын материалдарды сұрата алады.
20. Министрліктің «Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы Әдістеме негізінде жыл сайын іске асырылатын және іске асыруға жоспарланатын жобалар мен өндірістерді ескере отырып, ұзақмерзімді перспективаға республика бойынша кадрларға қажеттілік туралы жиынтықты ақпаратты қалыптастырады.
Министрлік есепті кезеңнің 15 мамырына дейінгі мерзімге нақтылаушы материалдарды ескере отырып жергілікті атқарушы органдардан алынған мәліметтер негізінде республиканың Жұмыспен картасын қалыптастырады.
Әдістеме жұмысы шеңберінде жүргізілген нәтижелер Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады және түрлі даярлау бағыттары мен сатылары бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін
____________________________________
Салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде кадрларға
қажеттілікті айқындау әдістемесіне
қосымша
Кадрларға болжамдық қажеттілік туралы мәліметтер
Ұйымдастырушының атауы / Наименование организации
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Мекенжайы / Адрес
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Электрондық почта мекенжайы / Адрес электронной почты
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Телефон
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Басшы \ Руководитель
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_______________________________________________________________________________________________________________________
|
|
( Аты-жөні, тегі, қолы, мөр \ ФИО, подпись, печать)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Орындаушының аты-жөні және телефоны ( Фамилия и телефоны исполнителя)
|
|
|
|
|
|
______________________________________________________________________________________________________
|
|
Қосымша бос жұмыс орындарды және қызметкерлердің саны, адам
|
|
|
|
Сведения о прогнозной потребности в работниках по профессиям, должностям человек
|
|
|
|
Р/с №
№ п/п
|
Қызмет түрінің коды Код вида деятельности
|
КМС сәйкес жұмыстар түрлерінің атауы
Наименование вида занятий в соответствии с ГКЗ
|
Қызметкерлерге деген болжамды қажеттілік
Прогнозная потребность в работниках
|
|
|
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
|
|
|
А
|
Б
|
В
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
Жұмыс орындарының санын кеңейтуге
На расширение числа рабочих мест
|
|
|
|
Нысаналы бағдарламалар бойынша
1. По целевым программам
|
|
|
|
1-бағдарлама
Программа 1
|
|
|
|
1
|
|
Кәсіп (лауазым)
Профессия (должность)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-бағдарлама
Программа 2
|
|
|
|
1
|
|
Кәсіп (лауазым)
Профессия (должность)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.Өзгелері
Прочее
|
|
|
|
1
|
|
Кәсіп (лауазым)
Профессия (должность)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыс орындарын алмастыруға
На замещение рабочих мест
|
|
|
|
1
|
|
Кәсіп (лауазым)
Профессия (должность)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Анықтама үшін: жұмыс орындарын жоспарлы жабу
Справочно: плановое закрытие рабочих мест
|
|
|
|
1
|
|
Кәсіп (лауазым)
Профессия (должность)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйымның пікіртерім сәтіндегі қызметкерлерінің жалпы саны__ адам
Общая численность работников организации на момент опроса __человек
|
|
Ескертпе:
Қызмет түрінің коды (Б бағаны) және кәсіптер мен лауазымдардың тізбесі (В бағаны) ҚР Мемлекеттік стандарты 1999 жылғы 16 қазанда бекіткен № 22 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына (МКС) сәйкес ұсынылады.
1-5-бағандарда жұмыс орындарын ашу мақсаттарын көрсете отырып, әр жылдағы болжамды жылы кәсіптер бөлінісінде қызметкерлерге деген күтілетін қажеттілік көрсетіледі (жұмыс орындарын кеңейту (оның ішінде дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламалары үшін) / персоналдың жұмыстан босауына байланысты жұмыс орындарын алмастыру).
Мәліметтер берген кезде жұмыс берушілер кадрларға ресми жарияланған қажеттілік құрамында өңірде іске асырылатын бағдарламалардың (оның ішінде, жекелеген бағдарламалар бойынша ) нысаналы көрсеткіштерінің қол жеткізілуін қамтамасыз ету және өндірісті кеңейтудің басқа да мақсаттары үшін қажетті қосымша жұмыс орындарының санын көрсетеді. Нысаналы бағдарламалар бөлінісінде аталған мәліметтерді «Жұмыс орындарының санын кеңейту» бөлімінің жолдары бойынша көрсетеді.
Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар бойынша кадрларға деген қажеттілікті бағалау дәлдігін арттыру үшін жұмыс берушілер кадрларға қажеттілікті, оның ішінде жобаны іске асырудың түрлі кезеңдеріндегі қажеттілікті толық көрсетуге тиіс. Атап айтқанда, жұмыс берушілер ҮИИДМБ жобаларын іске асыру үшін құрылыс және пайдалану кезеңдеріне мамандықтар бойынша кадрларға қажеттіліктің деңгейін көрсетуге тиіс.
«Жұмыс орындарын алмастыру» бөлімінің жолдары бойынша персоналдың қалыпты-жасына (зейнетке шығу, декреттік демалыс және т.б.) байланысты жұмыстан шыққандықтан тиісті жұмыс орындарын жоспары алмастыру туралы деректер көрсетіледі.
«Жұмыс орындарын жоспарлы жабу» бөлімінің жолдары бойынша кәсіпорындардың жұмыс орындарын қайта жабдықтауға, өндірісті қайта бейімдеуге және т.б. байланысты жұмыс орындарын жабу бойынша жоспарларының мазмұны көрсетіледі.
Күтілетін қажеттілікті айқындау үшін негізгі деректер кәсіпорындардың (ұйымдардың) қызметті кеңейту, жаңа жобаларды, республикалық және өңірлік нысаналы бағдарламаларын іске асыру бойынша жоспарлар болып табылады. Осылайша, түрлі себептер бойынша жұмыстан шыққандарды алмастыру үшін мамандықтарға қажеттілікті ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |