Салықжанов Р. С.,әлеуметтану кафедрасының доценті, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты



Дата08.07.2016
өлшемі47.83 Kb.
#185337
Салықжанов Р.С.,әлеуметтану кафедрасының доценті,

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
Әлеуметтану пәні бойынша студенттердің

білімін бағалау әдісі
Жоғарғы білім беру саласының сапалық деңгейін көтеру және ұдайы жетілтіріп отыру күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Жоғарғы оқу орындарының құрылымдық бөлімдері оқытушыларға осы тұрғыдан бар мүмкіншіліктерінше қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушыларға оқулық дайындау барысында көмек, онда жаңашылдық және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жолдарын үйретіп, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудегі көмектерін үзбей атқарып келеді. Соның бір дәлелі, өткізіліп жатқан университеттің кезекті ғылыми-практикалық конференциясы. Осы жиында білім сапасын жетілдірудегі өзіміздің әдістемелік тәжірбиемізді ортаға салуды жөн көрдік.

Студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру мен бағалауда көптеген әдістер қолданылады, олар студенттің күнделікті жұмысын бақылау, жеке сұрау, бақылау тапсырмаларын орындау, үй тапсырмасын тексеру т.б. Студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру мен бағалау оқу жыл бойы жүргізіліп, оқыту процесінің жүйелік, сабақтастық және беріктілік принциптеріне сай, білім берудің аса маңызды компонеті болып табылады. Сондықтан тексеру мен бағалаудың сан алуандығы осыған байланысты. Олардың ішінде негізгілері болып табылатындар:

- оқу сабақтарының барысында студенттің кезекті білімін тексеру және бағалау;

- межелік және семестрлік білім тексеру және бағалау;

- студенттің жылдық білімін тексеру және бағалау;

- ауысу мен бітірушілер емтихандары.

Студенттердің білім деңгейін объективті бағалау мәселесіне көптеген зерттеушілер назар аударып келеді. Бұл мәселе студент орындаған тапсырмалардың қиындығын анықтау (қиындық түсінігінің өзін формалды анықтау оңай емес), сонымен қатар кез-келген тапсырманы бағалауда кездейсоқ өлшемдер болуы, студенттің қосымша тапсырманы орындағанын бағалау және т.б. жағдайларға байланысты (1).

Студенттің ағымдағы жұмысын бағалап, межелік қортынды шығару және оның жалпы оқу үрдісіндегі жетістіктерін анықтау үшін бір пән, мамандық бойынша ортақ бағалу жүйесі қажет екені айдан анық.

Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарында ҚР МЖМБС 5.04.019-2008. Бакалавриат. Негізгі ережелер стандартына сай жалпы білім пәндері қатарында «Әлеуметтану» пәніне екі кредит (90 академиялық сағат) бөлінген. Ол дегеніміз кез келген маманды дайындау барысында «Әлеуметтану» пәнінің мағыздылығы мен аса қажеттілігі бар екенін көреміз.

Шын мәнінде қоғамдағы әлеуметтік процестер, әлеуметтік топтардың бір-бірімен арақатынасы, ұйым, топ, қауымдастық ерекшеліктері мен даму ағымдары, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтанулық зерттеулердің әдістері және де көптеген басқа да теориялық, тәжірибелік мәселелерді болашақ маманға әлеуметтану ғылымынан артық басқа білім жүйесі айтып жеткізе алмайды. Сондықтан «Әлеуметтану» студенттерге қоғамдық құбылыстар туралы жүйелі, нақтылы білім беретін өте қажетті пән деп біліуіміз орынды.

«Әлеуметтану» пәні барлық мамандықтарға оқылатындықтан, әр мамандықтың ерекшеліктерін ескеру оқытушыдан талап етіледі, бірақ та оқу жұмыс жоспарында күрделі айырмашылықтар орын алмайды. Дегенмен, студенттердің білім деңгейін бағалау бар мамандықтар бойынша ортақ болуы мүмкін деген оймен өз тәжірбиемізді айтқымыз келеді.

Әрине, нақтылы объективті бағалау математикалық статистиканың әдістерін қолдануды талап етеді. Өйткені, тек белгілі бір шкала бойынша бағалау студентке қойылған бағаның әділ екеніне негіз бола алады (2). Сондықтан біз бағалаудың бір шкаласын ұсынбақшымыз.

Бірнеше жыл бойы студенттердің білім деңгейін бағалау үшін біз келесі тәсілді қолданып келеміз. Бұл әдіс толық авторлық болған соң оны «РС әдісі» (Рамазан Саттарұлы әдісі) деп атағымыз келеді. Сонымен, пәнді оқыту бір семестр бойы жүргізіледі және екі межелік немесе аралық бақылау белгіленген. Әр бақылау нәтижесі бойынша студенттің білім деңгейі 50-100 пайыз аралығында белгіленуі тиіс. Сондықтан біз 15 сағат дәріс, 15 сағат тәжірбие, 30 сағат СОӨЖ және 30 сағат СӨЖ сабақтарына тиіселі балл-пайыз бөлдік. Мысалы, бірінші аралық бақылауға дейін студент 7 аптаның ішінде 7 дәріс сабағына қатысып, 7 тәжірбие сабағында баға алып, 14 СОӨЖ сабағында тапсырма орындап, 16 сағат СӨЖ игерді делік. Бұл жағдайда оның бірінші аралық бақылау бағасы 95 пайыз болады. Соның ішінде бірақ сабақ түрлеріне байланысты әр сабақ түрінің үлесі әр түрлі болады.

Мысалы, студенттің бір дәріс сабағына қатысқаны 1 балл/пайызға бағалаймыз, 1 тәжірбие сабағында ең көп дегенде 4 балл/пайыз алып 7 аптада жалпы 28 балл/пайыз ала алады, бір аптада 2 СОӨЖ сабағында тапсырма орындап ең көп дегенде 4 балл/пайыз алып 7 аптада 28 балл/пайыз ала алады, ең соңында 16 сағат СӨЖ бойынша 32 балл/пайыз ала алады. Сонда жалпы жиыны 95 пайыз/балл, қалған 5 пайыз/балл оқытушының шешімі бойынша қажетті болса студенттің кез келген жетістігін ынталандыру үшін қойылады. Ескертетін жайт, 1 межелік пен 2 межелік бақылуда 7 және 8 апта бойынша қортынды шығарылатын ескерсек, 1 межелік бақылауда 2 сағат СӨЖ артық болу керек.

Дәл осылай екінші межелік бақылауда студенттің білімін бағалаймыз. Соңында жалпы қортындыны шығару, ол бұрыннан қалыптасқан тәртіп бойынша атқарылады, тек 2 межелік бақылауда 8 апта екені және СӨЖ 2 сағаты кем екені ескеріледі. Сонда, екінші межелік бақылаудың қортындысы идеалды жағдайда келесідей болады. Дәрістер бойынша: 8 сағат * 1 балл тең 8 балл; тәжірбие бойынша: 8 сағат * 4 балл тең 32 балл; СОӨЖ бойынша: 16 сағат * 2 балл тең 32 балл; СӨЖ бойынша: 14 сағат * 2 балл тең 28 балл; жиыны 100 балл.

Ал тәжірбиелік және СОӨЖ сабақтарында студент ала алатын 4 және 2 балл/пайыз, сол сабақта белгіленген сұрақтарға байланысты. Егер бір тәжірбиелік сабақта 4 сұрақ болып, онда студент түгел 4 сұраққа өз дайындығын көрсетсе, немесе оқытушының соған көзі жетсе (қосымша тапсырмаларды орындап, сұрақтар қойып, жауап берсе), ондай жағдайда ол 4 балл/пайыз ала алады. Егер бір тақырып бойынша (1 сағатта) 4,3 немесе 2 сұрақ болса, онда студент дайын болған әр сұраққа тәжірбиелік сабақта 1; 1,3 немесе 2 балл/пайыз, ал СОӨЖ сабағында 0,5; 0,6 немесе 1 балл/пайыз ала алады.

СӨЖ бағалау әр тақырыпқа бөлінген сағат санына байланысты. Мысалы, бірінші семестрде 16, екінші семестрде 14 тақырып болса, онда бір тақырыпқа 2 сағат бөлінгені. Сәтті орындалған тақырып-тапсырманың ең жоғары бағасы 2 балдан артық болмауы керек.

Студенттің бір дәріске қатысқанын бағалау үшін 1 балл жеткілікті деп есептейміз. Біріншіден, студент дәріс сабағын бостапауға тырысады, екіншіден, бұл сабақ түрі де студенттен күш-қуатын жұмсап, одан ерік, жігерді жұмылдыруды талап етеді, сондықтан елеп-ескерліуі тиіс.



Сонымен студенттердің білім деңгейін сандық бағалаумен қатар, бұл «РС әдісі» теоретикалық білім мен қатар практикалық дағдылардың игерілуін, студенттердің өз бетімен тәжірбие жинауға ынталандыратын жол деп есептейміз. Алғашқы тәжірбиелердің бірі болғаннан кейін, өз жұмысымыздың кемшіліктрі жоқ деп айта алмамаймыз, сондықтан сын айтам деген әріптестерге тек риза боламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Нейман Ю.М. Как измерять учебные достижения? // Вопросы тестирования в образовании. - №1, 2001. – М. - С.42.

  2. Ахламов А.Г., Белоус Н.В. и др. Математические методы современной теории тестирования // Образование и виртуальность – 2002. Сборник научных трудов 5-й Международной конференции. – Харьков-Ялта: УАДО, 2002. - С.332.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет