Салыстырмалы кесте


«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі



бет2/16
Дата05.03.2024
өлшемі66.9 Kb.
#494288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
! - 07 ’

«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі




1.

1-тармақ

1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.

1. Осы Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін айқындайды.

Осы тармақтағы өзгерістер норманы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеге сәйкестендірумен байланысты.

2

2-тармақ

2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 223-VII ҚР Заңының қабылдануына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілеттіктерінің бөлінуіне байланысты
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.

3

2-1-тармақ

2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі.

2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының (бұдан әрі – Сыныптауыш) екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі. Егер Сыныптауышта екінші деңгей «басқа әлеуметтік ғылымдар» немесе «басқа технологиялар» деп көрсетілсе, онда ғылыми атақ Сыныптауыштың үшінші деңгейінде көрсетілген мамандық бойынша беріледі.

Нақтылау нормасы Ғылыми бағыттар сыныптауышында екінші деңгей «басқа ғылымдар» немесе «басқа технологиялар» деп көрсетілген жағдайлар үшін қажет

4.

3-тармақ

3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.

3. Уәкілетті орган


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет