Самболат посл дип docx



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Самболат посл дип docx



 
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Бастауыш сыныптарда табиғат лирикасын оқыту
арқылы эстетикалық тәрбие беру»
5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы бойынша


МАЗМҰНЫ 
1


КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Эстетикалық тәрбие және оның зерттелу жайы.....................................6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына табиғат лирикасы арқылы
эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері..................................................................19
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын
талаптар ....................................................................................................................30
2.2 Табиғат лирикасына жазылған шығармаларды оқытудың әдіс-
тәсілдері......................................................................................................................44
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................58
КІРІСПЕ
2


Диплом жұмысының өзектілігі: Жалпы адамзаттық тұрғыдан
қарағанда жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен
тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті
көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын
азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.
Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі
үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық
тәрбиенің алатын орны зор. Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір
көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркемөнер адамда
көтеріңкі рух туғызады, көңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен ерлікке
рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды және
айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркемөнер
әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады, эстетикалық тәрбиені
жүргізуде, әсіресе, көркемөнердің екі саласы – поэзия мен музыка арқылы
жүргізудің мәні ерекше.
Бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін
қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық,
эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. 
Республикадағы қабылданған ең маңызды құжаттар «Қазақстан
Республикасы Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасы Білім беру
стандарты» қазақ тәрбиесінің мәртебесін биіктетіп, білімнің құндылығын
арттырып, бағыт-бағдарын айқындады [1], [2].
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы
беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен эстетикалық талғамы ең алғаш
қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев
шығармаларында теория жүзінде талданды [3], [4], [5].
Қазіргі уақытта тұлғаның дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған болашақ ұрпақтың көркем білім алуы мен
эстетикалық тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу
мен мектептегі оқыту үдерісін толығымен қазіргі заман талаптарына сай берік
ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.
Аталған мәселенің түрлі аспектілерін зерттеумен айналысатын
қазақстандық ғалымдардың арасынан С.А. Ұзақбаеваның, М.Х.Балтабаевтың,
Ұ. Тәжібаеваның, С. Бәйібекова және т.б. еңбектерін атауға болады [6], [7], [8],
[9].
Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құрамдас бөлігі-көркемдікті сезіну,
көре білу сонымен қатар, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу болып
табылады. Бұған эстетиканың негізгі ұғымдарын меңгерту арқылы қол
жеткізуге болады. Ақындар әдемілік негізін әдетте тек табиғат әлемінен іздеген.
Әдемілік – жаратылыстың тылсым қасиеттеріне таңдана қарайтын адам жанына
сырттан даритын ізгілік нұры. Демек адам сезімінен тыс табиғат шын мәнісінде
эстетикалық сапаға ие бола алмайды, бұл үшін әр адам сұлулықты тани алуы
3


және бағалай білуі қажет. Бұл жөнінде З.Қабдолов былай дейді: «Нағыз пейзаж
– поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдауынан, сезіну-
түйсінулерінен, көңіл-күйінен тыс табиғат суреті –пейзаж жоқ» [10]. Олай
болса, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде табиғат лирикасына жазылған
шығармаларды оқытудың мәні зор.
Лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі
алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әртүрлі
ғылыми еңбектер жазылған.
Табиғат лирикасына жазылған шығармаларда табиғатты эстетикалық
тұрғыда тану мәселесі көтеріледі. Сұлулықты сезіне білген адам оны қастерлей
де біледі. Осы айтылғандардың барлығы табиғат лирикасына жазылған
туындыларды бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызды екендігін
көрсетеді.
Бастауыш сыныптарда туған өлке табиғатын аялау арқылы оқушының
көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
эстетикалық талғамдарын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі,
алайда бастауыш сынып оқушыларының табиғат лирикасы арқылы көркем
талғамын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие беру мәселелері әлі де арнайы
зерттелмеген күйінде қалып отыр. 
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру басты міндеттердің бірі болса да,
оның жүйелі, кешенді жүргізілмеуі арасындағы қарама-қайшылық біздің
зерттеудің мәселесін құрайды. Осы зерттеудің өзектілігі біздің қоғамды
түбегейлі қайта құрулардың қазіргі кезеңіндегі эстетикалық тәрбие ролінің
артуына байланысты болғандықтан да күшейе түседі; бастауыш сынып
оқушыларын лирикалық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру үдерісі
қоғамның қазіргі талаптарының шектерінде теорияда да, практикада да
жеткілікті түрде зерттелмегендігі «Бастауыш сыныптарда табиғат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет